Бұл кітап Исламның туа болмыс пен ақылға сәйкес келетінін көрсетіп, дүние мен ақыретте бақытқа жету жолын ұсынады. Сондай-ақ ол Аллаға иман келтіру және тек Оған ғана құлшылық ету—жаратылыстың түпкі мақсаты екенін айқындап, ізгі амал мен иман адамдардың арасындағы ерекшеленудің негізгі өлшемі екенін нақтылайды.
Language: lang_kk
Prepared by: Әл-Харам мешіті және Пайғамбар мешітінің діни істері басқармасының ғылыми комитеті.
Ислам — туа біткен болмыс, ақыл және бақытқа жету діні.
Аса Рақымды, ерекше Мейірімді Алланың атымен
Өзіңізге келесі сұрақтарды қойып көрдіңіз бе:
Көктер мен жерді және ол екеуінің ішіндегі ұлы жаратылыстарды кім жаратты? Әрі олардың ішінде орнаған осынау дәл де кемел жүйені кім жасады?
Бұл ұлы әлем өз заңдарымен жылдар бойы қалайша дәл әрі мінсіз тәртіппен жүйеленіп, тұрақты сақталып келеді?
Бұл әлем өзін-өзі жаратты ма? Әлде жоқ нәрседен (Жаратушысыз) жаратылды ма? Не болмаса кездейсоқ пайда болды ма?
Сені кім жаратты?
Сенің денеңдегі және барлық тірі жаратылыстар денесіндегі осы дәл жүйені кім орнатты?
Ешкім де өзіне: «Бұл үйді ешкім салмай-ақ, өздігінен пайда болған» десе, немесе: «бұл үй жоқтан пайда болды» деп айтылса қабылдамайды! Олай болса, осы ұлы Әлем Жаратушысыз пайда болды деп айтқандарға кейбір адамдар қалайша сенеді?! Әлемдегі мүлтіксіз тәртіптің кездейсоқ пайда болғанын ақылды адам қалайша қабыл ете алады?!
Күмәнсіз, бұл ғаламның және ондағының бәрінің аса Ұлы Жаратушысы әрі Басқарушысы бар; ол – Алла Тағала.
Алла Тағала бізге елшілер жіберіп, оларға уахи етілген Кітаптар түсірді; олардың соңғысы — Алла Тағаланың Өз елшілерінің соңғысы Мұхаммедке ﷺ түсірген Құран. Оның Кітаптары мен елшілері арқылы Алла Тағала бізге:
Өзін, Өзінің сипаттарын және бізге жүктелген міндеттерін танытты. Сондай-ақ, біздің Оған қатысты құқытарымызды да түсіндірді.
Жаратылысты жаратқан Раббының Өзі екенін, Оның мәңгі тірі, ешқашан өлмейтінін, сондай-ақ барлық жаратылыстың Оның құзырында, билігі мен басқаруында екенін ұқтырды.
Ол бізге Өзінің сипаттарының бірі — білім екенін, барлық нәрсені толық қамтып білетінін, сондай-ақ Оның Естуші әрі Көруші екенін, жерде де, көкте де ешбір нәрсе Оған жасырын қалмайтынын хабарлады.
Раббымыз - мәңгі Тірі (әл-Хайй) әрбір жаратылыстың өмірі Жалғыз Оның Өзінен ғана; әрі Ол - бәріне тіршілік беріп Басқарушы (әл-Қаййум). Әрбір жаратылыстың өмірі Оған тәуелді. Алла Тағала былай дейді:"Алла Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол әл-Хайй (Тірі) , әл-Қаййум (бәріне тіршілік беріп Басқарушы) . Оны қалғу да, ұйқы да баспайды. Көк пен жердегі нәрселер Оның меншігі. Оның алдында, Өзі рұқсат бермей тұрып, кім шапағат ете (араша түсе) алады? Алла олардың алдында не болатынын және арттарындағы нәрселердің не болғанын біледі. Ал, олар Оның білімінен, Ол Өзі қалағанынан басқа ешнәрсені біле алмайды. Оның Күрсісі көк пен жерді қамтиды. Әрі Оған (Аса ұлы Аллаға) ол екеуін сақтау ауыр келмейді. Әрі Ол аса Жоғары, өте Ұлы (255)"(Бақара: 255).
⦁ Алла Тағала бізге Өзінің – кемел сипаттар Иесі Ұлы Раббы екенін хабарлап, бізге жаратқандары және құдіретіндегі ғажайыптарды аңғара алатын ақыл-парасат пен сезім мүшелерін нәсіп етті. Бұл бізге Оның ұлылығын, күш-қуатын және кемел сипаттарын танытады. Сондай-ақ, Ол бойымызға Өзінің кемелдігін білдіретін және Оның кемшілікпен сипатталуы мүмкін еместігін айғақтайтын фитраны орнатты.
