Most Searched
Мұсылман қорғаны: Құран және Сүннеттен алынған зікірлер
Бұл кітапта Құран мен сүннеттен алынған зікірлер жинақталған. Олар әртүрлі уақыттар мен жағдайларда оңай қайталау үшін берілген. Сондай-ақ, кітапта ұйқыдан тұрған кезде, дәрет алғанда, намаз кезінде, сапарда және басқа да жағдайларда оқылатын дұғалар қамтылған. Бұл мұсылманға өзін қорғап, Алланың сақтауы мен қамқорлығында болуына көмектеседі.
These files are generated automatically from the book's text; their layout may differ from the printed edition.
Мұсылман қорғаны: Құран мен Сүннеттен алынған зікірлер
Алла Тағалаға мұқтаж пенде
Д-р. Сағид ибн Али ибн Уахф әл-Қахтани.
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен!
Кіріспе
Ақиқатында барлық мадақ Аллағқа тән. Біз Оны мадақтаймыз, Одан жәрдем тілейміз, Одан кешірім сұраймыз және өз нәпсіміздің жамандығынан әрі амалдарымыздың кесірінен Алладан пана тілейміз. Алла кімді тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал, кімді адастырса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Мен ешбір серігі жоқ, Жалғыз Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдайдың жоқ екеніне куәлік етемін. Сондай-ақ, Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін. Оған, оның отбасына, сахабаларына және оларға Қиямет күніне дейін ізгілікпен ерушілерге Алланың салауаты мен көптеген сәлемі болсын. Бұдан соң:
Бұл – менің «Кітап пен сүннеттен алынған зікір, дұға және руқиямен емдеу» [1] атты кітабымнан ықшамдатылған қысқаша жинақ. Сапарларда алып жүруге жеңіл болуы үшін, онда зікірлер бөлімін қысқаша келтірдім. [1] Аллаға мадақ, аталмыш түпнұсқа хадистер кеңінен тексеріліп (хадистердің дереккөздері көрсетіліп), төрт том болып басылып шықты. «Мұсылман қорғаны» — оның бірінші және екінші томдарында.
Мен тек зікір мәтіндерін келтірумен шектелдім. Ал, оның дереккөздерін көрсетуде түпнұсқада келтірілген бір немесе екі дереккөзді атаумен қанағаттандым. Егер біреуге сахабаны анықтау немесе дереккөздер туралы қосымша мәліметтер қажет болса, түпнұсқаға жүгінсін. Даңқты әрі Ұлық Алладан Өзінің көркем есімдері мен ұлық сипаттары арқылы бұл еңбекті тек Өзінің жомарт Дидары үшін ғана етуін, оның маған өмірімде және қайтыс болғанымнан кейін пайдалы болуын, әрі оны оқыған, басып шығарған немесе таралуына себеп болған әр кісіге де пайда беруін сұраймын. Расында, Ол – бұған Ие әрі оған Құдіретті. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына, сахабаларына және Қиямет күніне дейін оларға жақсылықпен ергендерге Алланың салауаты мен сәлемі болсын.
Автор
1409-һж., сапар айында редакцияланды.
Зікірдің артықшылығы
Алла Тағала айтты: "Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкір етіңдер және күпірлік (нәшүкірлік) етпеңдер! 152) [2]. [2] Бақара сүресі: 152.
"Уа, иман келтіргендер! Алланы көп еске алыңдар! 41)[3]. [3] (Әхзаб сүресі: 41).
"...Алланы көп зікір етуші ерлер және әйелдер; Алла бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі) [4]. [4] (Әхзаб сүресі: 35).
"(Уа, Пайғамбар!) Раббыңды таңертең және күн батар алдында (Оған) бойсұна жалбарынып, қорыққан түрде әрі бәсең үнмен іштей есіңе ал! Қаперсіздерден болма! 205)[5]. [5] Әғраф сүресі: 205.
Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Раббысын зікір етуші мен Раббысын зікір етпейтіннің мысалы — тірі мен өлінің мысалындай». [6] [6] Бухари «әл-Фат» (11/208) (6407), Муслим (1/539) (779) мына мәтінмен: «Ішінде Алла еске алынатын үй мен Алла еске алынбайтын үйдің мысалы — тірі мен өлі адамның мысалындай».
Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Сендерге Раббыңыз алдында ең жақсы әрі ең таза, дәрежелеріңді ең жоғары көтеретін, сондай-ақ сендер үшін алтын-күміс жұмсаудан да, дұшпандарыңмен кездесіп, сендер олардың басын шауып, олар сендердің бастарыңды шабудан да артық болатын амалдарың жайлы айтайын ба?», дегенде, олар: «Иә», – деп жауап берді. Сонда ол: «Алла Тағаланы зікір ету», – деді [7]. [7] Тирмизи (5/459), (3377) және Ибн Мәжаһ (2/124), (3790). Қ.: "Сахих Ибн Мәжаһ" (2/316) және "Сахих Тирмизи" (3/139).
Сондай-ақ ол ﷺ былай деді: «Алла Тағала айтты: "Құлым Мен туралы қалай ойласа, сондай боламын. Мен онымен ол Мені еске алған уақытта бірге боламын. Ол Мені жасырын еске алса, онда Мен де оны жасырын еске аламын. Ал, егер ол Мені басқа адамдар арасында еске алса, онда Мен оны, олардан да жақсы (қауым) арасында еске аламын. Егер ол Маған бір алақан жақындаса, Мен оған бір білек жақындаймын. Ол Маған бір білек жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Ал, егер ол Маған ақырын жүрсе, онда Мен оған қарай жүгіре жөнелемін"»[8], [8] Бухари (8/171) (7405) Муслим (4/2061) (2675). Мәтін әл-Бухаридікі.
Абдуллаһ бин Буср (Алла оған разы болсын) былай деді: «Бірде бір адам: “Уа, Алланың Елшісі! Расында Ислам үкімдері мен үшін көбейіп кетті. Маған өзім берік ұстана алатын бір нәрсе айтып беріңізші”, – деп сұрады. Сонда ол ﷺ былай деді: «Тілің Алла Тағаланы зікір етуден құрғамасын» [9]. [9] Тирмизи (5/458, 3375) және Ибн Мәжаһ (2/1246, 3793) риуаят еткен. Албани оны «Сахих әт-Тирмизи» (3/139) және «Сахих Ибн Мәжаһ» (2/317) кітаптарында "сенімді" деген.
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Кім Алланың Кітабынан (Құраннан) бір әріп оқыса, оған бір жақсы амал жазылады. Әрбір жақсы амалға он есе сауап беріледі. Мен: "Алиф, Ләм, Мим" – бір әріп деп айтпаймын. Керісінше, “Алиф” – бір әріп, “Ләм” – бір әріп және “Мим” – бір әріп (деймін)»[10]. [10] Тирмизи (5/75), (2910). Албани оны «Сахих әт-Тирмизи» (3/9) және «Сахих әл-Жамиғ әс-Сағир» (5/340) жинақтарында "сенімді" деген.
Уқба бин Амир, Алла оған разы болсын, ол былай деді: "Бірде біз суффада болғанымызда, Алланың елшісі ﷺ шығып: «Қайсыларың күн сайын таңертең Бутханға немесе Ақиққа барып, еш күнәға батпай және туыстық қатынасты үзбей, сол жерден екі ірі өркешті түйе алып қайтуды қалайсыңдар?»—деді. Біз: «О, Аллаһтың Елшісі! (Бәріміз) соны қалаймыз», – деп жауап бердік. Сонда ол: «Сендерден біреулерің таңертең мешітке барып, Құдіретті әрі Ұлы Алланың Кітабынан екі аят үйренгені немесе оқығаны оған әлгі екі түйеден қайырлы болмай ма? Үшеуі үшеуінен қайырлы, төртеуі төртеуінен қайырлы. Олардың (оқыған немесе үйренген аяттардың) саны түйелер санынан қайырлы емес пе?!»[11]. [11] Муслим (1/553), (№ 803).
Сондай-ақ, Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Қандай да бір жерде Алланы зікір етпестен отырcа, оған Алладан қасірет (кегі) болады. Кімде-кім Алланы зікір етпей жатса, оған Алланың қасіреті болады»[12]. [12] Әбу Дауд (4/264), (№4856) және басқалар. Қ.: Сахих әл-Жамиғ (5/342).
Сондай-ақ, Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Егер қай бір қауым әлдебір жиында Алланы зікір етпей және Пайғамбарына салауат айтпай отырса, оларға міндетті түрде (Алладан) қасірет болады. (Алла) қаласа, оларды жазалайды, қаласа, кешіреді» [13]. [13] Тирмизи (5/461), (3380). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/140).
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Алланы зікір етпейтін жиыннан тұрып кеткен адамдар өлі есек үстінен тұрғандай күй кешеді. Сондай-ақ, оларға (отырыстары) қайғы-қасірет болады»[14]. [14] Әбу Дәуд (4/264) (4855) және Имам Ахмад (2/389) (10680). Қ.: "Сахих әл-Жамиғ" (5/176).
1 - Ұйқыдан оянғанда айтылатын зікірлер
"Әлхамду-лиЛләһи-лләзи ахйәнә ба’дә мәә әмәтәнә уә иләйһин-нушур". «Бізді өлтірген соң қайта тірілткен Аллаға мақтаулар болсын! Біз Оған ораламыз» [15]. [15] Бухари «Фатхпен» бірге (11/113) (6314) және Муслим (4/2083) (2711).
"Лә иләһә илләЛлаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һууә ‘алә кулли шәй-ин Қадир. Субхәна-Ллаһи, уәл-хамду-лилләһи, уә лә иләһа илләллаһу, уәллаһу Әкбар. Уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһил- ‘Алийил-’Азыйм, Раббиғ-фирли". «Алла Тағаладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Ол — Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән, барлық мадақ та Оған ғана лайық. Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Алла — кемшілік атаулыдан Пәк. Бүкіл мадақ Аллаға тән. Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Алла — Аса Жоғары, Өте Ұлы Алланың күш-қуатынан асатын ешқандай күш-қуат жоқ. Раббым, мені кешіре гөр!»[16]. [16] «Кімде-кім осылай айтса, оның күнәлары кешіріледі. Егер дұға етсе, дұғасы қабыл болады. Ал, егер тұрып, дәрет алса, одан соң намаз оқыса, оның намазы қабыл болады». Бухари «Фатхпен» бірге (3/39) (№ 1154) және басқалар. Бұл жерде Ибн Мәжаһның нұсқасы берілген. Қ.: «Сахих Ибн Мәжаһ» (2/335).
"Әл-хамду ли-Ллаһи аллязи 'афа-ни фи жәсәди, уа радда 'аләй-йә рухи, уа азина ли би-зикри-һи". (Деніме саулық беріп, рухымды өзіме қайтарған және Өзін еске алуға маған рұқсат еткен Аллаға мадақ болсын) [17]. [17] Тирмизи (5/473), (3401). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/144).
"Ақиқатында, Көк пен жердің жаратылуында, түн мен күндіздің ауысуында ақыл иелері үшін белгілер бар 190 Сондай Алланы түрегеп тұрып, отырған күйі және жамбастап жатып та еске алатын (ақыл иелеріне). Олар Көк пен жердің жаратылуы жайында ойланып: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың! Сен барлық кемшіліктен пәксің! Бізді От азабынан сақта! 191 Раббымыз! Ақиқатында, Сен кімді Отқа кіргізсең, оны шынымен қорлыққа ұшыратқаның. Әділетсіздерге ешбір жәрдемші жоқ. 192 Раббымыз! Біз «Раббыңызға сеніңдер!» деп, иманға үндеп жүрген үндеушіні естіп, иманға келдік. Раббымыз! Күнәларымызды кешіріп, жамандықтарымызды өшіргейсің! Жанымызды ізгілермен бірге ала гөр! 193 Раббымыз! Бізге елшілерің арқылы уәде еткеніңді бер және бізді Қайта тірілу күні қорлама. Ақиқатында, Сен уәдеңді бұзбайсың (деп тілейді) 194 Сонда Раббысы оларға: «Анығында, Мен сендерден амал істеуші еркек не әйелдің амалын зая кетірмеймін. Сендер бір-біріңненсің. Ал, сондай қоныс аударған, жұрттарынан қуылған, Менің жолымда жапа шеккен, соғысқан және өлтірілгендердің жаман істерін кешіріп, оларды іргесінен өзендер ағатын Жәннат бақтарға кіргіземін. Бұл Алладан сый ретінде. Сыйдың көркемі Аллада 195 (Уа, Пайғамбар!) Күпірлік етушілердің ел аралап жүргені сені еш алдандырмасын. 196 Бұл аз ғана пайдалану. Одан соң олардың «паналайтын жайы» Жаһаннам. Ол қандай жаман орын! 197 Алайда, Раббысынан (Оның жазасынан) қорқып, сақтанғандарға, астынан өзендер ағып жатқан Жәннат бақтары бар. Олар онда мәңгі қалушылар. Бұл Алладан сый-сияпат ретінде. Ізгілер үшін Алладағы нәрселер қайырлы 198 Ақиқатында, Кітап иелері арасында Аллаға және сендерге түсірілгенге, сондай-ақ өздеріне түсірілгенге сенетіндер, Алланың аяттарын болмашы бағаға сатпайтындар бар. Міне, солардың сыйы өздерінің Раббы құзырында. Негізінде, Алла есепті жылдам алушы 199 Ей, иманға келгендер! Сабыр етіңдер әрі сабырда үстем болыңдар. Шепті күзетіңдер және мұраттарыңа жету үшін Алладан (Оның тыйғандарынан) қорқып, сақтаныңдар 200 (Əлі Ғимран: 190-200) [18]. [18] Бұхари «Фатхпен» бірге (8/337) (4569) және Муслим (1/530) (256).
2 - Киім кигенде оқылатын дұға.
"Әлхамду лилләһилләзи кәсәәни һәәҙә (әс-сәубә), уә разақаниһи мин ғойри хаулин минни уә ләә қууә...". «Маған осы (киімді) кигізген және менің ешбір күш-қуатымсыз оны маған нәсіп еткен Аллаға мадақ болсын...» [19]. [19] Нәсәиден басқа Сүнан иелері: Әбу Дәуд (4023), Тирмизи (3458) және Ибн Мәжаһ (3285). Албани «Ируа әл-Ғалил» (47/7) кітабында оны "хасан" деп бағалаған.
3. Жаңа киім кигенде оқылатын дұға
"Аллаһумма ләкәл-хамду анта касаутаниһи. Әс-әлукә мин хойриһи уә хойри мә суниъа ләһ. Уә әъузубика мин шарриһи уа шарри мәә суниъа ләһ". «Уа, Алла! Саған мадақтар болсын! Сен маған осы киімді кигіздің. Мен Сенен оның жақсылығын және ол қандай жақсылық үшін арналған болса, соның игілігін сұраймын. Сондай-ақ, оның жамандығынан және ол қандай жамандық үшін арналған болса, соның жамандығынан Өзіңе сиынамын» [20]. [20]. [20] Әбу Дауд (4020), Тирмизи (1767) және Бағауи (12/40). Қ.: Албанидің «Мұхтасар Шәмаил әт-Тирмизи» (47-б.).
4. Жаңа киім кигенде оқылатын дұға.
"Тубли уа иухлифу-Ллоһу Тә’алә". «Киімің тоза берсін, Алла Тағала орнына жаңасын берсін» [21]. [21] Әбу Дәуд (4/41) (4020). Қ.: "Сахих Әбу Дәуд" (2/760).
"Илбәс жәдидән, уә ‘иш хамидән, уә мут шәһидән". «Кигенің жаңа болсын, ғұмырың мақтаулы болсын, өмірден шаһид болып өт» [22]. [22] Ибн Мәжаһ (2/1178), (3558) және Бағауи (41/12). Қ.: "Сахих Ибн Мәжаһ" (275/2).
5. Адам киімін шешкенде айтылатын сөз.
""Бисмилләһ" (Алланң атымен) [23]." [23] Тирмизи (2/505), (606) және басқалар. Қ.: «Ируа әл-ғалил» (50) және «Сахих әл-жәмиғ» (3/203).
6. Әжетханаға кірерде оқылатын дұға
"Бисми-Лләһ, Аллаһуммә инни ә’узу бикә минәл-хубси уәл-хабәис". «[Алланың атымен] Аллаһым! Мен еркек және ұрғашы (шайтандардың кесірінен) Өзіңе сиынып, пана сұраймын»[24]. [24] Бухари (1/ 45, 142) және Муслим (1/ 283, 375) риуаят еткен. Басындағы «Бисмилләһ» қосымшасын Сағид ибн Мансур келтірген. Қараңыз: "Фатх әл-Бәри" (1/ 244).
7. Әжетханадан шығарда оқылатын дұға
"Ғуфранәкә". «Кешіріміңді тілеймін» [25]. [25] Хадисті «Сүнән» иелері: Әбу Дәуд (30), Тирмизи (7) және Ибн Мәжаһ (300) риуаят еткен, ал Нәсәи оны «Амал әл-йәум уәл-ләйлә» кітабында (79) риуаят еткен. Албани «Сахих сунан Әбу Дәуд» (1/19) кітабында "сахих" деген.
8. Дәрет алдындағы зікір
"Бисмилләһ" (Алланың атымен) [26]. [26] Әбу Дауд, (101), Ибн Мәжаһ, (397) және Ахмад, (9418). Қ.: "Ируа әл-Ғалил" (1/122).
9. Дәрет алғаннан кейін айтылатын зікір.
"Аллаһуммәж-ъални минәт-тәууәбинә уәжъални минәл-мутәтоһһирин". «Аллаһым! Мені тәубе етушілерден және тазарушылардан ете гөр» [28]. [28] Тирмизи (1/78), (55). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (1/18).
"Субханәкә-Аллаһуммә, уә би-хамдика. Әшһәду әллә иләһа иллә әнтә, әстағфирука уә әтубу иләйкә". «Я, Алла! Сен Пәксің және Саған мадақ! Сенен басқа құлшылыққа лайық құдайдың жоқ екеніне куәлік беремін. Сенен кешірім сұраймын және Саған тәубе етемін» [29]. [29] Нәсаи, "Амал әл-яум уәл-ләйлә" (173-б.). Қ.: "Ируа әл-ғалил" (1/135) және (3/94).
10. Үйден шығарда айтылатын зікір.
