Books
Books
Үш негіз және оның дәлелдері
Бұл кітапта мұсылманның үйренуі тиіс болған негізгі қағидалар: Алланы тану, Ислам дінін және Мұхаммед Пайғамбарды ﷺ тану мәселелері баяндалған. Онда Құран мен хадис дәлелдеріне сүйене отырып, осы қағидалардың иман мен ізгі амалды қалыптастырудағы маңыздылығы атап көрсетілген.
Бақытты өмірге жетелейтін тиімді жолдар
Шейх Абдуррахман ибн Насыр әс-Сағдидің « Бақытты өмірге жетелейтін тиімді жолдар» атты кітабы нағыз бақыттың себептерін терең иман тұрғысынан қарастырады. Ол оқырманды иман келтіру мен ізгі амал жасау, Алланы зікір ету, қанағатшылдық, нығметтер жайлы ойлану, жақсылық жасау, тәуекел ету, сабырлы болу және істерді дұрыс пайымдау арқылы жүрек тыныштығына бастайды. Көркем үлгіде жазылған бұл еңбек өмірдің құбылмалы жағдайларына қарамастан, тыныш, тұрақты әрі бақытты ғұмыр кешудің жол картасын оқырман назарына ұсынады.
Азаншы, имам, хатибке арналған ықшамдалған әрі пайдалы ғылыми шығарма және мешіт үкімдері
Бұл кітапта азан мен қамат, намазға имамдық ету, жұма хұтбасы және мешіт әдептерінің үкімдеріне жан-жақты шолу жасалған. Сондай-ақ, кітап азаншылардың, имамдардың және құтпашылардың міндеттерін талқылап, осы қызметтерді дұрыс атқару үшін оларға қатысты шариғи үкімдерді үйренудің маңыздылығын атап көрсетеді. Бұған қоса, кітапта осы үкімдердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Пайғамбардан ﷺ жеткен хадистер мен оның түсіндірмелері қамтылған.
Ислам ақидасына қысқаша шолу
Бұл кітап иманның негіздері – Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, Ақырет күніне және тағдырға иман келтіру мәселелерін түсіндіреді. Сондай-ақ, онда әрбір мұсылман сенуі және амал етуі тиіс болған негізгі қағидалар баяндалған. Қолыңыздағы ебңек ислам ақидасын терең түсіну арқылы Алламен байланысты нығайту маңыздылығын атап көрсетеді.
Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазының орындалу үлгісі.
“Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазының орындалу үлгісі“ кітабында мәртебелі шейх Абдул-Азиз ибн Баз (оны Алла рахымына алсын) Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаз оқу сипаттарын жеңіл де түсінікті тілмен, нақты әрі ғылыми тәсілмен түйіндеп жазған. Ол бұл еңбегінде сахих мәтіндерге сүйене отырып, әрбір мұсылманның намаз оқуындағы жол нұсқаушы кітап болуды мақсат еткен. Онда намаздың парыздары, сүннеттері, әрі толық орындалу тәртібі — дәрет алудан бастап сәлем беруге дейін — дәлелмен және түсініктермен қоса баяндалған. Сонымен қатар, Пайғамбарға…
Кітап пен сүннеттің негіздері бойынша, қажылық, умра және зияратқа қатысты көптеген мәселелерді зерттеп, түсіндіру.
Кітап Құран мен Сүннетке сәйкес қажылық, умра және зиярат үкімдерін түсіндіреді. Сондай-ақ, кітапта қажылық пен умраның уәжіптері, ихрам кезінде тыйым салынған істер, Пайғамбар ﷺ мешітін зиярат ету әдебі баяндалып, осы ғибадаттардағы бидғаттар ескертіледі.
Зекет пен ораза туралықысқаша екі (ғылыми) еңбек
Бұл кітап зекет пен ораза парыздарына тоқталып, олардың үкімдері мен пайдаларын түсіндірумен қатар, Алланың құлдары алдындағы хақыларын еске салады. Кітапта зекет үкімдері, зекет берілетін мал-мүлік түрлері, сондай-ақ Рамазан айының артықшылықтары, оразаның үкімдері мен әдептері шариғи негіздеме мен тәрбиелік бағдарды ұштастырған ғылыми үлгіде баяндалады.
Бүкіл әлемді кім жаратты? Мені кім жаратты? Не үшін?
Бұл кітап әлем мен адамның жаратылу негізін талқылап, олардың Ұлы Жаратушысы – Алла бар екенін растайды. Алла тағала өмірді реттейтін заңдарды бекіткен. Сондай-ақ, Алланың сипаттарын түсіндіріп және пайғамбарларға, көктен түсірілген кітаптарға иман етудің маңызды екенін әрі Ислам – дүниеде және ақыретте бақытқа жеткізетін хақ дін екенін нақтылайды.