• Біз Раббымыздың көк үстінде (Затымен бәрінен жоғары) екенін, әлемнің ішінде еместігін, сондай-ақ әлемнің де Оның ішінде еместігін білдік.
• Алла Тағала бізге Өзіне мойынсұнудың уәжіп екенін хабарлады, өйткені Ол – біздің де, бүкіл әлемнің де Жаратушысы әрі оны Басқарушысы.
Жаратушыға аса Ұлық сипаттар тән; мұқтаждық та, кемшілік те Оған тән емес. Рабб ұмытпайды, ұйықтамайды және тамақ ішпейді; Оның әйелі де, ұлы да болуы мүмкін емес. Жаратушының Ұлылығына қайшы келетін кез келген мәтін – Алланың елшілері (оларға Алланың сәлемі болсын) алып келген дұрыс уахидан емес.
Егер сен Жаратушы Раббыңа сенсең… Бұрын-соңды өз жаратылуыңдағы мақсат туралы ойланып көрдің бе? Алла Тағалa бізден не қалайды? Бар болуымыздың мақсаты не?
Алла Тағала бізді жаратты да босқа, қараусыз қалдырып қойды деуге бола ма? Алла Тағала барлық осы жаратылыстарды мақсатсыз, мұратсыз жаратты деуге бола ма?
Өйткені, біз бұл өмірде әрбір адамның жасаған амалы — жақсылық та, жамандық та — қарымтасын алмай, әрі қарай кете алмайтынын білеміз; олай болса, қалайша зұлымдық жасағандарға жаза, ал жақсылық жасағандарға марапат болмайды?
Шындығында, Ұлы Жаратушы Раббымыз Алла бізді жаратқандағы мақсаты — Жалғыз Аллаға құлшылық ету екенін және Бізден не қалайтынын хабарлаған. Сондай-ақ, құлшылыққа жалғыз Өзі ғана лайықты екенін білдірді. Елшілері (оларға Алланың сәлемі болсын) арқылы Оған қалай құлшылық етеміз? Оның бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан тыйылу арқылы Оған қалай жақындаймыз? Оның разылығына қалай қол жеткізе аламыз? Жазасынан қалай сақтанамыз? — барлығын айқын түсіндірді. Әрі өлімнен кейінгі тағдырымыз туралы да хабар берді.
Алла бізге бұл дүние тіршілігінің бір сынақ қана екенін, ал шынайы, толық өмірдің өлімнен кейін, ақыретте болатынын хабарлады.
Ол бізге кімде-кім Аллаға Ол бұйырғандай құлшылық етіп, Оның тыйымдарынан сақтанса, оған дүниеде жақсы өмір, ал ақыретте мәңгілік нығмет бар екенін; сондай-ақ, кім Оған мойынсұнбаса әрі сенбесе, оған дүниеде бейнет пен қасірет, ал ақыретте мәңгі азап бар екенін хабарлады.
Қазіргі кезде адамдардың көбі не нәрсеге құлшылық етіп жүргеніне назар салған кісі: бірінің адамға, бірінің пұтқа, енді бірінің жұлдызға табынып жүргенін көреді. Ал, ақылды адам кемел сипаттарға ие әлемдер Раббысынан басқа ешкімге құлшылық етпеуі керек. Қалайша адам өзі сияқты немесе өзінен де төмен жаратылысқа құлшылық етеді?!Сондықтан, құлшылық етілетін нәрсе адам да, пұт та, ағаш та, жануар да болмауы тиіс!
Бүгін адамдар құлшылық үшін ұстанып жүрген Исламнан өзге діндердің барлығын Алла Тағала қабыл етпейді: олар — адам қолымен жасалған діндер немесе бастапқыда Алладан болғанымен, кейін адам қолы араласып, бұрмаланған діндер. Ал Ислам — әлемдер Раббысы Алла Тағаланың діні; ол өзгермейді әрі алмастырылмайды. Бұл діннің Кітабы — Құран Кәрім; ол Алла Тағала қалай түсірсе, сол күйінде сақталған, әрі бүгінге дейін мұсылмандардың қолында пайғамбарлардың соңғысы—Мухаммад пайғамбарға ﷺ түскен тілде солайымен тұр.
Ислам дінінің негіздерінің бірі – Алла жіберген барлық пайғамбарларға иман келтіру. Олардың барлығы да адамдар. Алла тағала оларды айқын дәлелдер және мұғжизалармен қолдап, адамдарды жалғыз Өзіне ғана құлшылық етуге, Оған ешкімді серік (ортақ) қылмауға шақыру үшін жіберді.
Елшілердің ең соңғысы – Мухаммад ﷺ. Алла оны бұрынғы елшілердің шариғаттарының үкімін жоятын шариғатпен жіберді. Сондай-ақ, оны ұлы мұғжизалармен қолдады, олардың ең ұлығы – Құран Кәрім. Ол—әлемдер Раббысының сөзі, адамзат таныған ең ұлы кітап; мазмұны мен сөзі, жүйесі және үкімдері жағынан мұғжиза. Онда ақиқатқа бастап, дүние мен ақыретте бақытқа жеткізетін жетекшілік бар. Құран Кәрім араб тілінде түсті.