"Бисмилләһ, тәуәккәлту ‘аләллаһ, уә ләә хаулә уә ләә қууәтә иллә билләһ". «Алланың атымен! Аллаға тәуекел еттім. Алланың көмегінсіз ешқандай күш-қуат жоқ» [30]. [30] Әбу Дауд (4/325) (5095) және Тирмизи (5/490) (3426). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи", (3/151).
"Аллаһуммә инни ә‘уузу бикә ән әдыллә, әу удаллә, әу әзиллә, әу үзаллә, әу әзлимә, әу үзләмә, әу әжһәлә, әу южһәлә ‘аләййә". «Аллаһым! Расында, мен адасуымнан немесе адастырылуымнан, қателесуімнен не қателікке ұшыратылуымнан, зұлымдық жасауымнан немесе маған зұлымдық жасалуынан және надандық қылуымнан немесе маған надандық жасалуынан Өзіңе сиынамын» [31]. [31] Сунан иелері: Әбу Дауд (5094), Тирмизи (3427), Нәсаи (5501) және Ибн Мәжаһ (3884). Қ: "Сахих әт-Тирмизи" (3/152) және "Сахих ибн Мәжаһ" (2/336).
11. Үйге кірерде айтылатын зікір
"Бисми-Лләһи уәләжнә, уә бисми-Лләһи харажнә, уә ‘алә-Ллаһи Роббинә тәуәккәлнә". «Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық және Раббымыз Аллаға тәуекел еттік», — деп, кейін үйдегілерге сәлем берсін [32]. [32] Әбу Дауд (4/325) (5096) риуаят еткен. Ғұлама Ибн Баз «Тухфатул-ахияр» (28-б.) кітабында оның иснадын "хасан" деген. Ал «Сахихте»: «Егер адам үйіне кіргенде және тамақ ішер алдында Алланы зікір етсе, шайтан (өз ілесушілеріне): “Бұл жерде сендерге пана да, тамақ та жоқ!”, - дейді», - Муслим (2018).
12. Мешітке барарда оқылатын дұға
"Аллаһуммәж-‘ал фи қолби нууран, уә фи лисәни нууран, уә фи сәм‘и нууран, уә фи басари нууран, уә мин фоуқи нууран, уә мин тахти нууран, уә ‘ан йәмиини нууран, уә ‘ан шимәли нууран, уә мин әмәми нууран, уә мин хольфи нууран. Уәж-‘ал фи нәфси нууран, уә ә‘зым ли нууран, уә ‘аззым ли нууран, уәж‘ал ли нууран, уәж‘алнии нууран, Аллаһуммә а‘тынии нууран, уәж‘ал фи ‘асаби нууран, уә фи лахми нууран, уә фи дәми нууран, уә фи ша‘ри нууран, уә фи башари нууран". «Аллаһым! Жүрегіме нұр бер, тіліме нұр бер, құлағыма нұр бер, жанарыма нұр бер. Үстімнен нұр бер, астымнан нұр бер, оң жағымнан нұр бер, сол жағымнан нұр бер, алдымнан нұр бер, артымнан нұр бер. Жаныма нұр ұялатып, маған көп нұр бер, маған нұрды ұлғайт, мені нұрға бөлей гөр. Аллаһым! Маған нұр нәсіп ет. Жүйкеме нұр сал, етіме нұр сал, қаныма нұр сал, шашыма нұр және теріме нұр бере гөр» [33]. [33] Осы сөздердің барлығын Бухариден (11/116) (3166) және Муслимнен (1/526) (529), (530) және (763) қараңыз.
"Аллаһуммәж-‘ал ли нуран фи қобри... уә нуран фи ‘изами [34] уә зидни нуран, уә зид-ни нуран [35] уә зидни нуран уә һәб ли нуран ‘алаа нур" [36] «Аллаһым! Менің қабірімде нұр ет... және сүйектерімде нұр ет» [34] «және маған нұрды арттыра гөр, маған нұрды арттыра гөр, маған нұрды арттыра гөр» [35] «және маған нұр үстіне нұр сыйлай гөр!» [36]. [34] Тирмизи (5/483), (3419). [35] Бухари, «әл-Әдәб әл-Муфрад» (695) (258-б.). Албани оның иснадын «Сахих әл-Әдәб әл-Муфрад» кітабында (536) "сахих" деп бағалаған. [36] Ибн Хажар мұны «Фәтхул-Бәриде» келтіріп, Ибн Әбу Асымның «Дұға» кітабына сілтеген. Қ.: "Фәтх" (11/118). Сондай-ақ, ол: «Риуаяттардың әртүрлілігінен жиырма бес қасиет жинақталды», – деген.
13. Мешітке кірерде оқылатын дұға
(Кірерде оң аяғымен бастап) [37], былай дейді: "Ә‘уузу билләһил-‘азыйм, уә биуажһиһил-кәрийм, уә султаниһил-қадийм, минәш-шайтанир-ражийм" [38] Бисмилләһ, уәс-соләту уәс-сәләму ‘алә расулиллаһ [40]Аллаһуммәф-тәх ли әбуәбә рохмәтик [41]". «Қуылған шайтаннан Ұлы Аллаға, Оның ардақты Дидарына және ежелден (мәңгі) билігіне сыйынамын»[38] «Алланың атымен, салауат пен»[39] «сәлем Алланың Елшісіне болсын»[40] «Аллаһым! Маған рақымың есіктерін аша гөр)» [41]. [37] Әнас бин Мәликтен (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте былай делінеді: «Мешітке кіргенде оң аяқпен кіру, ал шыққанда сол аяқпен шығу — сүннет амалынан». Бұл хадисті әл-Хаким (1/218) келтіріп, оны Муслимнің шарттарына сай, "сахих" деп бағалаған. Заһаби де онымен келіскен. Сондай-ақ оны Байһақи (2/442) келтіріп, Албани «Силсиләт әл-ахадис әс-сахиха» (5/624) еңбегінде № 2478 хадис ретінде "хасан" деп бағалаған. [38] Әбу Дауд, (466). Қ.: "Сахих әл-Жамиғ", (№ 4591).
[39] Оны Ибн әс-Сунни риуаят еткен, (88). Албани «ас-Самар әл-мустатаб» кітабында "хасан" деп бағалаған, (607-б.). [40] Әбу Дауд (1/126), (465). Қ: "Сахих әл-Жамиғ" (1/528).
[41] Муслим (1/494) (713), ал ибн Мәжаһның «Сунәнінде» Фатиманың (Алла оған разы болсын) хадисінен: "Аллаһуммағ-фирли зунуби, уәфтаһ ли әбуәбә рахмәтикә" («О, Алла! Күнәләрімді кешір және маған мейіріміңнің есіктерін аша гөр» - деп келтірілген. Албани оны басқа қуаттаушы дәлелдеріне (шәуәһидтеріне) сүйеніп "сахих" деді. Қ.: «Сахих ибн Мәжаһ» (1/128) (129).
14. Мешіттен шығарда оқылатын дұға
(шығарда) сол аяғымен бастайды[42] және былай дейді: "Бисмилләһи, уәс-соләту уәс-сәләму ‘алә расулилләһ, Аллаһуммә, инни әс'әлукә мин фәдлик, Аллаһуммәъ-сымни минәш-шайтониррожиим". «Алланың атымен, Алланың елшісіне салауат пен сәлем болсын. Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен кеңшілігіңді сұраймын. Я, Алла! Мені қуылған шайтаннан сақтай гөр!» [43]. [42] Хәким (1/218) және Байһақи (2/442), Албани «Силсилә әл-ахадис әс-сахиха»да (5/624) (2478) "хасан" деген. Хадистің шыққан жолы жоғарыда келтірілген.
[43] Алдыңғы хадистің риуаяттарының тәхрижін мешітке кіру дұғасы (20) бөлімінен қараңыз. Қосымша ретінде: «Уа, Алла! Мені қуылған шайтаннан сақта» — деген сөзді Ибн Мәжаһ келтірген. Қ.: “Сахих Ибн Мәжа” (1/129).
15. Азан зікірлері
Азаншының айтқанын қайталайды. Тек «Хаййа ‘аләс-соләһ» пен «Хаййа ‘аләл-фәләх» дегенде ғана оның орнына: "Лә хаулә уә лә қууәтә иллә-билләһ",—деп айтады. «Алланың (көмегнісіз) ешқандай күш те, қуат та жоқ»[44]. [44] Бухари (1/152), (611) және (613), Муслим (1/288), (383).
Былай деп айтады: "Уа әнә әшһәду әл-ләә иләәһә иллаЛлаһу уахдәһу ләә шәрикә ләһу уа әннә Мухаммадән ‘абдуһу уа расулуһу. Родыйту билләәһи Роббән, уа би Мухаммадин расулән, уа бил-Ислами динән". «Мен де серігі жоқ, Жалғыз Алладан басқа құлшылыққа лайық құдайдың жоқ екендігіне және Мұхаммед Оның құлы, әрі елшісі екендігіне куәлік етемін, Аллагы – Раббым деп, Мұхаммедті – елшім деп, Исламды – дінім деп, разы болдым» [45]. [45] Муслим (1/290), (386).
(Мұны азаншы куәлік сөздерін айтқаннан кейін айтады) [46]. [46] Ибн Хузайма (1/220).
(Азаншыға жауап беріп болғаннан кейін Пайғамбарға ﷺ салауат айтады) [47]. [47] Муслим (1/288), (384).
Ол былай дейді: "Алла:һуммә Раббә һәзиһид-дә’уәти-т-тә:ммәһ, уәссалә:ти-л-қа:имәһ. Әти Мухаммәдәнил-уәси:ләтә уә-л-фадыйләһ. Уәб’асһу Мәқаман-Махмудәнилләзи уә’адтәһ, [иннәкә лә тухлифул-ми’ад]". «Я, Алла! Осы кемел шақырудың әрі осы орындалатын намаздың Раббысы! Мұхаммедті әл-Уәсиләға («Әл-Уасилә» – Жәннаттағы орын) және жоғары дәрежеге жеткізе гөр! Оны Өзің уәде еткен Мақтаулы Орынға бағыттай гөр! [Шын мәнінде, Сен уәдеңді бұзбайсың]» [48]. [48] Бухари (1/152), (№ 614). Тік жақша ішіндегісі Бәйһақидікі (1/410) және ғұлама Әбдулазиз ибн Баз (Алла оны рақымына алсын) «Тухфат әл-ахиар» кітабында (38-б.) оның иснадын "хасан" деген.
(Азан мен қаматтың арасында өзі үшін дұға етсін, өйткені сол кезде Алладан сұрап жасалған дұға қайтарылмайды) [49]. [49] Тирмизи (3594, 3595), Әбу Дауд (525) және Ахмад (12200). Қ.: "Ируа әл-ғалил" (1/262).
16. Ашу (истифтах) дұғасы
"Аллаһуммә бә’ид бәйни уә бәйнә хота-йә-йә, кәмә бә:’адтә бәйнәл-мәшриқи уәл-мәғриб. Аллаһуммә нәққини мин хота-йә-йә, кәмә юнәққа-с-сәубул-әб’яду минә-д-дәнәс. Аллаһуммә-ғсилни мин хота-йә-йә, би-с-сәлжи уәл-мәи уәл-бәрад". «Аллаһым! Батыс пен шығыстың арасын алыстатқаныңдай, мені де қателік- күнәларымнан алыстата гөр! Аллаһым! Ақ киім кірден тазартылатындай, мені де қателік-күнәларымнан тазарта гөр. Аллаһым! Менің қателік-күнәларымды қармен, сумен және бұршақпен жуа гөр»[50]. [50] Бухари (1/181) (№ 744) және Муслим (1/419) (№ 598).
"Субханәкә Аллаһуммә, уә бихамдика, уә тәбәракәс-мука, уә тә’алә жәддука, уә лә иләһа ғайрук". «Аллаһым! Сен Пәксің және Саған мадақ! Сенің есімің берекелі және Сенің ұлылығың бәрінен (де) жоғары. Сенен басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ» [51]. [51] Муслим (399) және төрт "Сунан" иелері: Әбу Дәуд (775), Тирмизи (243), Ибн Мәжаһ (806) және Нәсәи (899). Қ.: «Сахих әт-Тирмизи» (1/77) және «Сахих ибн Мәжаһ» (1/135).
"Уәжжәһту уәжһия лил-ләзи фәтарас-сәмәуәти уәл-арда хәнифән уә мә әнә минәл-мушрикин. Иннә соләти, уә нусуки, уә мәхяйә, уә мәмәти лиЛләһи Раббил-‘аләмин, лә шәрикә ләһу, уә бизәликә умирту уә әнә минәл-муслимин. Аллаһуммә, әнтәл-Мәлику лә иләһа иллә әнт, әнтә Рабби уә әнә ‘абдук. Золәмту нәфси уә’тәрафту бизәнби, фәғфир ли зунуби жәми’ан, иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә әнт. Уәһдини ли-әхсәнил-ахләқи лә яһди ли-әхсәниһә иллә әнт. Уәсриф ‘анни сәйиәһә, лә ясрифу ‘анни сәйиәһә иллә әнт. Ләббәйкә уә сә’дәйк, уәл-хойру куллуһу би-ядәйк, уәш-шәрру ләйсә иләйк, әнә бикә уә иләйк, тәбәрактә уә тә’аләйт, әстағфирукә уә әтубу иләйк". «Мен жүзімді көк пен жерді жоқтан бар етушіге ханиф (нағыз мұсылман) болған күйде бұрдым, әрі мен мүшріктерден емеспін. Расында, менің намазым, құлшылығым, өмірім және өлімім бүкіл әлемдердің Раббысы – Аллаға тән. Оның серігі жоқ. Маған осылай бұйырылды және мен мұсылмандарданмын. Я, Алла! Сен – Патшасың, Сенен басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Сен – менің Раббымсың. Ал, мен—Сенің құлыңмын. Мен өз-өзіме зұлымдық жасадым әрі күнәларымды мойындадым. Сондықтан менің барлық күнәларымды кешір! Расында, күнәларды Сенен басқа ешкім кешіре алмайды. Мені мінез-құлықтың ең көркеміне туралай гөр, оның ең көркеміне Сенен басқа ешкім туралай алмайды. Және менен оның (мінез-құлықтың) жаманын бұрып әкет, оның жаманын менен Өзіңнен басқа ешкім бұрып әкете алмайды. Міне, мен Сенің алдыңдамын және менің бақытты болуым Саған тәуелді. Барлық жақсылық Сенің Қолында, ал жамандық Сенен емес. Мен не істесем де, Сенің көмегің себепті болады және мен Саған ораламын. Сен Игі-Берекелісің әрі (бәрінен де) Жоғарысың. Сенен кешірім сұраймын әрі Саған тәубе етемін» [52]. [52] Муслим (1/534, 771) келтірген.
"Аллаһуммә раббә Жибраил, уә Микаил, уә Исрафил! Фатыр әс-сәмәуәти уәл-ард, ‘алимәл ғойби уәш-шәһәдә! Әнтә тахкуму бәйнә ‘ибәдикә фимә кәәну фииһи яхталифун. Иһдини лимәхтуләфа фииһи минәл-хаққи би-изник. Иннәкә тәһди мән тәшәәу илә сыротин мустақийм". «Жәбірейілдің, Микаилдің және Исрафилдің Раббысы, уа Алла! Көк пен жердін Жаратушысы, ғайып пен көрнеуді Білуші. Сен құлдарың өзара дауласқан нәрсеге үкім шығарасың. Мені Өз қалауыңмен келіспеушіліктерден ақиқатқа бастай гөр. Күмәнсіз, Сен қалағаныңды тура жолға салушысың» [53]. [53] Муслим (1/534) (№ 770).
"Аллаһу әкбар кәбиирән. Уәлхамду лилләһи кәсаиран. Уә субхааналлаһи букратан уә әсийлә (3 реттен ) Ә‘уузу билләһи минәш-шайтан: мин нафхиһи, уә нафсиһи, уә ҳамзиһи". «Алла аса Ұлы! Аллаға көп-көп мадақ болсын. Алла ертелі-кеш (кемшілік атаулыдан) Пәк! (3 реттен). Шайтаннан: ол уәсуас қылатые тәкаппарлықтан, оның сасық демінен және сілекейінен және оның ақылдан аздыратын азғыруынан Аллаға сиынамын» 54].
[54] Әбу Дәуд (1/203, 764), Ибн Мәжаһ (1/265, 807) және Ахмад (4/85, 16739). Шуғайб әл-Арнаут «Муснад» тахқиқында: “Басқа жолдармен "жақсы" хадис”, - деді. Абдулқадір Арнаут Ибн Таймияның «әл-Кәлим әт-Тайиб» еңбегіне жасаған тахрижында (78): “Бұл қуаттаушы риуаяттарымен сахих хадис”, - деп келтірген. Албани оны «Сахих әл-Кәлим әт-Тайиб» кітабында (62) атап өткен. Муслим бұл хадисті Ибн Омардан (Алла оларға разы болсын) осыған ұқсас риуаят еткен, әрі онда бір қисса баяндалады (1/420, 601).