Ислам (дінінің) елшісі Мухаммад (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын).
«Ислам (дінінің) елшісі Мухаммад ﷺ» атты кітапта Пайғамбар Мухаммадтың ﷺ өмір жолы жан-жақты баяндалған: оның тегі мен өмірлік жолының бастауы, берекелі некесі, уахидың түсуі мен соңғы елшілік міндеті баяндалады. Сондай-ақ, оның пайғамбарлығын дәлелдейтін аяттар мен шыншылдығын айғақтайтын белгілер түсіндірілген. Кітапта ол әкелген шариғаттың мәні мен оның адам құқықтары мен қадір-қасиетін қорғаудағы рөлі ашып көрсетілген. Бұған қоса, қарсыластарының ұстанымдары мен оның тұлғасына берген куәліктері келтіріліп, адамдарға үлгі болған көркем мінез-құлқы және Жаратушыны бірлеуге шақырған дағуаты…
Сапар әдептері мен үкімдері.
"Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаға тән, Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына Алланың сәлемі мен игілігі болсын." Сонан кейін: Бұл қысқаша жолдау - сапар әдептері және оған байланысты үкімдер туралы. Біз онда жолаушының көбінесе білуіне тиіс болған нәрселерді баяндауға тырыстық. Аллаһ тағаладан бұл еңбектің тек Оның Жомарт Дидары үшін болуын және барлық мұсылмандарға пайдалы етуін сұраймыз. Біріншіден: Сапар әдептері.
Қажылық, умра және зиярат жасау кезіндегі қателіктер мен қарама - қайшылықтар
Умраға байланысты қателіктер мен қарама – қайшылықтар Біріншіден: Адамдардың ихрам кезінде жіберетін қателіктері мен қарама-қайшылықтары Ихрамға кірерде ниет еткен құлшылық түрін (умра немесе қажылықты) дауыстап айтпау — ихрамға кіруді жария етпеу. Осыны дауыстап айту - сүннет.
Қажылық, умра және зияратқа қатысты пәтуалар
Бұл еңбек Сауд Арабиясы Патшалығындағы Пәтуа бойынша Тұрақты комиссияның пәтуалар жинағынан іріктеліп алынған. Сұрақтар жағдайға байланысты барынша сай етіп ықшамдалған. Біріншіден: Жалпы пәтуалар Сұрақ: Әкем банктен қарызға алынған ақшамен умра жасай ала ма? Жауап: Қажылықты немесе умраны өзі үшін болсын, басқалар үшін болсын өтегісі келген адам, бұл ғибадаттарға таза (рұқсат етілген, адал) қаражат таңдауы тиіс. Себебі, Аллаһ Тағала – (Мұнтаздай) Таза, әрі Тек Таза нәрсені ғана қабыл етеді.
Қажылықтың орындалу сипаттамасы туралы қысқаша баян .
Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Пайғамбарыз Мұхаммедке (ﷺ), оның отбасы мен сахабаларына Алланың салауаты пен сәлемі болсын. Сонан кейін: Бұл кішкене жолдамада қажылықтың қысқаша ғана сипаттамасын қамтылған. Біз онда қажыларға көбінесе білуі қажет болған негізгі мәліметтерді түсіндіруге тырыстық. Аллаһ Тағаладан бұл еңбегімізді тек Оның жомарт дидары үшін ғана жасалған амал етуін, сондай-ақ бүкіл мұсылмандарға пайдалы қылуын сұраймыз. Кіріспе
Мен - мұсылманмын.
Бұл мақалада Ислам дінінің ұғымы, мұсылманның кім екендігі және шынайы мұсылман болудың жолдары түсіндірілген. Сонымен қатар, Исламның көркем тұстары, асқақ әдептері мен ахлақ-мінездері, әйелдің орны, туыстық, көрші және қоғам алдындағы міндеттері қамтылып, Исламның барлық ізгілікке үндейтіні және әрбір жамандықтан қайтаратыны баяндалған.
Ислам – туа болмыс, ақыл және бақыт діні.
Бұл кітап Исламның туа болмыс пен ақылға сәйкес келетінін көрсетіп, дүние мен ақыретте бақытқа жету жолын ұсынады. Сондай-ақ ол Аллаға иман келтіру және тек Оған ғана құлшылық ету—жаратылыстың түпкі мақсаты екенін айқындап, ізгі амал мен иман адамдардың арасындағы ерекшеленудің негізгі өлшемі екенін нақтылайды.