Бұл Құранның Ұлы Жаратушының сөзі екенін және оның адам баласының туындысы болуы мүмкін еместігін еш күмәнсіз көрсететін көптеген ақылға қонымды әрі ғылыми дәлелдер бар.
Исламның негіздерінен – періштелерге иман келтіру және Ақырет күніне иман келтіру. Қиямет күні Алла Тағала адамдарды қабірлерінен тұрғызып, амалдары үшін есеп алады. Кім иман келтірген күйі салиқалы (ізгі) амалдар жасаса, оған Жәннаттағы мәңгі нығмет бар. Ал, кімде-кім күпірлік етіп, жаман амалдар жасаса, оған Тозақта зор азап бар. Сондай-ақ, Исламның негіздерінен – Алла жазып қойған тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіру.
Ислам діні – өмірдің барлық саласын қамтитын жан-жақты жүйе; ол адамның тума жаратылысына әрі түзу ақылға сәйкес келеді. Оны есі дұрыс, болмысы түзу жандар қабыл етеді. Оны Ұлық Жаратушы Алла Тағала Өз жаратқандарына заң етіп бекіткен. Бұл – дүниеде де, Ахыретте де күллі адамзатқа игілік пен бақыт сыйлайтын дін. Онда бір нәсіл екіншісінен, бір түс өзге түстен артық саналмайды, барлық адамдар өзара тең. Исламда ешкім өзгеден ерекшеленбейді. Әркімнің мәртебесі тек өзі істеген ізгі амалдарына ғана қарай артады.
Алла Тағала Қасиетті Құранда айқындайтынының бірі: Алланың Жаратушы әрі құлшылыққа лайық жалғыз Құдай деп иман келтіру, Исламды дін ретінде ұстану және Мұхаммед пайғамбарды Алланың елшісі ретінде мойындау — міндетті, яғни адамның бұл мәселеде таңдау еркі болмайды. Қиямет Күні есеп-қисап болып, әркім жасағанына сай қарымтасын алады. Шынайы иман келтірген адам ұлы табысқа және құтылуға ие болса, күпірлік істегендер айқын зиянға душар болады.
Ислам (дінінің) елшісі Мухаммад (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын).
74 тіл
Ислам (дінінің) елшісі Мухаммад (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын).
«Ислам (дінінің) елшісі Мухаммад ﷺ» атты кітапта Пайғамбар Мухаммадтың ﷺ өмір жолы жан-жақты баяндалған: оның тегі мен өмірлік жолының бастауы, берекелі некесі, уахидың түсуі мен соңғы елшілік міндеті баяндалады. Сондай-ақ, оның пайғамбарлығын дәлелдейтін аяттар мен шыншылдығын айғақтайтын белгілер түсіндірілген. Кітапта ол әкелген шариғаттың мәні мен оның адам құқықтары мен қадір-қасиетін қорғаудағы рөлі ашып көрсетілген. Бұған қоса, қарсыластарының ұстанымдары мен оның тұлғасына берген куәліктері келтіріліп, адамдарға үлгі болған көркем мінез-құлқы және Жаратушыны бірлеуге шақырған дағуаты…
Шейх Абдуррахман ибн Насыр әс-Сағдидің « Бақытты өмірге жетелейтін тиімді жолдар» атты кітабы нағыз бақыттың себептерін терең иман тұрғысынан қарастырады. Ол оқырманды иман келтіру мен ізгі амал жасау, Алланы зікір ету, қанағатшылдық, нығметтер жайлы ойлану, жақсылық жасау, тәуекел ету, сабырлы болу және істерді дұрыс пайымдау арқылы жүрек тыныштығына бастайды. Көркем үлгіде жазылған бұл еңбек өмірдің құбылмалы жағдайларына қарамастан, тыныш, тұрақты әрі бақытты ғұмыр кешудің жол картасын оқырман назарына ұсынады.
Бұл кітапта мұсылманның үйренуі тиіс болған негізгі қағидалар: Алланы тану, Ислам дінін және Мұхаммед Пайғамбарды ﷺ тану мәселелері баяндалған. Онда Құран мен хадис дәлелдеріне сүйене отырып, осы қағидалардың иман мен ізгі амалды қалыптастырудағы маңыздылығы атап көрсетілген.
Бұл кітап иманның негіздері – Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, Ақырет күніне және тағдырға иман келтіру мәселелерін түсіндіреді. Сондай-ақ, онда әрбір мұсылман сенуі және амал етуі тиіс болған негізгі қағидалар баяндалған. Қолыңыздағы ебңек ислам ақидасын терең түсіну арқылы Алламен байланысты нығайту маңыздылығын атап көрсетеді.