"Аллаһуммә ләкәл-хамд, әнтә Нуурұс-сәмәуәти уәл-ард уә мән фииһинн. Уә ләкәл-хамд, әнтә қаййимұс-сәмәуәти уәл-ард уә мән фииһинн. Уә ләкәл-хамд, әнтә Раббус-сәмәуәти уәл-ард уә мән фииһинн. Уә ләкәл-хамд, ләкә мулкус-сәмәуәти уәл-ард уә мән фииһинн. Уә ләкәл-хамд, әнтә Мәликус-сәмәуәти уәл-ард. Уә ләкәл-хамд. Әнтәл-Хаққ, уә уә‘дукә хаққ, уә қаулукә хаққ, уә лиқоукә хаққ, уәл-Жәннәту хаққ, уән-Нәру хаққ, уән-нәбиййуна хаққ, уә Мухаммадун ﷺ хаққ, уәс-са‘ату хаққ. Аллаһуммә ләкә әсламту, уә ‘аләйкә тәуәккәлту, уә бикә әәмәнту, уә иләйкә әнәбту, уә бикә хосамту, уә иләйкә хәкамту. Фағфир ли мә қоддамту, уә мә әххарту, уә мә әсрарту, уә мә ә‘ланту, уә мә әнтә ә‘ләму биһи минни. Әнтәл-муқаддиму, уә әнтәл-муаххиру, ләә иләһә иллә әнт.Әнтә Иләһи ләә иләһә иллә әнт. Уә ләә хаулә уә ләә қууәтә иллә билләһ". «Уа, Алла! Саған мадақ болсын! [55], Сен Көк пен жердің және олардың ішіндегілердің нұрысың, әрі Саған мадақтар болсын. Сен—Көк пен жерді және олардың ішіндегілерді Басқарушысың, [әрі Саған мадақтар болсын, Сен Көк пен жердің және олардың ішіндегілердің Раббысың] [әрі Саған мадақ болсын, көктер мен жердің және олардың ішіндегілердің билігі Өзіңе тән] [әрі Саған мадақтар болсын. Сен—Көк пен жердің Патшасысың] [әрі Саған мадақ болсын] [Сен – Хақсың, Сенің уәдең – хақ, Сенің сөзің – хақ, Сенімен қауышу – хақ, Жәннат – хақ, Тозақ – хақ, пайғамбарлар – хақ, Мухаммад ﷺ – хақ, әрі Қиямет сағаты – хақ] [Я, Алла! Саған бойұсындым, Саған үміт артамын, Саған иман келтірдім, Саған тәубе еттім, Сенің көмегіңмен дауласып-керістім және Сенің төрешілігіңе жүгіндім, Сондықтан менің бұрын жасағаным мен әлі жасамағанымды, менің құпия әрі жәриә жасағанымды кешіре гөр] [және Өзің менен де жақсы білетін нәрселерді кешіре гөр.] [Сен – алдыға Шығарушысың және Сен – Шегіндірушісің, Сенен басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ [Сен менің Құдайымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ] [Алланың (көмегінсіз) ешқандай күш те, қуат та жоқ]»[56]. [55] Алла елшісі ﷺ түнде тәһәжжуд намазын оқуға тұрғанда осыны айтатын. [56] Бухари «Фатхпен» бірге (3/3), (11/116), (13/371), (423), (465), (1120), (6317), (7385), (7442), (7499) және ықшамдап Мүслім соған ұқсас мағынада (риуаят еткен) (1/532), (769).
17. Рукуғ дұғасы
"Субханә Раббиял-’Азыйм". «Ұлы Раббым (кемшілік атаулыдан) Пәк!». Үш рет [57].
[57] «Сунан» иелері және Имам Ахмад: Әбу Дәуд (870), Тирмизи (262), Нәсәи (1007), Ибн Мәжаһ (897) және Имам Ахмад (3514). Қ.: «Сахих Тирмизи» (1/83).
"Субханәкә-Аллаһуммә Роббәнә уә би-хамдика, Аллаһуммәғ-фир ли". «Раббымыз, Аллаһым! Сен Пәксің, Саған мақтау (болсын)! Уа, Аллаһым! Мені кешіре гөр» [58]. [58] Бухари (1/ 99) (794), Муслим (1/ 350) (484).
/Суббухун, Қуддусун, Раббуль-мәләәикәти уәр-рух/. «(Алла)—Пәк, Қасиетті, періштелер мен Жәбірейілдің Раббысы» [59]. [59] Мүслім (1/353), (№ 487) және Әбу Дауд (1/ 230), (№ 872).
"Аллаһуммә ләкә ракаъту, уә бикә әмәнту, уә ләкә әсләмту. Хашаъа ләкә сәмъи, уә бәсари, уә муххи, уә ъазми, уә ъасаби, [уә мәс-тақалләт биһи қадами]". «Аллаһым! Саған рүкуғ еттім, Саған иман келтірдім және Саған бойұсындым. Саған менің естуім, көруім, миым, сүйегім, жүйкем [әрі аяғым көтеріп тұрған нәрсенің бәрі (денем)] бас иді» [60]. [60] Муслим (1/ 534) (771) және Ибн Мәжаһтан басқа төртеуі: Әбу Дауд (760) және (761), Тирмизи (3421), Нәсәи (1049). Тік жақша ішіндегісі – Ибн Хузайма (607) және Ибн Хиббанның (1901) сөзі.
"Субханә зил-жәбәрути, уәл-мәләкути, уәл-кибрийәи, уәл-’азамәһ". «Құдірет, билік, асқақтық және ұлылық Иесі (Алла) кемшілік атаулыдан) Пәк!» [61] . [61] Әбу Дауд (1/230), (873), Нәсәи (1131) және Ахмад (23980). Иснады "жақсы".
18. Рүкуғтан көтерілгендегі дұға
"Сәми’а-Ллаһу лимән-хамидәһ". (Алла Тағала Өзіне мақтау айтушыны естиді) [62]. [62] Бухари «Фатхпен» бірге (2/282), (796).
"Роббәнә, уә ләкәл-хамду, хамдән кәсиран, тойибән, мубәракән фииһ". (Раббымыз! Саған мақтау-мадақ! Ізгі әрі берекелі көптеген мақтау болсын!) [63]. [63] Бухари «Фатхпен» бірге (2/284), (№ 796).
"Мил әс-сәмәуәти уә мил әл-арды, уә мә бәйнә-һумә, уә мил-ә мә ши`тә мин шәй-ин бә’ду. Әһләс-сәнәи уәл-мәжди, ахаққу мә қоләл ‘абду, уә куллунә ләкә ‘абд. Аллаһуммә, ләә мәни’а лимә а’тайтә, уә ләә му’тыйа лимә мәнә’тә, уә ләә янфә’у зәл-жәдди минкәл-жәдд". «(Я, Раббымыз!) Көкті толтыратындай, жерді толтыратындай және олардың арасындағыны толтыратындай, әрі бұдан кейін қалаған нәрсеңді толтыратындай мадақ Өзіңе болсын. Сен — мадақ пен ұлықтықтың Иесісің. Құлдың айтқан сөздерінің ең дұрысына лайықсың. Барлығымыз да Саған құлмыз: Я, Алла! Сен берген нәрсеге ешкім тосқауыл бола алмайды, ал Сен бермеген нәрсені ешкім бергізе алмайды. Сенің алдыңда байдың байлығы пайда бермейді» [64]». [64] Муслим (1/ 346), (№ 477).
19. Сәждеде айтылатын дұға
"Субхана Роббиял-А’ләә" (Аса Жоғары Раббым Пәк!) үш рет [65].
[65] Бұл хадисті Сунан иелері мен Ахмад риуаят еткен: Әбу Дәуд (870), Тирмизи (262), Нәсәи (1007), Ибн Мәжаһ (897) және Ахмад (3514). Қ.: "Сахих Тирмизи" (1/83).
"Субханакә Аллаһумма Роббана уә бихамдик. Аллаһуммағ-фирли". «Раббымыз Алла Сен Пәксің! Саған мадақ айтамын. Аллаһым! Мені кешіре гөр!» [66] [66] Бухари (794) және Муслим (484), сондай-ақ ол алдыңғы хадисте 34-нөмірімен келген.
"Суббухун, Қуддусун, Раббул-мәләәикәти уәр-Рух". "Өте Пәк, Қасиетті және періштелер мен Жебірейілдің Раббысы!" [67]. [67] Муслим (1/533), (487) Әбу Дауд, (872). Бұған дейін 35-нөмірімен келген.
"Аллаһуммә ләкә сәжәдту, уә бикә әәмәнту, уә ләкә әсламту, сәжәдә уәжһия лилләзи холәқаһу, уә саууаһу, уә шаққа сәм‘әһу уә басараһ, тәбәәрокаллаһу әхсәнул-хоолиқин". «Я, Алла! Саған сәжде еттім, Саған иман келтірдім және Саған бойсұндым. Жүзім өзін Жаратқанға, оған бейне берген әрі естуі мен көруін ашқанға сәжде етті. Жаратушылардың ең шебері Алла — аса Берекелі!» [68] [68] Муслим (1/534), (771) және басқалар.
"Субханә зил-жәбәрути, уәл-мәләкути, уәл-кибрийәи, уәл-’азамәһ". «Үстемдік, билік, ұлылық және асқақтық Иесі (Алла) — (барлық кемшіліктен) Пәк!». [69]. [69] Әбу Дәуд (1/230), (873), Нәсәи (1131) және Ахмад (23980). Албани «Сахих Әбу Дәуд» (1/166) кітабында бұл хадистің "сахих" екенін растады, әрі оның шығу деректері жоғарыда 37-хадисте келген.
"Аллаһуммәғфир ли зәнби куллаһу: диққәһу уә жилләһу, уә әууәләһу уә әахироһу, уә ‘аләнийәтәһу уә сирраһу". «Я, Алла! Менің барлық күнәларымды: кішісі мен үлкенің, алдыңғы және соңғысың, ашық әрі жасырын (жасалғанын) кешіре гөр!». [70]. [70] Муслим (1/ 230; № 483). [109] «Кім осы сөздерді кешке шын жүректен иман келтірген күйі айтып, сол түні қайтыс болса, Жәннатқа кіреді. Сондай-ақ, таңертең айтса, дәл солай болады». Бухари (7/150), (6306) нөмірімен келтірген.
"Аллаһумма, инни әъузу биридокә мин сахотикә, уә бимуъафатикә мин уқубәтикә, уә аъузубикә минкә! Лә ухси сәнәан ъаләйкә. Әнтә кәмә аснәйтә ъали нәфсикә!" «Аллаһым! Расында мен Өзіңе сиынып, разылығың сұрап ашуыңнан, кешіріміңді сұрап, жазаңнан панаңды тілеймін. Сондай-ақ Өзіңе (рақымыңа) сиынып, Сенен (жазаңнан) панаңды сұраймын. Мен Саған деген мадақты айтып тауыса алмаймын, өйткені Сен Өзіңді толығымен мақтағаныңдайсың!»[71]. [71] Муслим (1/352), (486).
20. Екі сәжде арасындағы отырыста оқылатын дұға.
"Роббиғ-фир ли, Роббиғ-фир ли". «Раббым, мені кешіре гөр! Раббым, мені кешіре гөр!»[72]. [72] Әбу Дауд (1/231), (874) және Ибн Мәжаһ, (897). Қараңыз: "Сахих Ибн Мәжаһ" (1/148).
"Аллаһумма-ғфир ли, уа-рхам-ни, уа-һди-ни, уа-жбур-ни, уа-'афи-ни, уа-рзуқ-ни, уа-рфағ-ни/. «Аллаһым! Мені кешіре гөр, маған рахым ет, мені тура жолға баста, мені түзе, маған есендік бер, мені сауықтыр, маған ризық-несібе беріп және дәрежемді көтере гөр» [73]. [73] Бұл хадисті Нәсаиден басқа Сунан иелері: Әбу Дәуд (1/231) (850), Тирмизи (284) және (285), Ибн Мәжаһ (898) риуаят еткен. Қ.: «Сахих Тирмизи» (1/90) және «Сахих Ибн Мәжаһ» (1/148).
21. Тиләуәт сәждесінің дұғасы
"Сәжада уажһийа лил-ләзии холақаһу, уа шаҡқа сам‘аһу уә басараһу би хәулиһи уә қууатиһ, фәтәбарока-Ллаһу ахсанул-хоолиқин". «Жүзім өзін Жаратқанға, сондай-ақ оған Өзінің күш-қуатымен есту, көруді қалыптастырғанға сәжде етті. (Жасап шығарушылардың ең жақсысы Алла—аса Берекелі)» [123] Әбу Дауд (4/322), (5084). Шуғайб пен Абдулқадыр Арнаууттар «Зад әл-маъад» редакциясында (2/373) оның иснадын "хасан" деген.
(Муминун: 14) [74]. [74] Тирмизи (2/474), (3425), Ахмад (6/30), (24022) және Хаким риуаят еткен. Ол хадисті "сенімді" деп тапқан және Зәһәби онымен келіскен (1/220), онда қосымша бар.
"Аллаһуммак-туб ли биһа 'индакә әжран, уә дағни биһа уизран, уәж-ъалһа ли ъиндакә зухран, уә тақаббәлһа минни кәмә тақаббәлтәһа мин ъабдикә Дауд". (Аллаһым! Осы арқылы маған Өз құзырыңда сауап жаза гөр, ол арқылы күнәмді кешіре гөр, оны маған Өз құзырыңда қазына етіп сақтай гөр және оны құлың Даудтан қабыл еткеніңдей, менен де қабыл ете гөр!" [75]. [75] Тирмизи (2/473), (579) және Хаким "сахих" деп, онымен Зәһәби келіскен (1/219).
22. Тәшәһһуд (Әт-тәхйият)
"Әт-тәхийату ли-Лләһи, уә-с-солауәту, уә-т-тойибәт. Әс-сәләму ‘аләй-кә әй-юһән-нәбию уә рохмәту-Ллаһи уә бәракәтуһ. Әс-сәләму ‘аләйнә уә ‘алә ‘ибәди-Лләһи-с-солихин. Әшһәду әл-лә иләһа иллә-Ллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдан ‘абдуһу уә расулуһ". «Сәлемдер, салауаттар және барлық жақсылықтар Аллаға тән. Уа, Пайғамбар! Саған (Алланың) сәлемі, Алланың рақымы және Оның берекеті болсын! Алланың сәлемі бізге және Оның ізгі құлдарына болсын! Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін» [76]. [76] Бухари, «Фатхпен» бірге (2/311) (831) және Муслим (1/301) (402).
23. Ташаһһудтен кейін Пайғамбарға ﷺ салауат айту.
"Аллаһуммә солли ‘алә Мухаммад, уә ‘алә азуәжихи уә зуррийятиһи, кәмә солләйтә ‘алә әли Ибраһим. Уә барик ‘алә Мухаммад, уә ‘алә азуәжиһи уә зуррийятиһи, кәмә бәрактә ‘алә әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжид". «Аллаһым! Ибраһим отбасына игілік еткеніңдей, Мұхаммедке және оның әйелдері мен ұрпағына да игілік еткейсің. Әрі Ибраһим отбасына береке бергеніңдей, Мұхаммедке және оның әйелдері мен ұрпағына да береке бере гөр. Шын мәнінде, Сен Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың!»[78]. [78] Бухари «Фатхпен» бірге (6/407), (3369) және Муслим (1/306), (407). Мәтін Муслимдікі.
24. Соңғы ташаһһудтен кейін, сәлем алдында дұға жасау.
"Аллаһуммә, инни ә’узу бикә мин ‘азәбил-қабри, уә мин ‘азәби жәһәннәма, уә мин фитнәтил махйа уәл-мәмәти, уә мин шәрри фитнәтил мәсихи-д-дәжжәл". «Аллаһым! Расында мен Өзіңе сиынып, қабір азабынан, Тозақ азабынан, өмір мен өлімнің бүлігінен және Мәсих Дәжжалдың бүлігінен пана беруіңді сұраймын» [79]. [79] Бухари (2/102) (1377), Муслим (1/412) (588). Мәтін Муслимдікі.
"Аллаһуммә, инни ә’узу бикә мин ‘азәбил-қабри, уә ә’узу бикә мин фитнәтил мәсихи-д-дәжжәл, уә ә’узу бикә мин фитнәтил махйа уәл-мәмәт. Аллаһуммә, инни ә’узу бикә минәл-мә’сәми уәл-мәғрам". «Аллаһым! Расында, мен Өзіңе сиынып, қабір азабынан пана беруіңді сұраймын, Мәсих Дәжжәл бүлігінен пана беруіңді сұраймын, сондай-ақ өмір мен өлім бүлігінен панаңды сұраймын. Аллаһым! Расында, мен Өзіңе сиынып, күнәдан және қарыздан панаңды сұраймын!» [80]. [80] Бухари (1/202) (832) және Муслим (1/412) (587).
"Аллаһуммә инни золамту нафсии зулмән касиран, уә лә йәғфируҙ-зунубә иллә әнтә, фағфир лии мәғфиратан мин ‘индикә уәрхамнии, иннәкә әнтә әл-Ғафуурур-Рахиим". «Аллаһым! Мен өз-өзіме көп зұлымдық жасадым. Күнәларды Сенен басқа ешкім кешірмейді. Өз жарылқауыңмен мені кешір, маған рақым ет. Расында, Сен — Кешіруші, ерекше Рақымдысың [81]. [81] Бухари (8/168) (834), Муслим (4/2078) (2705).
"Аллаһуммәғ-фир лии ма қоддәмту уә мә аххарту, уә мә әсрарту уә мә ә‘ләнту, уә ма әсрафту уә ма әнтә а‘ләму биһи минни. Әнтә әл-муқаддиму уә әнтә әл-муаххир, ләә илаһә иллә әнтә". «Аллаһым! Менің бұрын істеген және кейін істейтін күнәларымды, жасырын істегенімді және ашық істегенімді, шектен шыққан істерімді және Өзің менен жақсы білетін нәрселерімді кешіре гөр. Сен — ілгерлетуші және кейін қалдырушымың. Сенен басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ» [82]. [82] Муслим (1/534), (771).
"Аллаһуммә ә‘инни ‘алә зикрика уә шукрика уә хусни ‘ибадатика". «Уа, Алла! Өзіңді еске алуға, Саған шүкір етуге және Саған көркем түрде құлшылық жасауға маған жәрдем ет» [83]. [83] Әбу Дәуд (2/86) (1522) және Нәсәи (3/53) (2302). Албани «Сахих әбу Дәуд» (1/284) кітабында бұл хадистің "сахих" екенін растады.
"Аллаһуммә инни ә‘уузу бикә минәл-бухли, уә ә‘уузу бикә минәл-жубни, уә ә‘уузу бикә мин ән урадда илә арзалил-‘умур, уә ә‘уузу бикә мин фитнәтид-дунйә уә ‘азабил-қабр". «Аллаһым! Расында, мен Өзіңе сиынып, сараңдықтан пана тілеймін және Өзіңе сиынып қорқақтықтан пана тілеймін. Сондай-ақ, Өзіңе сиынып, ең жаман кәрілікке (дәрменсіз хәлге) қайтарылудан пана тілеймін және Өзіңе сиынып, дүние фитнасы мен қабір азабынан пана сұраймын». [84]. [84] Бухари «Фатхпен» бірге (6/35), (2822) және (6390).
"Аллаһуммә инни әс’әлукәл-жәннәтә уә ә‘уузу бикә минән-нәр". «Аллаһым! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын және Өзіңе сиынып, Тозақтан пана тілеймін» [85]. [85] Әбу Дауд, (792) және Ибн Мәжаһ, (910). Қ: "Сахих ибн Мәжаһ" (2/328).
"Аллаһуммә би ‘илмикәл-ғойб уә құдратикә ‘аләл-холқ, әхйини мә ‘алимтә әл-хаяәтә хойран лии, уә тәуәффани изә ‘алимтә әл-уфатә хойран лии. Аллаһуммә инни әс’әлукә хошйәтәкә фил-ғойби уәш-шәһәдә, уә әс’әлукә кәлимәтәл-хаққи фир-ризо уәл-ғадаб. Уә әс’әлукә әл-қасда фил-ғина уәл-фақр, уә әс’әлукә на‘имән ләә йәнфәд, уә әс’әлукә қурратә ‘айнин ләә танқати‘, уә әс’әлукә әр-ризо бә‘дәл-қодо, уә әс’әлукә бардәл-‘айши бә‘дәл-маут. Уә әс’әлукә ләззәтән-нәзар илә уәжһик, уәш-шауқа илә лиқооикә фи ғойри дарра’а мудирра, уә лә фитнәтин мудиллә. Аллаһуммә зайинна бизинәтил-иман, уәж‘ална һудаәтән муһтадин". «Аллаһым! Сенің ғайыпты толық білетініңмен және жаратылысты билеудегі құдіретіңмен! Егер тіршілікті мен үшін қайырлы деп білсең, маған өмір бергейсің. Ал, өлімді мен үшін хайырлы деп білсең, маған өлім бере гөр деп сұраймын. Уа, Алла! Мен Сенен ғайыпта да, көріністе де Өзіңнен қорқуды, сондай-ақ ризалықта және ашуда болсын, ақиқат айтуды сұраймын. Және Сенен байлықта да, кедейлікте де орта жолды ұстануды тілеймін. Уа, Алла! Мен Сенен ешқашан сарқылмайтын нығмет, үзілмейтін көз қуанышын сұраймын. Сондай-ақ, үкімнен кейін разылық, өлімнен кейін жайлы өмір сұраймын. Әрі Сенің Жүзіңе қараудың ләззаты мен Саған кездесуге деген сағынышты зиянды қиындықсыз, адастыратын фитнасыз болуын сұраймын. Уа, Алла! Бізді иман көркемдігімен көркейте гөр! Әрі бізді тура жолды ұстанған жетекшілерден ете гөр!» [86]. [86] Насаи (3/54) (55) (1304), Имам Ахмад (4/364) (21666). Албани «Сахих ән-Насаи» (1/281) кітабында оны "сенімді" деп бағалаған.
"Аллаһуммә инни әс’әлукә иә Аллаһ, би әннәкәл-уахидул-әхадус-сомад, әлләзи лам йәлид уә лам йуулад, уә лам йәкул ләһу куфууан әхәд, ән тәғфира ли зүнууби, иннәкә әнтәл-Ғофуурур-Рохийм". «Уа, Алла! Расында, мен Сенен — Сенің Жалғыз, Бір, Мұқтажсыз, тумаған әрі туылмаған және Саған ешкім тең емес екендігіңмен — күнәларымды кешіруіңді сұраймын. Расында, Сен — Кешіруші, ерекше Рақымдысың» [87]. [87] Нәсәи (3/52, 1300, мәтін соныкі), Имам Ахмад (4/338, 18974). Албани «Сахих ән-Нәсәи» (1/280) кітабында оны "сахих" деп бекітті.
"Аллаһуммә инни әс’әлукә би әннә ләкәл-хамд, ләә иләһә иллә әнт, уахдәкә ләә шәрикә ләк. Әл-Мәннән, йәә бәдии‘әс-сәмәуәти уәл-ард, йәә зәл-жәләәли уәл-икроом, йәә хаййу йәә қоййум. Инни әс’әлукәл-жәннәтә уә ә‘уузу бикә минән-нәр". «Аллаһым! Расында, барлық мақтау-мадақ Өзіңе тән екенін айтып, Сенен сұраймын. Сенен басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ, Сен Жалғызсың, Сенің ешбір серігің жоқ. Сен – үздіксіз игілік Берушісің. Я, Көк пен жерді жоқтан бар етіп Жаратқан! Я, Ұлылық пен құрмет Иесі! Я, Мәңгі Тірі, я, Бәрін Меңгеруші! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын, және Өзіңе сиынып Тозақтан пана сұраймын» [88]. [88] Сунан иелері: Әбу Дауд (1495), Тирмизи (3544), Ибн Мәжаһ (3858) және Нәсаи (1299) риуаят еткен. Қ.: "Сахих Ибн Мәжаһ" (2/329).
"Аллаһуммә, инни әс-әлукә би-әнни әшһәду әннәкә әнтәЛлаһу, лә иләһа иллә әнтә, әл-Әхәду-с-Сомаду, әл-ләзи ләм йәлид, уә ләм йуләд, уә ләм йәкул-ләһу куфуән әхәд". «Аллаһым! Расында, мен: «Сен – Алласың, Сенен басқа құлшылыққа лайық құдайр жоқ. Сен Жалғызсың, Мұқтажсызсың. Сен (ешкімді) тумадың, (ешкімнен) туылмадың. Саған ешкім тең емес», – деп куәлік ете отырып, Сенен сұраймын» [89]. [89] Әбу Дәуд (2/ 62) (1493), Тирмизи (5/515) (3475), Ибн Мәжаһ (2/1267) (3857), Нәсаи (1300) осы мәтінмен және Ахмад (18974). Албани «Сахих ән-Нәсәи» (1/280) кітабында бұл хадистің "сахих" екенін растады. Қ.: «Сахих Ибн Мәжаһ» (2/ 329) және «Сахих әт-Тирмизи» (3/163).
25. Намазда сәлем бергеннен кейін айтылатын зікірлер
«АстағфируЛлаһ (үш рет). Аллаһуммә, Әнтә-с-Сәләм, уә минкә-с-сәләм, тәбәрактә, йа Зәл-жәләли уәл-икрам» (Алладан кешірім тілеймін (үш рет). Я, Алла! Сен Мінсізсің (әс-Сәләм - Алланың қандай да кемшілік атаулыдан ада екендігіне нұсқайтын Оның көркем есімдерінің бірі), әрі амандық Сенен. Уа, Ұлылық пен Құрмет Иесі, Сен Игі Берекелісің) [90].
[90] Муслим (1/414) (591).
[91] Бухари (1/255) (844) және Муслим (1/414) (593). Тік жақша ішіндегісі – Бухаридің (6473) қосымшасы.
"Субханәллаһи, уәл-хамду лилләһи, уаллаһу әкбар (33 рет). Лә иләһә илләллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуа ‘алә кулли шәи’ин қадир". «Алла Пәк, барлық мақтау Аллаға тән, Алла Ұлы (33 реттен). Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Ол – Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік пен барлық мақтау Оған тән, әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді»[93].
«[93] Муслим (1/418, №597). Онда: «Кім осыны әр намаздан кейін айтса, оның күнәлары теңіздегі көбіктердей көп болса да, кешіріледі», – делінген.
"(Уа, Пайғамбар!) Айт: «Ол Алла—Жалғыз Алла—әс-Самад (Мұқтажсыз, барлық жаратылыс Оған мұқтаж) 2 (Ешкімді) тумаған және (ешкімнен) туылмаған 3 Оған ешкім тең емес" 4 (Ықылас: 1-4).
(Уа, Пайғамбар!)/ Айт: «Таңның Раббысына сиынып, қорғауын тілеймін 1 жаратқан нәрселерінің жамандығынан 2 (дүниені) жапқан кездегі қараңғылықтың жамандығынан 3 және түйіндерге үрлеуші (дем салғыш) әйелдердің жамандығынан 4 күндеушінің күндеген кездегі жамандығынан 5) (Фәлақ: 1-5).
(Уа, Пайғамбар!) Айт: «Адамдардың Раббысына сиынып, қорғауын тілеймін 1 адамдардың шын Билеушісіне 2 адамдардың Құдайына 3 (Алла еске алынса) шегінуші, азғырушының (уәсуасул ханнас) жамандығынан 4 сондай, адамдардың көкіректеріне уәсуәса (азғыру) салатын 5 жындар және адамдардан (болған) 6) [Нас: 1-6].
Әрбір намаздан кейін[94]. [94] Әбу Дауд (2/86), (1523), Тирмизи, (2903) және Нәсаи (3/68), (1335). Қ.: "Сахих Тирмизи" (2/8). Бұл үш сүре «Муғаууизәт» деп аталады. Қ.: "Фатх әл-Бари" (9/62).
"Аллаһу ләә иләһә иллә һуәл-Хаййул-Қоййум. Ләә тә’хузуһу синәтун уә ләә нәум. Ләһу мәә фис-сәмәуәти уә мәә фил-ард. Мән зәлләзи йәшфә‘у ‘индәһу иллә би изниһ. Йә‘ләму мә бәйнә әйдиһим уә мәә халфәһум. Уә ләә йухитуна бишәй’ин мин ‘илмиһи иллә бимә шәә. Уәси‘а курсиййуһус-сәмәуәти уәл-ард. Уә ләә йә’удуһу хифзуһума. Уә һуәл-‘Алиййул-‘Азим. ("Алладан басқа (құлшылыққа лайық) құдай жоқ, Ол Тірі, толық меңгеріп Тұрушы. Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көк пен жердегі нәрселер Оның иелігінде. Оның алдында Оның рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Ол оларға дейін болғанды және олардан кейін болатын нәрселерді біледі. Ал, олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның Күрсиі көктер мен жерді қамтиды. Оған оны қорғау ауыр келмейді және Ол - Өте Биік, Аса Зор 255) (Бақара: 255) Әр намаздан кейін [95]. [95] «Кімде-кім оны әрбір намаздың соңында оқыса, оның жәннатқа кіруіне өлімнен басқа ешнәрсе кедергі болмайды». Нәсәи "Амал әл-йәум уәл-ләйлә" (100) және Ибн әс-Сунни (121) риуаят еткен. Албани оны "Сахих әл-Жәмиғ" (5/339) және "Силсилә әл-ахадис әс-сахиха" (2/697), (972) "сахих" деген.
"Ләә иләһә иллә Аллаһу уахдәһу ләә шәрикә ләһ. Ләһул-мулку уә ләһул-хамду, йухйи уә юмит, уә һуа ‘алә кулли шайин Қодир". «Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ, Ол – Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік пен барлық мақтау Оған тән. Ол тірілтеді әрі өлтіреді. Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді». Ақшам және таң намазынан кейін он рет. [96].
[96] Тирмизи (5/515), (3474) және Имам Ахмад (4/227), (17990). Шыққан дерек көзін «Зад әл-маъад» (1/300) кітабынан қараңыз.
"Аллаһуммә инни әс’әлукә ‘ылмән нәәфи‘ан, уә ризқан тоййибан, уә ‘амәлән мутақаббалан". «Аллаһым! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық және қабыл болатын амал сұраймын» таң намазында сәлем бергеннен кейін [97].
[97] Ибн Мәжаһ (925), Нәсаи, "Амәл әл-йәум уәл-ләйлә" (102). Қ.: "Сахих Ибн Мәжаһ" (1/152), "Мәжмағ әз-зәуәид" (10/111). Сондай-ақ, алда (№ 95) келеді.
26. Истихара намазының дұғасы
Жәбир ибн Абдуллаһ (Алла екеуіне разы болсын) былай деген: «Алланың Елшісі ﷺ бізге барлық істерде (көмек сұрауда) истихара дұғасын, Құран сүрелерін үйреткендей үйретіп, былай дейтін: «Сендерден қайсыларың бір іс істегің келсе (бел байласаң) екі ракағат (нәфіл) намаз оқысын да, былай десін: "Аллаһуммә инни әстәхирукә би ‘илмикә, уә әстақдирукә би қудратикә, уә әс’әлукә мин фадликәл-‘азыйм; фә-иннәкә тақдиру уә ләә ақдиру, уә тә‘ләму уә ләә ә‘ләм, уә әнтә ‘алләәмул-ғуйуб. Аллаһуммә ин кунтә тә‘ләму әннә һәәзәл-әмра (— қажетін айтады —) хойрун лии фи дини уә мә‘аши уә ‘ақибәти әмри, әу қолә: ‘ажилиһи уә әәжилиһи, фақдурһу ли уә йассирһу ли, сумма бәәрик ли фиһ. Уә ин кунтә тә‘ләму әннә һәәзәл-әмра шаррун ли фи дини уә мә‘аши уә ‘ақибәти әмри, әу қолә: ‘ажилиһи уә әәжилиһи, фасрифһу ‘анни уәсрифни ‘анһ, уәқдур лиял-хайра хайсу кәән, сумма ардыни биһ". Уа, Аллаһ! Іліміңмен мен үшін игілікті таңдауыңды және құдіретіңмен маған күш беруіңді сұраймын, әрі кең пейіліңмен мені қуанышты еткейсің. Расында, Сенің құдіретің (бәріне) жетеді. Ал, менің құдіретім жетпейді. Сен білесің, ал мен білмеймін. Сен көместерді (ғайыпты) де толық Білушісің. Аллаһым! Егер бұл істің – (осы жерде өз қажетін айтады) – дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында (немесе былай десін: "таяуда және кейін болатынында") – маған қайырлы екенін білсең, оны маған нәсіп еткейсің әрі маған жеңілдеткейсің. Сонан соң оны мен үшін берекелі қылғайсың. Ал, егер бұл істің дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында – немесе: "таяуда және кейін болатынында" десін – маған жаман екенін білсең, оны менен алыстатқайсың және мені одан алыстатқайсың! Сондай-ақ, қай жерде болса да, маған игілік нәсіп еткейсің, сонан соң мені онымен разы еткейсің» [98]. [98] Бухари (7/162; № 1162).
Ісінде Жаратушыдан жақсылығын таңдауды сұрап, мүміндермен кеңесіп, өз ісінде берік болған адам өкінбейді. Расында, Алла Тағала былай деген: (...іс жөнінде олармен кеңес қыл. Қашан (бір іске) бекінсең, Аллаға тәукел ет...) [99]. [99] (Әлі Ғимран сүресі: 159).
27. Таңғы және кешкі зікірлер
«Барлық мадақ Аллаға тән. Алланың салауаты мен сәлемі өзінен кейін пайғамбар болмайтынға (Мұхаммедке) болсын!» [100]. [100] Әнас (Алла оған разы болсын) бұл сөздерін Пайғамбарға ﷺ тіреп былай деді: «Таң намазынан бастап күн шыққанға дейін Ұлы Алланы еске алатын қауыммен бірге отыруым мен үшін Исмаил ұрпағынан төрт құлды азат еткенімнен сүйкімдірек. Сондай-ақ, екінті намазынан бастап күн батқанға дейін Алланы еске алушы қауыммен бірге отыруым мен үшін төрт құлды азат еткенімнен де сүйкімдірек». Әбу Дауд (3667). Албани «Сахих әбу Даудта» (2/698) оны "хасан" деген.
"Ә‘уузу билләһи минәш-шайтонир-ражийм". Аллаға сиынып, қуылған шайтаннан (оның кесірінен құтқар деп) пана сұраймын
"Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ, Ол Тірі, толық меңгеріп Тұрушы. Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көк пен жердегі барлық нәрселер Оның иелігінде. Оның алдында Оның рұқсатынсыз кім шапағат етеді? (Алла) оларға дейін болғанды және олардан кейін не болатынынды біледі. Ал, олар Оның қалауынан басқа ештеңе білмейді. Оның Күрсиі жер-көкті қамтиды. Оларды қорғау Оған ауыр келмейді және Ол - Өте Биік, Аса Зор 255) (Бақара: 255)[101]. [101] «Кімде-кім оны таңертең айтса, кешке дейін жындардан қорғалады. Ал, кім оны кешке айтса, таңға дейін олардан қорғалады». Хаким (1/562). Албани «Сахих әт-Тарғиб уәт-Тарһиб» (1/273) жинағында оны "сахих" деп тапқан және оны Нәсаи мен Табараниге сілтеп: "Табаранидің тізбегі жақсы", - деген.
"(Уа, Пайғамбар!): «Ол Алла—Жалғыз. Алла—Мұңсыз (барлық жаратылыс Оған мұқтаж) 2 (Ешкімді) тумаған және (ешкімнен) туылмаған 3 әрі ешкім Оған тең емес 4) (Ықылас: 1-4).
"(Уа, Пайғамбар!) «Таңның Раббысына сиынып, қорғауын тілеймін 1 жаратқан нәрселерінің жамандығынан 2 әрі (бәрін) жапқан кездегі қараңғылықтың жамандығынан 3 және түйіндерге үрлеушілердің жамандығынан 4 әрі көреалмаушының қызғанған кездегі жамандығынан 5) (Фәлақ: 1-5).
"(Уа, Пайғамбар!) Айт: «Адамдардың Раббысына сиынып, қорғауын тілеймін 1 адамдардың шын Билеушісіне 2 адамдардың Құдайына 3 (Алла еске алынғанда) шегінуші, азғырушының жамандығынан 4 сондай, адамдардың көкіректеріне азғыру салатын 5 жындар және адамдардан 6) [Нас: 1-6] (үш мәрте) [102]. [102] «Кімде-кім бұл сөздерді таңертең және кешке үш рет айтса, бұл оған барлық нәрседен жеткілікті болады». Хадисті Әбу Дауд (4/322) (№ 5082) және Тирмизи (5/567) (№ 3575) келтірген. Қ.: «Сахих ат-Тирмизи» (3/182).
"Асбахна уә асбахал-мулку лиллаһ, уәл-хамду лиллаһ. Ләә иләһә иллә Аллаһу уахдәһу ләә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуа ‘алә кулли шайин Қодир. Робби әс-әлукә хойра мәә фи һәәзәл-йаум, уә хойра мәә бә‘даһ. Уә ә‘уузу бикә мин шарри мәә фи һәәзәл-йаум, уә шарри мәә бә‘даһ. Робби ә‘уузу бикә минәл-касали уә су’ил-кибар. Робби ә‘уузу бикә мин ‘азабин фин-нәр, уә ‘азабин фил-қабр". «Біз таң аттырдық [103], әрі бүкіл билік Аллаға тән болды. Барлық мадақ Аллаға тән. Одан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ, Ол – Жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік те Оған тән, мадақ та Оған тән, әрі Ол барлық нәрсеге Құдіретті. Уа, Раббым! Мен Сенен осы күннің жақсылығын және одан кейінгі жақсылықты сұраймын[104]. Сондай-ақ, осы күннің жамандығынан және одан кейінгі жамандықтан Өзіңе сиынамын. Уа, Раббым! Мен Өзіңе сиынып, жалқаулықтан және жаман кәріліктен (дәрменсіздіктен) пана тілеймін. Уа, Раббым! Мен Өзіңе сиынып, тозақтағы азап пен қабірдегі азаптан пана тілеймін».[105]. [103] Ал кешкісін былай дейтін: /Әмсайна уә амсал-мулку ли-Ллаһи". «Бізге және Алланың иелігінде болған барлық нәрсеге кеш түсті».
"Рабби әс’әлукә хайра мәә фи һәәзиһил-ләйләти, уә хайра мәә бә‘даһә. Уә ә‘уузу бикә мин шарри мәә фи һәәзиһил-ләйләти, уә шарри мәә бә‘даһә". [104] Ал кеш батқанда былай дейтін: «Раббым! Сенен осы түнде болатын игілік пен осы түннен кейін болатын игілік сұраймын. Сондай-ақ Өзіңе сиынып, осы түннің және осы түннен кейін болатын жамандықтан панаңды сұраймын».
"Аллаһуммә бикә әсбахна, уә бикә әмсәйнә. Уә бикә нахйа, уә бикә намут, уә иләйкәл-нушур". «Аллаһым! Сенің көмегіңмен таңды қарсы алдық, Сенің көмегіңмен кеш батырамыз[106]. Сенің көмегіңмен өмір сүреміз және Сенің әміріңмен өлеміз. Тірілетін жеріміз — Сенің құзырың»[107]. [105] Муслим (4/2088), (2723).
[106] Ал кеш түскенде былай деді: "Аллаһумма, бикә әмсайна, уә бикә әсбахна, уә бикә нахйа, уә биәкә намуту уә иләй-кәл-масир". «Аллаһым! Сенің көмегіңмен кеш батырдық, Сенің көмегіңмен таң атырамыз. Сенің көмегіңмен өмір сүреміз, Сен әміріңмен жан тапсырамыз. Қайтар жеріміз—Сенің құзырың».
"Аллаһуммә әнтә Робби, ләә иләһә иллә әнт. Халәқтани уә әнә ‘абдук. Уә әнә ‘алә ‘әһдикә уә уә‘дикә мастата‘ту. Ә‘уузу бикә мин шарри мәә сана‘ту. Әбууу ләкә би ни‘мәтикә ‘аләййә, уә әбууу би зәнби. Фағфир ли, фа-иннәһу ләә йағфируз-зүнуба иллә әнт". «Аллаһым! Сен—менің Раббымсың. Сенен басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ. Сен мені жараттың. Ал, мен Сенің құлыңмын. Қолымнан келгенше Саған берген уәдем және келісіміме берік боламын. Істеген жамандығымның кесірінен Өзіңе сыйынамын. Сенің өзіме берген нығметіңді мойындаймын[108], әрі өз күнәмды да мойындаймын. Мені кешіре гөр, өйткені күнәларды Сенен басқа ешкім кешірмейді» [109]. [107] Тирмизи (5/466) (3391). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/142). [108] "Әбу-у"—растаймын және мойындаймын.
"Аллаһуммә инни әсбахту[110] ушһидукә, уә ушһиду хамаләтә ‘аршик. Уә мәләәикәтикә, уә жәмии‘а холқик, әннәкә әнтәл-лаһу ләә иләһә иллә әнт. Уахдәкә ләә шәрикә ләк. Уә әннә Мухаммәдән ‘абдукә уә расуулук". «Аллаһым! Расында, мен таң атырдым [110]. Мен Өзіңді, Аршыңды көтеріп тұрғандарды, періштелеріңді және барлық жаратылыстарыңды куә етемін: ақиқатында, Сен – Алласың. Сенен басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ. Сен Жалғызсың, Сенің серігің жоқ. Әрі расында, Мұхаммед – Сенің құлың әрі елшің екендігіне куәлік етемін» (төрт рет)[111].
[110] Ал, кешке жақын былай дейтін: "Аллаһумма, инни амсайту". «Аллаһым! Расында, мен кеш батырдым ... ».
[111] «Кімде-кім оны таңертең немесе кешке төрт рет айтса, Алла оны оттан азат етеді». Бұл хадисті Әбу Дауд (4/317) (№ 5071), Бухари «әл-Адәб әл-Муфрад»та (№ 1201), Нәсаи «Амал әл-йаум уәл-ләйлә» еңбегінде (№ 9) нөмірімен және Ибн Сунни (№ 70) келтірген. Мәртебелі шейх ибн Баз (оған Алланың рақымы болсын), «Тухфат әл-ахйар» еңбегінде (23-б.) Нәсаи мен Әбу Даудтың иснадын "хасан" деп бағалаған.
"Аллаһуммә мә асбаха би [112] мин ни’мәтин әу би-ахадин мин халқикә, фә-минкә уахдәкә лә шәрикә ләк. Фә-ләкәл-хамду уә ләкәш-шукр". «Я, Алла! Осы таңда маған [112] немесе жаратқандарыңның біріне берілген қандай да бір нығмет тек Жалғыз Өзіңнен. Сенің ешбір серігің жоқ. Барлық мақтау Өзіңе арналады және шүкір-алғыс та Өзіңе арналады» [113]. [112] ал кешке жақын былай дейтін: "Аллаһуммә мәә әмсәә би..." «Аллаһым! Осы кеште маған не болса...».
[113] «Кімде-кім мұны таңертең айтса, сол күнгі шүкіршілігін өтеген болады. Ал, кім мұны кешке айтса, сол түнгі шүкіршілігін өтеген болады». Әбу Дауд (4/ 318) (№ 5075), Нәсаи «Амәл әл-йәум уәл-ләйлә» еңбегінде (№ 7), Ибн әс-Сунни (№ 41) және Ибн Хиббан «Мәуарид» кітабында (№ 2361) келтірген. Ибн Баз, оған Алланың рақымы болсын, «Тухфат әл-ахйар» (24-б) еңбегінде оның иснадын "хасан" (жақсы) деп бағалаған.
"Аллаһуммә ‘афини фи бәдәни, Аллаһуммә ‘афини фи сәм‘и, Аллаһуммә ‘афини фи бәсари, лә иләһә иллә әнтә. Аллаһуммә инни ә’узу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә ә’узу бикә мин ‘азәбил-қабри, лә иләһә иллә әнтә". (Я, Алла! Тәніме саулық бере гөр! Я, Алла! Құлағыма саулық бере гөр! Я, Алла! Көзіме саулық бере гөр! Өзіңнен басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ. Я, Алла! Расында, мен күпірлік пен кедейліктен Өзіңе сиынамын. Сондай-ақ, қабір азабынан Өзіңе сиынамын. Өзіңнен басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ) үш рет [114].
[114] Әбу Дауд (4/324), (5092), Ахмад (5/42), (20430), Нәсаи «Амәл әл-йәум уәл-ләйлә» (22), Ибн әс-Сунни (69) және Бухари «әл-Әдәб әл-Муфрад» (701). Ғұлама Ибн Баз (Алла оны рақымына алсын) «Тухфат әл-ахйар» кітабында (26-б.) оның иснадын "хасан" деген.
"Хасбияллаһу лә иләһә иллә һуа, ‘аләйһи тәуәккәлту уә һуа Роббул-‘аршил-’азыйм". «Маған Алла жеткілікті. Одан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ. Мен Оған тәуекел еттім. Ол – Ұлы Аршының Раббысы». (Жеті рет қайталайды) [115].
[115] «Кімде-кім мұны таңертең және кешке қарай жеті рет айтса, Алла оған бұл дүние және Ахыреттің уайымдатқан істерінде жеткілікті болады». Бұл хадисті Ибн әс-Сунни (71) нөмірімен Пайғамбарымызға ﷺ, ал әбу Дауд (4/321) (5081) нөмірімен сахабаларға теліп келтірген. Оның иснадын Шуғайб және Абдулқадір әл-Арнауттар "сахих" деді. Қ.: «Зад әл-мағад» (2/376).
"Аллаһуммә ‘Алимәл-ғойби уәш-шәһада, фаатирәс-сәмәуәти уәл-ард, Роббә кулли шайин уә мәликәһ. Әшһәду ән ләә иләһә иллә әнт. Ә‘уузу бикә мин шарри нафси, уә мин шарриш-шайтоони уә ширкиһи, уә ән әқтарифә ‘алә нафси суу’ән, әу әжурраһу илә муслим". «О, ғайып пен анықты Білуші, Көк пен жерді Жаратушы, бәрінің Раббысы әрі Иесі Алла! Сенен басқа құдай жоқ, деп куәлік беремін. Сондай-ақ, Өзіңе сиынып, нәпсімнің кесірінен, шайтанның зұлымдығы мен тұзағынан және өзіме бір жамандық жасауымнан немесе оны бір мұсылманға тигізуімнен панаңлы тілеймін"[117]. [117] Тирмизи (3392) және Әбу Дауд (5067). Қ: "Сахих әт-Тирмизи" (3/142).
"Бисми-Ллаһил-ләзи лә йадурру ма'а исми-һи шай'ун фил-арди уа лә фис-сама'и, уә һууас-Сaмиъул-'Алим". «Алланың атымен! Оның атымен көкте және жерде еш нәрсе зиян келтіре алмайды. Ол – Естуші, Аса Білуші». (Үш мәрте) [118].
[118] «Кімде-кім бұл сөздерді таңертең үш рет және кешке үш рет айтса, оған ешнәрсе зиян тигізбейді». Оны Әбу Дауд (4/323) (5088), Тирмизи (5/465) (3388), Ибн Мәжаһ (3869) және Имам Ахмад (446) риуаят еткен. Қ.: «Сахих ибн Мәжаһ» (2/332), Сондай-ақ, ғұлама Ибн Баз, оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Тухфатул-ахйар» кітабында (39-б.) иснадын "хасан" деп бағалаған.
"Радыйту билләәһи Роббән уа бил-Ислами динән уа би Мухаммадин ﷺ нәбиән". «Алланы Раббым, Исламды дінім және Мұхаммедті ﷺ Пайғамбарым деп разы болдым». (Үш мәрте) [119].
[119] «Кімде-кім мұны таң ертең үш рет және кешке үш рет айтса, Ақырет күні оны разы етуді Алла Өзіне міндет етті». Имам Ахмад 4/337 (18967), Нәсаи «Амәл әл-йәум уәл-ләйлә» (4), Ибн әс-Сунни (68), Әбу Дауд 4/318 (1531) және Тирмизи 5/465 (3389) риуаят еткен. Ибн Баз (оған Алланың рақымы болсын), «Тухфат әл-ахйар» (39-бет) еңбегінде мұны "хасан" деген.
"Йа Хайю, йа Қаййуму, бирохматикə астағису, аслих лии ша‘ни кулләһу, уа лә такилни илә нафси торфата ‘айн". «Я, Мәңгі Тірі және Өздігінен Тұрушы, мейірімділігіңмен мені құтқар! Менің барлық ісімді реттеп бергейсін және мені көз қағым сәтке де өз нәпсіме тапсыра көрме!» [120]. [120] Хаким риуаят етіп, оны "сахих" деп бағалаған. Онымен Зәһәби (1/545) келіскен. Қ.: «Сахих әт-Тарғиб уәт-Тарһиб» (1/273).
"Асбахна уә асбахал-мулку лиллаһи Роббил-‘аләмин. Аллаһуммә инни әс’әлукә хайра һәәзәл-йаум: фатхәһу, уә насраху, уә нуураһу, уә бәракатаһу, уә һудаһу. Уә ә‘уузу бикә мин шарри мәә фиһи, уә шарри мәә бә‘даһ". «Біз таңды атырдық, әрі осы таңда бүкіл патшалық әлемдердің Раббысы – Аллаға тән [121]. Аллаһым! Сенен осы күннің игілігін сұраймын [122]: оның жеңісін, жәрдемін, нұрын, берекесін және тура жолын. Сондай-ақ Өзіңе сиынып, онда болатынның және одан кейін болатынның жамандығынан панаңды сұраймын» [123]. "Әмсайна уә амсәл-мүлку лиллә:һи Роббил-аламин". [121] «Ал кешке қарай ол былай дейтін: "Біз және бүкіл билік әлемдердің Раббысы – Аллаға тән болып, кешті қарсы алдық».
[122] Кеш батқанда былай айтады: "Аллаһуммә инни әс’әлукә хайра һәәзиһил-ләйлә: фатхәһа, уә насраһа, уә нуураһа, уә бәракатаһа, уә һудаһа. Уә ә‘уузу бикә мин шарри мәә фиһә, уә шарри мәә бә‘даһа". «Я, Аллаһ! Расында, мен Сенен осы түннің игілігін: оның жеңісін, жәрдемін, нұрын, берекесін және туралығын тілеймін. Әрі Өзіңе сиынып, осы түннің және одан кейінгі түндердің жамандығынан пана тілеймін».
"Әсбахна ‘алә фитратил-ислам, уә ‘алә кәлимәтил-ихлас, уә ‘алә дини набиййина Мухаммадин ﷺ, уә ‘алә милләти әбиинә Ибраһим, ханифән муслиман уә мә кәнә минәл-мушрикин". «Біз Ислам фитрасында[124], ықылас сөзінде, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ дінінде, сондай-ақ ханиф, мұсылман болған әрі шерік қосушылардан болмаған атамыз Ибраһимның дінінде таң атырдық»[125]. [124] Ал кешке жақын былай дейтін: "Әмсәйнә ‘алә фитратил-ислам". «Біз Ислам фитрасында кешті батырдық ...».
[125] Имам Ахмад (3/406) және (407), (15360) және (15563), Ибн әс-Сунни "Амал әл-йәум уәл-ләйлә" кітабында (34). Қ.: "Сахих әл-Жәмиғ" (4/209).
"СубханаЛлаһи уә бихамдиһи". «Алла (кемшілік атаулыдан) пәк әрі барлық мадақ Оған тән» (жүз мәрте) [126].
[126] «Кімде-кім осыны таң ертең және кешке жүз реттен айтса, Ақырет күні өзімен бірге, ол сияқты айтқандарды, не одан асырып айтқандарды есептемегенде, ешкім одан артық ешнәрсе алып келе алмаған болады». Муслим (4/2071), (2692).
[127] Нәсаи, "Амалул-йәум уәл-ләйлә" (24). Қараңыз: "Сахих ат-Тарғиб уәт-Тарһиб" (1/272) және ибн Баздың (Алла оны рақымына алсын) "Тухфатул-ахияр" кітабы (44-б). Зікірдің артықшылығын мына жерден қара: (146-б), (255-хадис). [128] Әбу Дауд (5077), ибн Мәжаһ (3798) және Имам Ахмад (8719) риуаят еткен. Қ.: "Сахих әт-тарғиб уәт-тәрһиб" (1/270), "Сахих әбу Дауд" (3/957), "Сахих Ибн Мәжаһ" (2/331) және "Зад әл-маъад" (2/377).
"Ләә иләһә иллә Аллаһу уахдәһу ләә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуа ‘алә кулли шайин қадир". «Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік пен барлық мақтау Оған тән әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді». Таң атқанда жүз рет айтады [129].
[129] «Кімде-кім оны күніне жүз рет айтса, он құл босатқанның сауабындай сауаб табады. Сондай-ақ, оған жүз жақсы амалдың орындалғаны жазылады, оның (амал дәптерінен) жүз жаман амалы өшіріледі. Одан бөлек, мұнысы (сол күннің) кешке дейін шайтандардан қорған болады және осыдан артық ешкім ештеңе істей алмайды, бұдан тек оны одан да көп істеген адам ғана аса алады». Бухари (4/95; № 3293) және Муслим (4/2071; № 2691).
"Субхана-Ллаһи ва би-хамди-һи 'адада хальқы-һи, уа рида нафси-һи, уа зината 'арши-һи уа мидада кәлимати-һи!". «Алла пәк әрі Оған жаратылыстарының санындай, сондай-ақ Оның қалағандай мадақ болсын! Осы мадақтардың салмағы Оның Аршысының салмағына тең болсын және оларды жазу үшін Оның сөздерін жазуға қажет сиядай (көп) болсын!» – таңертең үш рет [130].
[130] Муслим (4/2090), (№ 2726).
"Аллаһуммә инни әс’әлукә ‘илмән нәәфи‘ан, уә ризқан тайибан, уә ‘амәлән мутақаббалан". «Уа, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық және қабыл болатын амал сұраймын» таң атқанда айтады [131].
[131] Ибн әс-Сунни, «Амәл әл-йәум уәл-ләйлә» (54) және Ибн Мәжаһ (925). Абдулқадыр мен Шуайб әл-Арнаут «Зад әл-маъад» (2/375) редакциясында оның иснадын "хасан" деген. Қ.: (№ 73).
"АстағфируЛлаһа уә әтубу иләйһи". «Алладан кешірім сұраймын және Оған тәубе етемін» (күніне жүз рет) [132].
[132] Бухари «Фатхпен» бірге (11/101), (№ 6307) және Муслим (4/2075), (№ 2702).
[133] «Кімде-кім кеш батқанда оны үш рет айтса, сол түні оған улы жәндіктің шаққаны зиян тигізбейді». Бұл хадисті: Имам Ахмад (2/290) (7898), Насаи «‘Амалул-яуми уәл-ләйлә» (590) және Ибн Сунни (68) риуаят еткен. Сондай-ақ, қ.: «Сахих әт-Тирмизи» (3/187), «Сахих ибн Мәжаһ» (2/266) және Ибн Баз, «Тухфатул-ахйар» (45-б.).
"Аллаһуммә, солли уә сәллим ‘алә нәбийинә Мухаммад". «Аллаһым! Пайғамбарымыз Мұхаммедке салауат пен сәлем жолда» он рет [134].
[134] «Кім маған таңертең он рет және кешке он рет салауат айтса, Қиямет күні оған менің шапағатым жетеді (нәсіп болады)». Табарани екі иснадпен келтірген: оның бірі "жақсы", қ.: "Мажмағ әз-Зауаид" (10/120) және "Сахих әт-Тарғиб уәт-Тарһиб" (1/273).
28. Ұйықтарда айтылатын зікірлер
(Екі алақанын біріктіріп, оған үрлеп, (мынаны) оқиды: "(Уа, Пайғамбар!): «Ол Алла—Жалғыз Алла—Мұқтажсыз (барлық жаратылыс Оған мұқтаж) 2 (Ол) тумаған және туылмаған 3 әрі ешкім Оған тең емес 4) (Ықылас: 1-4).
(Уа, Пайғамбар!): «Таңның Раббысына сиынып, қорғауын тілеймін 1 жаратқан нәрселерінің жамандығынан 2 әрі (әлемді) жапқанда кездегі қараңғылықтың жамандығынан 3 және түйіндерге үрлеуші әйелдердің жамандығынан 4 әрі күндеушінің күндегене кездегі жамандығынан",—деп айт. 5) (Фәлақ: 1-5).
(Уа, Пайғамбар!/: «Адамдардың Раббысына сиынып, қорғауын тілеймін 1 адамдардың шын Билеушісіне 2 адамдардың құдайына 3 (Алла еске алынғанда) шегінуші, азғырушының жамандығынан 4 сондай, адамдардың көкіректеріне азғыру салатын 5 жындар және адамдардан 6) [Нас: 1-6].
Сосын алақанымен мүмкіндігінше денесінің (қолы жеткен жерін) сипалап шығады. (Басы мен бетінен және денесінің алдыңғы бөлігінен бастап). (Мұны 3 рет жасайды)[135]. [135] Бухари «Фатхпен» бірге (9/62) (5017), Муслим (2192).
«Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Ол Тірі, толық меңгеріп Тұрушы. Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көктегі және жердегі нәрселер Оның иелігінде. Оның алдында Оның рұқсатынсыз кім шапағат ете алады? (Алла) оларға дейін болғанды және олардан кейін не болатынын біледі. Ал, олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның Күрсиі жер-көкті сидырады. Оған оларды қорғау ауыр келмейді. Ол - Өте Биік, Аса Зор 255» (Бақара: 255)[136]. [136] «Кім оны жатарда оқыса, оның жанында Алладан бір қорғаушы болып, таң атқанша оған шайтан жолай алмайды». Бухари «Фатхпен бірге» (4/487), (№ 2311).
(Елші өзіне Раббысынан түсірілгенге сенді. Сондай-ақ, мүміндер де (сенді). Барлығы Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына және елшілеріне сеніп: «Біз елшілердің арасын бөлмейміз»,- (деді). (Тағы) олар: «Естідік әрі бойсұндық! Раббымыз, Сенен кешірім тілейміз әрі қайтуымыз Саған»,—деді 285 Алла ешбір жанға, оның күші жетпейтінді міндеттемейді. Жасаған (жақсылығы) өз пайдасына, жасаған (жамандығы) өз зиянына. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не қателессек, бізді жазаға тарта көрме. Раббымыз! Бізден алдыңғыларға (ілгергі үмметтерге) артқаныңдай, бізге ауырлық артпағайсың. Раббымыз! Бізге әліміз жетпейтінді жүктеме! Әрі бізді жазалама және бізді кешір, бізге рақым ет. Сен біздің Иемізсің! Бізге кәпір қаумға қарсы көмек бер! 286) (Бақара: 285-286)[137]. [137] «Кімде-кім түнде ол екеуін оқыса, оған жеткілікті болады». Бухари «Фатхпен» бірге (9/94), (4008) және Муслим (1/554), (807).
"Бисмикә Робби уада‘ту жәнби, уә бикә әрфа‘уһу. Фә-ин әмсәкта нафси фархамһә, уә ин әрсәлтәһә фахфазһә, бимәә тахфазу биһи ‘ибадәкәс-салихин". «Я, Раббым! Сенің атыңды атап [138] жамбастап жаттым және Сенің атыңмен тұрамын. Егер жанымды алсаң, оны рақым ет. Ал, егер оны қайтарсаң, ізгі құлдарыңды сақтағаныңдай, оны да сақтағайсың»[139]. [138] «Сендерден кім төсегінен тұрып, сосын оған қайтып келсе, онда изарының (белден төменгі киетін киім ) шетімен төсегін үш рет қақсын және ("Бисмиллаһ" деп), Алланың есімін атасын. Өйткені ол өзінен кейін оның ішінде не қалғанын білмейді. Ал жатарда ... десін» (хадистің жалғасы). [«Изарының шетімен» дегеннің мағынасы: оның жиегіне жақын орналасқан шеті]. «Ән-Ниһая фи ғариб әл-хадис уәл-асар» ("сынф" түбірі). [139] Бухари «Фатхпен» бірге (11/126) (6320), Муслим (4/2084) (2714).
"Аллаһумма иннәка халәқта нәфсии уа әнта тауаффаһаа, ләка мәмәтуһаа уа махиаһаа, ин аһиайтаһаа фахфазһаа, уа ин әмәттаһаа фағфир ләһаа. Аллаһумма инни әс’әлука-л-‘афийа". «Аллаһым! Расында, менің жанымды Сен жараттың және оны алшы да Өзіңсін. Оның өлімі мен өмірі Сенің қолыңда. Оған өмір берсең, оны сақтай гөр! Ал, оны алып қойсаң, оны кешір. Аллаһым! Расында, мен Сенен есендік сұраймын» [140]. [140] Муслим (4/2083, 2712) және Имам Ахмад осы сөзбен (2/79, 5502).
"Аллаһумма, қы-ни[141] 'азаба-ка йаума таб'асу 'ибаада-к". «Аллаһым! Құлдарыңды қайта тірілтетін Күні мені Өз азабыңнан сақтай гөр» [142]. [141] «Пайғамбарымыз ﷺ ұйықтағысы келсе, оң қолын жағының астына қойып былай дейтін: ...» Хадис. «[142] Әбу Дауд бұл хадисті осы сөздермен (4/311), (5045) және Тирмизи (3398) риуаят еткен. Қ. "Сахих әт-Тирмизи" (3/143) және "Сахих Әбу Дауд" (3/240).
"Бис-микәл-лаһумма, амуту уа ахйа". «Сенің есіміңмен, иә Алла, өлемін (ұйықтаймын) және тірілемін (оянамын)» [143]. [143] Бухари «Фатхпен» бірге (11/113) (№ 6324), Муслим (4/2083) (№ 2711).
"Субханаллаһ" («Алла кемшілік атаулыдан Пәк (33 рет))», "уәлхамду лиллаһ" («Барлық мақтаулар Аллаға лайық", (33 рет))», "уә Аллаһу әкбар" («Алла Ұлы» (34 рет)) [144].
«[144] Кім төсегіне жатарда осыны айтса, бұл оған қызметші алғаннан да қайырлы болады». Бухари, «Фатхпен» бірге (7/71), (№ 3705) және Муслим (4/2091), (№ 2726).
"Аллаһуммә Роббәс-сәмәуәтис-сәб‘, уә Роббәл-ард, уә Роббәл-‘аршил-‘азим. Роббәнә уә Роббә кулли шай’, фәлиқәл-хабби уән-нәуа. Уә мунзиләт-Тәураати уәл-Инжил, уәл-Фурқан. Ә‘уузу бикә мин шарри кулли шай-ин, әнтә ахизун бинасыйәтиһ. Аллаһуммә әнтәл-Әууәлу фәләйсә қобләка шай’, уә әнтә әл-Әәхиру фәләйсә бә‘дәка шай’, уә әнтәз-Зооһиру фәләйсә фауқака шай’, уә әнтәл-Батыну фәләйсә дунака шай’. Иқди ‘аннәд-дәйна, уә ағнина минәл-фақр". «Аллаһым! Жеті көк пен жердің Раббы, ұлы Аршының Раббысы, Раббымыз әрі күллі нәрсенің Раббысы! Дән мен сүйекті Жарушы, Тәуратты, Інжілді және Фурқанды Түсіруші! Тізгіні Өзіңде болған әрбір нәрсенің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Аллаһым! Сен – Әуелгісің, Сенен бұрын ешнәрсе жоқ. Сен – Ақырғысың, Сенен кейін ешнәрсе жоқ. Әрі Сен – Анықсың (Заһир), Сенен жоғары ештеңе жоқ. Сен – Жасырынсың (Батын), Сенен жақын ешнәрсе жоқ. Қарызымызды өтей гөр, әрі бізді кедейліктен байыта гөр» [145]. [145] Муслим (4/2084; №2713).
"Әлхамду лилләһил-ләзи әт‘аманә уә сақанә, уә кәфәнә, уә әуанә. Фәкам миммән ләә кәфийә ләһу уә ләә му’уийә". «Бізді қоректендіріп сусындандырған, сондай-ақ бізге кепіл болып әрі бізге баспана берген Аллаға мадақ! Өйткені кепіл етушісі мен баспана берушісі жоқтар қаншама» [146]. [146] Муслим (4/2085; № 2715).
"Аллаһуммә ‘аалимәл-ғайби уәш-шәһәдә, Фаатырәс-сәмәуәәти уәл-ард, Роббә кулли шай-ин уә мәликәһ. Әшһәду ән ләә иләһә иллә Әнт. Ә‘узу бикә мин шәрри нәфси, уә мин шәрриш-шайтоони уә ширкиһи, уә ән әқтарафа ‘алә нәфси суу’ан, ау әжурраһу илә муслим". «Аллаһым! Ғайып пен көрінетінді Білуші! Көк пен жердің Жаратушысы, барлық нәрсенің Раббысы әрі Иесі! Сенен басқа құлшылыққа лайық құдайдың жоқтығына куәлік етемін. Өз нәпсімнің жамандығынан, шайтанның зұлымдығы мен айласынан, өзіме жамандық жасаудан немесе оны бір мұсылманға тигізуімнен Өзіңе сиынамын» [147]. [147] Әбу Дауд (4/317), (5067) және Тирмизи (3629). Қа.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/142).
«(Алиф. Ләм. Мим) "Тәнзил ас-Сәжде" және "Билік қолында болған Ол—аса Берекелі" ( Мүлк) сүрелерін оқиды»[148]. [148] Тирмизи (3404) және Нәсәи, "Амал әл-йәум уәл-ләйлә" (707). Қ.: "Сахих әл-Жәмиғ" (4/255).
"Аллаһуммә әсламту нәфси иләйк, уә фаууадту әмри иләйк, уә уәжжәһту уәжһи иләйк, уә әлжә’ту заһри иләйк, рағбәтән уә раһбәтән иләйк. Ләә малжә-ә уә ләә манжә минкә иллә иләйк. Әмәнту бикитәбикәл-ләзи әнзалт, уә бинәбиййикәл-ләзи әрсалт". «Аллаһым![149] Өз нәпсімді Саған бойұсындырдым және ісімді Өзіңе тапсырдым. Жүзімді Саған қараттым және (сауабыңды) үміт етіп, әрі (азабыңнан) қорқып, арқамды Өзіңе сүйеніш еттім. Сенен қашып, өзгеден пана табу мүмкін емес, тек Саған қашып Өзіңнен ғана пана тілейміз. Түсірген Кітабіңа әрі жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім»[150]. «[149] Төсекке (ұйқыға) жатқың келген кезде, намазға дәрет алғандай дәрет ал, сосын оң жақ бүйіріңе жатып былай де: …» (хадис). [150] Пайғамбар ﷺ осыны айтқан адамға: «Егер қайтыс болсаң, фитрада (Исламда) қайтыс боласың», – деген. Бухари «Фатхпен» (11/113), (№ 6313) және Муслим (4/2081), (№ 2710).
29. Түнгі ұйқыдан аунағанда оқылатын дұға.
"Ләә иләһә иллә Аллаһул-Уахидул-Қоһһар, Роббус-сәмәуәти уәл-ард уә мәә бәйнәһума әл-‘Азизул-Ғаффар". «Жалғыз әрі Қаһарлы Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Ол – Көк пен жердің және оның арасындағы нәрселердің Аса Үстем, өте Кешірімді Раббысы» [151]. [151] Мұны түнде бір жағынан екінші жағына аунағанда айтады. Хаким риуаят етіп, "сахих" деген. Онымен Зәһәби келіскен (1/540). Сондай-ақ, Нәсаи «Амәлул-йәуми уәл-ләйлә» (202), Ибн Сунни (757) риуаят еткен. Қ.: «Сахих әл-Жамиғ» (4/213).
30. Ұйқыдан шошып оянғанда және үрей билегенде оқылатын дұға.
"Ә‘уузу бикалимәәтил-ләһит-таммәәти мин ғадабиһи уә ‘иқабиһи, уә шарри ‘ибадиһи, уә мин ҳамәзәтиш-шайатин, уә ән йахдурун". «Алланың кемел сөздерімен Оның қаһары мен жазасынан, пенделерінің жамандығынан, шайтандардың азғыруларынан және олардың маған жақындауынан (сақтауын сұрап) Оған сиынамын» [152]. [152] Әбу Дәуд (4/12) (3893) және Тирмизи (3528). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/171).
31. Жаман түс көргенде не істеу керек
"Сол жағына үш рет түкіру (сүфілеу) керек" [153]. [153] Муслим (4/1772) (№ 2261).
(Шайтаннан және көргенінің жамандығынан Аллаға сиынады) (үш рет)[154]. [154] Муслим (4/1772) (1773) (№ 2261) және (2262).
«Түсін ешкімге айтпасын»[155]. [155] Муслим (4/1772), (№ 2261) және (№ 2263).
(Өзі жатқан қырынан басқа қырына ауысады)[156]. [156] Муслим (4/1773) (№ 2261).
(Егер қаласа, тұрып намаз оқиды) [157]. [157] Муслим (4/1773), (2263).
32. Үтір намазындағы құнұт дұғасы
"Аллаһуммәһ-дини фи-мән һәдәйтә, уә ‘афини фи-мән ‘афәйтә, уә тәуәлләни фи-мән тәуәлләйтә, уә бәрик лии фи-мә а’тойтә, уә қини шәррә мә қодойтә; фә-иннәкә тәқди уә лә юқдо ‘аләйкә, иннәһу лә йәзиллу мән уәләйтә, [уә лә йә’иззу мән ‘адәйтә], тәбәроктә Роббәнә уә тә’аләйтә/. (Аллаһым! Мені тура жолға бастағандарыңның қатарында тура жолға бастай гөр, мені сауықтырғандарыңның қатарында сауықтыра гөр, қамқорлығыңа алғандарыңның қатарында мені де қамқорлығыңа ала гөр, маған берген нәрселеріңе береке дарыта гөр және Өзің тағдыр еткен нәрселердің жамандығынан мені сақтай гөр. Расында, Сен үкім етесің, ал Саған үкім жүрмейді. Шын мәнінде, Сен қамқорлығыңа алған адам қор болмайды, [әрі Сен дұшпан тұтқан адам үстем болмайды]. Раббымыз! Сен өте Берекелісің әрі Асқақсың) [158]. [158] Бұл хадисті келтіргендер: төрт «Сунән» кітабының авторлары, Имам Ахмад, әд-Дарими және Бәйһақи: Әбу Дәуд (1425), Тирмизи (464), Нәсәи (1744), Ибн Мәжаһ (1178), Имам Ахмад (1718), Дарими (1592), Хәким (3/172) және Бәйһақи (2/209). Ал тік жақша ішіндегі сөздер — Бәйһақидікі. Қ.: «Сахих әт-Тирмизи» (1/144), «Сахих Ибн Мәжаһ» (1/194) және Албанидің «Ируа әл-Ғалил» (2/172) кітабы.
"Аллаһуммә инни ә‘уузу биридоокә мин сахотик, уә би-му‘афаатикә мин ‘уқуубатик, уә ә‘уузу бикә минкә. Ләә ухси сәнәә’ан ‘аләйк, әнтә кәмәә әснәйтә ‘алә нафсик". «Я, Алла! Расында мен Сенің разылығыңа жүгініп, Сенің ашуыңнан пана тілеймін, Сенің кешіріміңе жүгініп, жазаңнан пана тілеймін. Сондай-ақ Өзіңнен Саған сиынамын. Саған деген мадақты айтып тауыса алмаймын, өйткені Сен Өзіңді мақтағаныңдайсың!» [159]. [159] Төрт «Сүнән» иелері және Имам Ахмад: Әбу Дәуд (1427), Тирмизи (3566), Нәсаи (1746), ибн Мәжаһ (1179) және Ахмад (751). Қ.: «Сахих Тирмизи» (3/180), «Сахих ибн Мәжаһ» (1/194) және «әл-Ируа» (2/175).
"Аллаһуммә иййәкә нә’буду, уә ләкә нусолли уә нәсжуд. Уә иләйкә нәс’а уә нәхфид. Нәржу рохмәтәкә уә нәхшә ‘азәбәк. Иннә ‘азәбәкә бил-кәфирийнә мулхиқ. Аллаһуммә иннә нәстә’инукә, уә нәстәғфирукә, уә нусни ‘аләйкәл-хайра, уә лә нәкфурукә, уә ну`мину бикә, уә нәхдо’у ләкә, уә нәхлә’у мәй-йәкфурук". «Аллаһым! Өзіңе ғана құлшылық етеміз, Сен үшін намаз оқимыз әрі сәжде етеміз, Саған ғана ұмтылып, (бойұсынуға) асығамыз. Сенің рақымыңнан үміттенеміз әрі азабыңнан қорқамыз. Расында, Сенің азабың кәпірлерге жетеді. Аллаһым! Расында, біз Сенен жәрдем тілейміз әрі Сенен кешірім сұраймыз, Сені барлық жақсылықпен дәріптейміз, Саған күпірлік етпейміз, Саған иман келтіреміз, Саған бойұсынамыз және Саған күпірлік етушілерден бас тартамыз» [160]. [160] Байһақи, «әс-Сунан әл-Кубра» және иснадын "сенімді" деді (2/211). Шейх Албани «Ируа әл-Ғалил» атты кітабында: «Бұл — сенімді иснад»,—деген (2/170). Хадис Омарға тоқталады».
33. Үтір намазында сәлем бергеннен кейінгі зікір
"Субханәл-Мәликил-Құддүс". «Аса Қасиетті Патша пәк!» сөзін үш рет айтады. Үшіншісін даусын шығарып әрі созып: "Раббил-мәләәикәти уәр-руух" (Періштелер мен Рухтың Раббысы)—деп айтады [161].
[161] Нәсаи (3/244) (1734), Дарақутни (2/31) және басқалар риуаят еткен. Тік жақша ішіндегісі –Дарақутнидің (2/31) (2) қосымшасы, иснады "сахих". Қ.: "Зәд әл-мәъад" Шуғайб және Абдулқадір Арнауттадың редакциясымен (1/337).
34. Уайым мен қайғыдан арылу дұғасы
"Аллаһуммә инни ‘абдукә, ибну ‘абдикә, ибну әмәтикә, наасыйати бийәдик, мәадин фиййә хукмук, ‘адлун фиййә қадааук. Әс’әлукә би кулли исмин һуә ләк, сәммәйтә биһи нафсәк, әу әнзәлтәһу фи китабик, әу ‘алламтәһу ахадан мин холқик, әу истә’сәртә биһи фи ‘илмил-ғойби ‘индәк, ән тәж‘аләл-Қур’аана рабии‘а қолби, уә нуура содри, уә жәләә’а хузни, уә заһәәбә һамми". «Аллаһым! Расында, мен Сенің құлыңмын. Құлыңның ұлымын және күңіңнің ұлымын. Тағдырым Сенің қолыңда. Маған шығарған үкімің орындалады, маған жазған тағдырың әділ. Өзіңді атаған немесе Кітабыңда түсірген не болсаса жаратқандарыңның біріне үйреткен яки Өз құзырыңдағы ғайып ілімінде құпия етіп қалдырған Өзіңе тән барлық есімдеріңмен Сенен сұраймын: Құранды жүрегімнің көктемі, кеудемнің нұры, қайғымның сейілуі және уайымымның кетуі ете гөр!» [162]. [162] Имам Ахмад (1/391), (3712). Албани «Силсиләт әл-ахадис әс-сахиха» кітабында "сахих" деген (1/337).
"Аллаһуммә инни ә‘уузу бикә минәл-һамми уәл-хазән,уәл-‘ажзи уәл-кәсл, уәл-бухли уәл-жубн, уә дала‘ид-дәйни уә ғаләбатир-рижәл". «Аллаһым! Расында, мен Өзіңе сиынып, уайым-қайғыдан, қайғы-мұңнан, дәрменсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан және адамдардың үстемдігінен пана тілеймін» [163]. [163] Бухари (7/158), (№2893). Пайғамбар ﷺ осы дұғаны көп айтатын. Қ.: Бухари «Фатхпен» бірге (11/173), Бұл хадис (89-бетте) (№137) келеді.
35. Қайғы дұғасы
"Ләә иләәһә иллә-Ллаһул-‘азыймул-халийм. Ләә иләәһә иллә-Ллаһу Роббул-‘аршил-‘азыйм. Ләә иләәһә иллә-Ллаһу Роббус-сәмәәуәти уә Роббул-ард, уә Роббул-‘аршил-кәрийм". «Ұлы әрі Жұмсақ (Кешірімді) Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ. Ұлы Аршының Раббысы Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ. Көктің Раббысы, жердің Раббысы және Қадірлі Аршының Раббысы Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ [164]. [164] Бухари (7/154) (6345), Муслим (4/2092) (2730).
"Аллаһумма рохматикə әржу, фәлә такилни илә нафси торфата ‘айн. Уа әслих ли ша‘ни кулләһу, ла иләәһә иллә әнт". «Аллаһым! Рақымыңды үміт етемін, мені кас қағым сәтке де өз нәпсіме тапсыра көрме! Менің барлық ісімді реттеп бергейсін. Сенен басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ!» [165]. [165] Әбу Дәуд (4/324) (5090) және Имам Ахмад (5/42) (20430). Албани «Сахих Әбу Дәудта» (3/959) оны "хасан" деген.
"Ләә иләәһә иллә әнтә, субхаанәкә, инни кунту минәз-зоолимийн". «Сенен басқа (құлшылыққа лайық) құдай жоқ. Сен барлық кемшіліктен пәксің. Мен әділетсіздерден болдым»[166]. [166] Тирмизи (5/529), (3505), Хаким "сахих" деген, онымен Зәһәби келіскен (1/505), Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/168).
"Аллаһу-ллааһу Роббии! Ләә ушрику биһи шәй’ән". «Алла, Алла – (менің) Раббым. Оған ешнәрсені шерік қоспаймын» [167]. [167] Әбу Дәуд (2/87, 1525) және Ибн Мәжаһ (3882). Қ.: "Сахих ибн Мәжаһ" (2/335).
36. Дұшпанмен және (әділетсіз) билік иесімен кездескенде айтылатын дұға
"Аллаһуммә инна нәж‘алукә фи нуһурихим, уә нә‘уузу бикә мин шурурихим". «Аллаһым! Оларға қарсы Өзіңді қорған етеміз және олардың жамандықтарынан Өзіңе сиынамыз» [168]. [168] Әбу Дәуд (2/89), (1537). Хәким бұл хадистің "сахих" екенін растап, онымен Зәһәби келіскен (2/142).
"Аллаһуммә әнтә ‘адууди, уә әнтә насыйри, бикә әхуулу уә бикә асуулу, уә бикә уқаатил". «Аллаһым! Сен менің Көмекшімсің және Сен – Қорғаушымсың, Сенің көмегіңмен ғана жылжимын, Сенің көмегіңмен ғана шабуылдаймын және Сенің көмегіңмен ғана шайқасамын» [169]. [169] Әбу Дауд (3/42), (2632) және Тирмизи (5/572), (3584), Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/183).
"Хасбунал-Ллаһу уә ни‘мәл-Уәкиил". «Бізге Алла жеткілікті. Ол қандай жақсы Қамқоршы!» [170]. [170] Бухари (5/172) (4563).
37. Басшының зұлымдығынан қорыққан адамның дұғасы
"Аллаһуммә Роббәс-сәмәуәтис-сәб‘, уә Роббәл-‘аршил-‘азыйм, кун лии жәәран мин фуләән ибни фуләән, уә әхзәәбиһи мин халәәи’қик, ән йәфрут ‘аләййә ахадан минһум әу ятғо, ‘аззә жәәрук, уә жәллә сәнәәук, уә ләә иләәһә иллә әнт". «Уа, Алла! Жеті көктің Раббысы, Ұлы Аршының Раббысы! Мені пәленшенің ұлы түгеншеден және оның сыбайластарынан қорға! Олардың ешқайсысы маған зәбір де, қысым да көрсете алмайтындай етіп қорған бол! Расында, Сенің қорғауың берік, ұлылығың үстем, әрі Сенен басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ!" [171]. [171] Бухари, «әл-Әдәб әл-Муфрад» (707). Албани оны «Сахих әл-Әдәб әл-Муфрад» кітабында (545) "сахих" деп бағалаған.
"Аллаһу әкбар, Аллаһу а‘аззу мин халқиһи жәми‘ән, Аллаһу а‘аззу миммәә ахоофу уә әхзәр. Ә‘уузу билләәһил-ләзи ләә иләәһә иллә һу, әл-мумсик әс-сәмәуәтис-сәб‘и ән йәқа‘нә ‘аләл-ард илләә би-изниһи, мин шарри ‘абдикә фуләән, уә жунудиһи уә әтбәә‘иһи уә әшйә‘иһи, минәл-джинни уәл-инс. Аллаһуммә кун ли жәәран мин шарриһим, жәллә сәнәәук уә ‘аззә жәәрук, уә тәбәәрака исмук, уә ләә иләәһә ғайрук". «Алла ұлық! Алла Өзінің барлық жаратылыстарынан үстем. Алла менің қорыққан және сақтанған нәрселерімнен де үстем. Өзінің рұқсатынсыз жерге құлап түсуінен жеті аспанды ұстап тұрған, Өзінен басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай болмаған Аллаға, пәленше ұлы пәленше деген құлыңның және оның жындар мен адамдардан болған әскерлерінің, ізбасарлары мен жақтастарының жамандығынан сиынамын. Аллаһым! Олардың жамандығынан маған қорған бол! Сенің мадағың ұлы, Сенің панаң үстем! Сенің есімің берекелі әрі Сенен басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ!» (үш рет) [172].
[172] Бухари, «әл-Әдәб әл-Муфрад» (708). Албани оны «Сахих әл-Әдәб әл-Муфрад» кітабында (546) "сахих" деп бағалаған.
38. Жауға қарсы айтылатын дұға
"Аллаһумма мунзиләл-китаби, сәри‘ал-хисаби, иһзимил-әхзаба, Аллаһуммәһ-зимһум уә зәлзилһум". «Уа, Кітапты түсірген, есебі жылдам Аллаһым! Дұшпан топтарды талқанда! Аллаһым! Оларды талқандап, сілкілеп жібер» [173]. [173] Муслим (3/1362), (1742).
39. Бір қауымнан қорыққан адамның айтатыны
"Аллаһуммәк-финиһим би мәә ши’тә". «Аллаһым! Мені олардан Өзің қалаған нәрсеңмен құтқара гөр!» [174]. [174] Муслим (4/2300) (3005).
40. Иманына қатысты күмән (уәсуәс) келгенде оқылатын дұға
(Аллаға сиынады)[175]. [175] Бухари «Фатхпен» бірге (6/336), (3276) және Муслим (1/120), (134).
(өзін азғырған (өзіне күмән салған) нәрседен тыйылады) [176]. [176] Бухари «Фатхпен» бірге (6/336), (3276) және Муслим (1/ 120), (134).
(«Аллаға және Оның елшілеріне иман келтірдім», – деп айтады) [177]. [177] Муслим (1 /119-120), (№ 134).
(Алла Тағаланың мына сөзін оқиды: (Ол—Әуелгі әрі Ақырғы, бәрінен Жоғары әрі ең Жақын. Ол—барлық нәрсені Білуші 3) (Хәдид: 3) [178]. [178] Әбу Дауд (4/329), (5110). Албани оны «Сахих Әбу Даудта» (3/962) "хасан" деген.
41. Қарыздан құтылу дұғасы
"Аллаһуммак-фини би-халяли-кә 'ан харамик, уағ-нини би-фадликә 'амман сиуәк". «Аллаһым! Мені Өзің рұқсат еткен нәрселермен Өзің тыйым салған нәрселеріңнен сақтай гөр. Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаға мұқтаж қылмағайсың!» [179]. [179] Тирмизи (5/560), (3563). Қ: "Сахих әт-Тирмизи" (3/180).
"Аллаһуммә инни ә‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазән, уәл-‘ажзи уәл-кәсл, уәл-бухли уәл-жубн, уә дала‘ид-дәйни уә ғаләбатир-рижәл". Аллаһым! Рсында, мен Өзіңе сиынып, уайым-қайғыдан, әлсіздіктен және жалқаулықтан, сараңдықтан және қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан және адамдардың үстемдігінен пана тілеймін» [180]. [180] Бухари (7/158) (2893) және алдында (83-б.) (№ 121) жоғарыда келген.
42. Намаз және Құран оқу кезінде уәсуасаға (шайтанның азғыруына) қарсы дұға
"Ә’узу билләһи минәш-шайтонир-рожиим". «Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сиынып, Одан пана сұраймын» деп, сол жағыңа (сүфілеп үш рет) түкір [181].
[181] Муслим (4/1729), (2203). Осман ибн Әбу әл-Астан (оған Алла разы болсын) риуаят еткен хадисте: «Мен солай істедім, сөйтіп Алла оны менен кетірді», – делінген.
43. Өзіне бір іс қиын көрінген адамның дұғасы
"Аллаһуммә ләә сәһлә иллә мәә жә‘алтәһу сахлән, уә әнтә тәж‘алул-хазна изәә ши’тә сәһлән". «Уа, Алла! Өзің жеңілдеткеннен басқа ешбір жеңілдік жоқ! Қаласаң, Сен қиыншылықты жеңілдете аласың» [182]. [182] Ибн Хиббан, «Сахих» (№ 2427) (Мәуәрид) және Ибн әс-Сунни (№ 351). Әл-Хафиз: «Бұл – сахих хадис», – десе, Абдулқадір әл-Арнаут оны ән-Нәуәуидің «әл-Азкар» хадисті келтіру жолында (106-б.) "сахих" деген.
44. Күнә жасаған адам не айтып, не істеу қажет
«Егер қандай да бір пенде күнә жасаса, содан кейін жақсылап дәрет алып, тұрып екі рәкәғат намаз оқып, кейін Алладан кешірім тілесе, Алла оны кешіреді»[183]». [183] Әбу Дауд (2/86), (1521) және Тирмизи (2/257), (406). Албани «Сахих Әбу Даудта» (1/283) "сахих" деген.
45. Шайтанды және оның уәсуәсасын (азғыруын) қайтару үшін оқылатын дұға
(Аллаға сиынып, шайтанның азғыруынан пана сұрау) [184]. [184] Әбу Дауд (1/203) және ибн Мәжаһ (1/265), (807). Хадистің шыққан жолы (тахрижы) (№31) көрсетілген, Қ.: «Муминун» сүресі: [97-98].
(Азан) [185]. [185] Муслим (1/291) (389) және Бухари (1/151) (608).
(Зікірлер және Құран оқу)[186].
[186] «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар! Расында шайтан “Бақара” сүресі оқылған үйден қашады», – Муслим (1/539) № 780 жеткізген. Сондай-ақ, шайтанды қуатын амалдардың қатарына таңғы және кешкі, ұйықтағанда және оянған кездегі, үйге кірердегі және одан шығардағы, мешітке кірердегі және одан шығардағы зікірлер мен басқа да шариғатта бекітілген дұғалар жатады. Мысалы: ұйықтар алдында Аятул-Күрсіні және “Бақара” сүресінің соңғы екі аятын оқу. Және кімде-кім: «Алладан басқа (құлшылыққа лайықты) ешбір тәңір жоқ, Ол жалғыз, Оның ешбір серігі жоқ, барлық мүлік Оған тән және барлық мақтау-мадақ Оған лайық, әрі Оның барлық нәрсеге толық құдіреті жетеді», - деп жүз рет айтса, бұл оған күні бойы шайтаннан қорған болады. Сондай-ақ, азан да (үйден) шайтанды қуады.
46. Өзі қаламайтын іс орын алғанда немесе шамасы келмейтін жағдайға тап болғанда айтылатын дұға
"Қадарул-Ллаһи уә мәә шәә’а фа‘ала". «(Бұл) – Алланың тағдыры. Ол қалағанын істеді» [187]. [187] «Күшті мүмін, Алла алдында әлсіз мүміннен әлдеқайда жақсы әрі Оған сүйкімдірек. Дегенмен, екеуінде де қайыр бар. Өзіңе пайда әкелетінге талпын, осалдық танытпай, Алладан жәрдем сұра. Егер саған бір жаманшылық келсе: «Әттең, мынаны былай істегенімде, былай да былай болар еді»–деме, бірақ: «Бұл—Алланың жазмышы, Алла қалағанын істеді», - де. Өйткені «егер де» деген сөзің шайтанның ісіне жол ашады» Муслим (4/2052), 2664.
47. Сәбилі болған адамды құттықтау және оның жауабы
"Бәракәл-лаһу ләкә фил-мәуһуби ләкә, уә шәкәртәл-Уәһибә, уә бәләға әшуддәһу, уә рузиқтә бирраһу". «Алла саған сыйлағанына (перзентіңе) береке берсін, Сыйлаушыға шүкірлік ет. (Туылған бала) ержетіп, оның игілігін көруді саған нәсіп етсін» [188]. Ал құттықтауды қабыл алушы оған былай деп жауап қайтарады: "Бәракәл-лаһу ләкә уә бәракә ‘аләйкә, уә жәзакә-Ллаһу хайран, уә розақакал-лаһу мисләһу, уә әжзәлә сәуәбәкә". «Алла саған береке берсін әрі берекесін жаудырсын, Саған Алла одан жақсысын қайтарсын! Алла саған да осындайды нәсіп етсін әрі сауабыңды молайтсын» [189]. [188] Хасан Басридің сөзінен келтірілген. Қ.: Ибн Қайим, «Тухфат әл-маудуд» (20-б), ол оны Ибн әл-Мунзирдің «әл-Аусат» кітабына сілтеген.
[189] Мұны Нәуәуи «Әл-Азкәр» кітабында (349-б.) айтқан. Қ.: Сәлим әл-Һиләлидің «Сахих әл-Азкәр лин-Нәуәуи» (2/713). Хадистың толық тахрижы авордың «Әз-Зикр уәд-дұға уәл-ъилаж бир-руқа» кітабында (1/416).
48. Балаларға пана тілейтін дұға
Алланың Елшісі ﷺ Хасан мен Хусейнге (Алла олардан разы болсын) дұға оқып, оларды (Аллаға тапсырып) пана тілейтін "У‘иизукүмәә бикәлимәәтил-Лләәһит-тәәммәти, мин күлли шәйтоонин уә һәәммәһ, уә мин күлли ‘айнин ләәммәһ". «Алланың кемел сөздеріне жүгініп, сендерді әрбір шайтан мен улы жәндіктен және әрбір сұқ көзден қорғауын тілеп, пана сұраймын»[190]. [190] Бухари (4/119) (3371) Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын) хадисінен келтірген.
49. Науқас адамның көңілін сұрап барғанда, оған жасалатын дұға
"Ләә бә’сә, тахуурун ин шәә’ Аллаһ". «Ештеңе етпейді, Алла қаласа, бұл сені тазартады»[191]. [191] Бухари Фәтхпен: 10/118), (3616).
[192] «Егер мұсылман құлдарының бірі жазылуына үміті бар науқасты зиярат етіп, оған жеті рет (осы дұғаны) айтса, ол міндетті түрде сауығып кетеді». Тирмизи (2083), Әбу Дауд (3106). Қ.: "Сахих ат-Тирмизи" (2/210), "Сахих әл-Жамиғ" (5/180).
50. Науқастың көңілін сұраудың артықшылығы
Пайғамбар ﷺ былай деді: «Егер адам өзінің ауру мұсылман бауырының көңілін сұрап барса, ол отырғанша Жаннаттың (жемістерін теріп жүргендей) жүріп барады. Ал, отырған кезде оны рақым бүркейді. Егер бұл таңертең болса, жетпіс мың періште кешке дейін Алладан (күнәләрінің кешіруін сұрап) ол үшін дұға жасайды. Ал, егер бұл кешке болса, онда жетпіс мың періште таң атқанша Алладан (күнәләрінің кешіруін сұрап) ол үшін дұға жасайды»[193]. [193] Тирмизи (969), Ибн Мәжаһ (1442) және Имам Ахмад (975) риуаят еткен. Қ.: «Сахих ибн Мәжаһ» (1/244) және «Сахих әт-Тирмизи» (1/286). Оны Ахмад Шакир де "сахих" деген.
51. Өмірінен үмітін үзген науқастың дұғасы
"Аллаһуммағ-фир ли, уар-хам-ни, уа-лхиқ-ни бир-рафикыл-әълә". «Аллаһым! Мені кешіре гөр, мені рақым ете гөр және мені жоғарғы қоғамға қос» [194]. [194] Бухари (7/10) (4435), Муслим (4/1893) (2444).
Пайғамбар ﷺ жан тапссырарда екі қолын суға салып, одан кейін қолдарымен бетін сүртіп былай деді: "Ләә иләәһә иллә-Ллаһ, инна лил-мәути сәкәраат". «Алладпн басқа (құлшылыққа лайық) тәңір жоқ. Расында, өлімнің жанталасы бар!» [195]
[195] Бухари ("Фәтх" 8/144), (4449), хадисте мисуак туралы айтылған.
"Ләә иләәһә иллә-Ллаһу уәл-Ллаһу әкбар, ләә иләәһә иллә-Ллаһу уахдаһ, ләә иләәһә иллә-Ллаһу уахдаһу ләә шәрикә ләһ, ләә иләәһә иллә-Ллаһу ләһул-мулку уә ләһул-хамд, ләә иләәһә иллә-Ллаһу уә ләә хаулә уә ләә қуата иллә билләәһ". «Алладан басқа (құлшылыққа лайық) құдай жоқ және Алла Ұлы. Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ, Ол Жалғыз. Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ, Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Бүкіл билік пен барлық мақтау Оған тән. Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ және Алланың көмегінсіз ешқандай күш те, қуат та жоқ»[196]. [196] Тирмизи (3430), Ибн Мәжаһ (3794). Албани оны "сенімді" деп дәлдеді. Қ.: "Сахих Тирмизи" (3/152) және "Сахих ибн Мәжаһ" (2/317).
52. Жан тапсырғалы жатқан кісіге кәлиманы айтуға көмектесу
«Кімнің соңғы сөзі: “Алладан басқа (құлшылыққа лайық) құдай жоқ”, - болса, Жәннатқа кіреді»[197].
[197] Әбу Дауд (3/190), (3116). Қ.: "Сахих әл-Жамиғ" (5/432).
53. Қайғы-қасіретке ұшыраған адамның дұғасы
"Инна ли-Лаһи уа инна иләйһи роожиъун. Аллаһумма-журни фи мусыбати уа ахлиф лии хайран минһа". «Расында, біз Аллаға тиесіліміз және Оған қайтушымыз. Я, Алла! Ммені қайғым себепті сауабты ет! Маған одан жақсысын нәсіп ет!» [198]. [198] Муслим (2/632), (918).
54. Мәйіттің көзін жұмғанда жасалатын дұға
"Аллаһуммәғ-фир лифуләән (...), уәр-фа‘ дәрәжәтәһу филмәһдиййин, уәхлуфһу фи ‘ақибиһи фил-ғабирин, уә-ғфир ләнә уә ләһу йәә Роббәл-‘аләмин, уәфсах ләһу фи қабриһ, уә нәууир ләһу фиһ". «Уа, Аллаһ! Пәленшенің (аты аталады) күнәларын кешір, оның дәрежесін тура жолдағылар арасында жоғарылат. Артында қалғандарына Өзің қамқор бол. Уа, әлемдердің Раббысы! Бізді де, оны да кешір. Оның қабірін кең ет және оны нұрға бөлей гөр» [199]. [199] Муслим (2/634), (920).
55. Жаназа намазында мәйіт үшін дұға ету
"Аллаһуммәғ-фир ләһу уәрхамһу, уә ‘афиһи уә‘фу ‘анһу, уә әкрим нузуләһу, уә уәсси‘ мудхалаху, уәғ-сильһу бил-мә: уәс-сәлжи уәл-бәрад, уә наққиһи минәл-хатааяа, кәмә наққайтәс-сәубәл-әбйәда минәд-дәнас, уә әбдилһу дааран хайран мин даариһи, уә әһлән хайран мин әһлиһи, уә заужан хайран мин заужиһи, уә әдхилһул-жәннә, уә ә‘изһу мин ‘азабил-қабр уә ‘азабин-нәәр". «Аллаһым! Оны жарылқа! Әрі оған рақым ет. Әрі оны (қабір азабынан) сақта, оны кешір және қабірінің орнын кең әрі жайлы қыл. Оның кірер жерін кең ет, әрі оны аппақ киімді кірден тазалағаның секілді су, қар және бұршақпен тазарта көр! Оған өз үйінен жақсы үй, өз отбасынан жақсы отбасы, өз жарынан жақсы жар ауыстырып бер және оны Жәннәтқа кіргіз. Әрі оны қабір азабынан [және тозақ азабынан] сақтағайсың» [200]. [200] Муслим (2/663), (963).
"Аллаһуммағ-фир лихаийина уа мәийтина, уа шааһидина уа ғоибина, уа соғийрина уа кабийрина, уа закарина уа унсана. Аллаһумма мән ахиайтаһу минна фа ахйиһи ‘аләал-ислам, уа ман тауаффайтаһу минна фа-тауаффаһу ‘алал-имаан. Аллаһумма лаа тахримна әжраһу, уа ла тудҙиллна ба’даһу". «Аллаһым. Біздің тірілеріміз бен өлілерімізді, арамызда барлар мен жоқтарымызды, кішілеріміз бен үлкендерімізді, ерлеріміз бен әйелдерімізді (бәрін) кешіре гөр! Я, Алла) Бізден кімге өмір берсең, оны Ислам дінінде тірі қылғайсың. Ал, бізден кімнің жанын алсаң, оның жанын иманмен алғайсың. Я, Алла! Бізді осының сауабынан мақұрым етпегейсің және одан кейін бізді тура жолдан адастырмағайсың» [201]. [201] Әбу Дәут (3201), Тирмизи (1024), Нәсәи (1985), Ибн Мәжаһ (1/480) (1498) және Ахмад (2/368) (8809). Сондай-ақ, қ.: "Сахих ибн Мәжаһ" (1/251).
"Аллаһумма иннә фуләнәниб-ни фуләнин фи зиммәтикә, уа хабли жиуарикә, фақиһи мин фитнатил-қобри, уа ‘азабин-наар, уа Анта әһлул-уафааи уал-хаққ. Фағ-фир ләһу уархамһу, иннәкә әнтал-Ғафурур-Рахиим". «Я, Алла! Пәленшенің ұлы түгенше Сенің қорғауыңда әрі Өз кепілдігіңде. Оны қабір қиындығынан және тозақ азабынан сақтағайсың. Сен – уәдеңді орындаушы әрі Ақиқат Иесісің. Оны кешіре гөр және оған рақым ете гөр. Күдіксіз, Сен – Кешірімді, Рақымдысың» [202]. [202] Ибн Мәжаһ (№ 1499). Қ.: «Сахих ибн Мәжаһ» (1/251), Әбу Дәуд (3/211), (3202).
"Аллаһуммә ‘абдука уәбну әмәтик, ихтәәжә иләә рахматик, уә әнтә Ғанийюн ‘ан ‘азәәбиһ. Ин кәәнә мухсинән фәзид фии хасанәтиһ, уә ин кәәнә мусии’ән фәтәжәәуәз ‘анһ". «Аллаһым! Сенің құлың әрі күңіңнің ұлы Сенің рахымыңа мұқтаж болды. Бірақ, Сен оны азаптауға мұқтаж емессің. Егер ол ихсан қылушы болса, оның жақсылықтарын арттыра гөр. Ал, егер жамандық жасаушы болса, оны кешіре гөр» [203]. [203] Хаким Нәйсабури риуаят етіп, оны "сенімді" деп бағалаған. Онымен Зәһәби де келіскен (1/359). Қ.: Албани «Әхкам әл-Жанаиз» кітабы (125-б.).
56. Шетінеген бала үшін жаназа намазында айтылатын дұға
"Аллаһуммә, ә’изһу мин ‘азаабил-қабр". (Я, Алла! Оны қабір азабынан сақта!) [204]. [204] (Саид ибн әл-Мусайиб былай деді: Мен Әбу Һурайраның (оған Алла разы болсын) артынан ешқашан күнә жасамаған сәбиге жаназа намазын оқыдым, сонда мен оның былай дегенін естідім...) хадис. Оны Мәлік «әл-Мууаттада» (1/288), ибн Әби Шайба «әл-Мусаннафта» (3/217) және Байһақи (4/9) келтірген, ал Шуғайб әл-Арнаут Бағауидің «Шарх ас-Суннә» еңбегіне жасаған тахқиқында (5/357) оның иснадын "сахих" деп бағалаған.
"Аллаһуммәж-‘алһу фаратан уә зухран ли уәлидәйһ, уә шафии‘ан мужәәбән. Аллаһуммә сәққиль биһи мәүәзийнаһума, уә а‘зим бихи ужураһума, уә әлхиқһу бисоолихил-му’минин, уә-ж‘алһу фи кәфаләти Ибраһим, уә қиһи бирахматика ‘азәбәл-жәхим. Уә әбдилһу дааран хайран мин даариһи, уә әһлән хайран мин әһлиһи. Аллаһуммәғ-фир ли әсләәфинаа, уә әфраатинаа, уә мән сәбақана бил-иман". Егер ол: «Иә, Алла! Бұл баланы ата-анасына алдын ала жіберілген сауап және қазына ете гөр, әрі оны шапағат етуші, дұғасы қабыл болған құлың қыла гөр! Иә, Алла! Осы бала себепті ата-анасының сауап таразыларын ауырлат және олардың сыйын арттыра гөр. Оны иманды, салиқалы жандардың қатарына қос және оны Ибраһим пайғамбардың қамқорлығына тапсыра гөр, әрі рақымыңмен тозақ азабынан сақта. Оған өз үйінен жақсы үй, өз отбасынан жақсы отбасы ауыстырып бер! Иә, Алла! Біздің алдыңғы буындарымызды, (кішкентай кезінде шетінеген) балаларымызды және бізден бұрын иманмен өткендерді кешіре гөр» – десе, жақсы [205].
[205] Қ.: Ибн Құдаманың «Әл-Муғни» (3/416) және шейх Абдулазиз ибн Абдуллаһ ибн Баздың (Алла оны рахымына алсын) «Жалпы үмбетке арналған маңызды сабақтар» (15-б.).
"Аллаһуммаж-'алһу ләнә фәратан, уә сәләфән, уә ажран". «Аллаһым! Оны біз үшін алдын ала барып күтуші, ізашар әрі сый-сауап қыла гөр!» [206]. [206] Хасан (Алла оны рақымына бөлесін) балаға «Фатиха» сүресін оқып, (осыны айтатын) ... хадис. Хадисті Бағауи келтірген: «Шарх ас-Сунна» (5/357) және Абдурраззақ (6588). Сондай-ақ Бухари иснадін муғаллақ (ілінген) түрде келтірген: «Жанаиз кітабы» (65), «Жаназада «Фатиха» сүресін оқу» тарауы (2/113), (1335) хадистің алдында.
57. Көңіл айту дұғасы
"Инна лил-Лаһи мәә әхаза, уә ләһу мәә а‘таа, уә куллу шәй’ин ‘индаһу би әжәлин мусаммә. Фәл-тасбир уәл-тәхтасиб". «Расында, Алланың бергені де, алғаны да Өзіне тиесілі. Оның құзырында бәрі атаулы мерзім бойынша (болады)... Ендеше, сабыр сақтап Алланың сауабын үміт ет»[207]. [207] Бухари (2/80) (1284), Муслим (2/636) (923).
Ал, егер: "Ә‘аззамал-Ллаһу әжрака, уә әхсәнә ‘азааәк, уә ғафара ли мәййитик". «Алла сауабыңды молайтсын, жұбанышыңды көркем етсін және марқұмыңды кешірсін»,—десе, тіпті жақсы [208].
[208] Нәуәуи, «Әл-Азкар» (126-б).
58. Мәйітті қабірге қоярда айтылатын дұға
"Бисмилләһи уә ‘алә суннәти расулилләһ". «Алланың атымен және Алла елшісінің сүннеті бойынша»[209]. [209] Әбу Дауд (3/314) жақсы иснадпен риуаят еткен (3215), ал Ахмад (5234) және (4812) «Бисмилләһи, уә ала милләти расулилләһ» «Аллаһтың атымен және Алла елшісінің діні бойынша»,—деген сөздермен риуаят еткен. Оның иснады—"сахих".
59. Мәйітті жерлегеннен кейінгі дұға
"Аллаһуммағ-фир ләһу, Аллаһуммә сәббитһу". «Я, Алла! Оны кешір. Я, Алла. Оны бекем ет!» [210]. [210] Пайғамбарымыз ﷺ мәйітті жерлеуді аяқтаған кезде, қабірінің жанында тұрып: «Бауырларың үшін Аллаһтан кешірім сұраңдар және оған беріктік тілеңдер, өйткені ол қазір сұралуда»,—дейтін.. Әбу Дауд (3/315; № 3223). Сондай-ақ Хаким оны "сахих" деп, онымен Зәһәби келіскен (1/370).
60. Қабір зияраты дұғасы
"Әс-сәләәму ‘аләйкум әһләд-дийәәр, минәл-му’мининә уәл муслимин, уә иннәә ин шәәАллаһу бикум ләәхиқун. [Уә ярхамуЛлаһул-мустақдимина миннәә уәл-муста’хирин], әс’алуЛлаһә ләнәә уә ләкумул-‘аафийә". «Ассәләму алейкум уа, бұл мазарда жатқан мүміндер мен мұсылмандар! Расында, Алла қаласа, біз де сіздерге қосыламыз, [бізден бұрын және бізден кейін өткендерді Алла рахым етсін] Алладан бізге де, сіздерге де саулық пен амандық сұраймын» [211]. [211] Муслим (2/671), (975) және Ибн Мәжаһ (1/494). Мәтін соныкі (1547), Бурайдадан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен. Тік жақша ішіндегісі Айшаның (Алла оған разы болсын) хадисінен.Қ.: Муслим (2/671), (975).
61. Жел соққанда оқылатын дұға
«Аллаһумма, инни ас'алю-кә хайра-һа, ва а'узу би-кә мин шарри-һа!" «Аллаһым! Расында, мен Сенен оның игілігін сұраймын және Өзіңе оның кесірінен сиынамын!» / [212]. [212] Әбу Дәуд (4/326) (5099) және ибн Мәжаһ (2/1228) (3727). Қ. "Сахих Ибн Мәжаһ" (2/305).
"Аллаһуммә инни әс’әлүкә хайраһә, уә хайра мәә фииһә, уә хайра мәә урсиләт биһи, уә ә‘узу бикә мин шәрриһә, уә шәрри мәә фииһә, уә шәрри мәә урсиләт биһи". «Аллаһым! Сенен осы желдің қайырын, оның ішіндегі жақсылықты және онымен жіберілген нәрсенің жақсылығын сұраймын. Сондай-ақ, оның жамандығынан, оның ішіндегі жамандықтан және онымен жіберілген нәрсенің жамандығынан Өзіңе сиынамын» [213]. [213] Муслим, әрі мәтіні сонікі(2/666) (899), және Бухари (4/76) (3206) және (4829).
62. Күн күркіреу дұғасы
"Субхаанал-ләзии юсаббихур-ра‘ду бихамдиһ, уәл-мәләәи’кату мин хиифәтиһ". «Көктің гүрілі дәріптеп, періштелер қорқып пәктейтін Алла пәк!» [214]. [214] Абдуллаһ бин әз-Зубайр (Алла екеуіне разы болсын) күн күркірегенін естігенде сөзін тоқтатып, осыны айтатын: ... хадис, "әл-Муатта" (2/992). Албани «Сахих әл-кәлим әт-тайиб» (157) кітабында: «Иснады сахих, мауқуф (сахабалар әсәрінен)», – деді.
63. Истисқа – жаңбыр сұрау дұғалары
"Аллаһуммас-қина ғайсан муғисан, мәриан мәриъан, нафиъан ғайра доррин, ъажилан ғайра әәжилин". «Аллаһым! Бізге жәрдем беретін, жұғымды, мол, пайдалы әрі зиянсыз, кешіктірмей тез арада жаңбыр жаудыра гөр!» [215]. [215] Әбу Дәуд (1/303), (1171). Албани «Сахих Әбу Дәуд» (1/216) кітабында бұл хадистің "сахих" екенін растады.
"Аллаһуммә әғиснә, Аллаһуммә әғиснә, Аллаһуммә әғиснә". «Я, Алла! Бізге (жаңбыр жаудыртып) жәрдем бере гөр, Я, Алла! Бізге (жаңбыр жаудыртып) жәрдем бере гөр, Я, Алла! Бізге (жаңбыр жаудыртып) жәрдем бере гөр[216]. [216] Бухари (1/224) (1014), Муслим (2/613) (897).
"Аллаһуммас-қи ‘ибадака, уа бәһааимака, уан-шур рахматака, уа ахйии бәләдәкал-мәййит". «Я, Алла! Құлдарың мен жануарларыңды сусындата гөр, рақымыңды тарата гөр және өлі өлкеңді тірілте гөр» [217]. [217] Әбу Дауд (1/305), (1178). Албани оны «Сахих әбу Даудта» (1/218) "хасан" деген.
64. Жаңбыр көрген сәтте оқылатын дұға
"Аллаһумма, соййибән нәәфиъан". «Аллаһым! Пайдалы жауын ете гөр» [218]. [218] Бухари, "Фәтхпен" бірге (2/518), (№ 1032).
65. Жаңбыр жауғаннан кейінгі зікір
"Мутирнә бифәдлилләһи уә рахмәтиһ". «Алланың кеңшілігі және мәрхаметімен бізге жаңбыр жауды». [219]. [219] Бухари (1/205) (846), Муслим (1/83) (71).
66. Жаңбырдың тоқтап, аспанның ашылуын сұрау дұғалары
"Аллаһумма, ха:уаләйнә уә ләә ъаләйнә, Аллаһумма ъаләл-әәкәми уәз-зироби, уә бутунил-әудиәти, уә мәнәбитиш-шәжәр". «Аллаһым! Үстімізге емес, айналамызға жаудырғайсың. Я, Аллаһ! Төбелер мен қырларға, сай-салаларға және ағаш өсетін жерлерге (жаудыра гөр)!» [220]. [220] Бухари (1/224, № 933), Муслим (2/614; № 897).
67. Жаңа туған айды көргенде айтылатын дұға
"Аллаһу әкбар, Аллаһуммә әһилләһу ‘аләйнә бил-әмни уәл-иймән, уәс-сәләмәти уәл-исләм, уәт-тәуфиқи лимә тухиббу Раббәнә уә тәрда, Раббунә уә Раббукә-ллаһ". «Алла ұлық! Аллаһым! Оны бізге амандық пен иман, есендік пен Исламмен және Раббымыз, Өзің жақсы көретін әрі разы болатын істерге сәттілік бере отырып шығара гөр. Біздің Раббымыз әрі сенің Раббың – Алла» [221]. [221] Тирмизи (5/504), (3451), Дарими осы мәтінмен (1/336). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/157).
68. Ораза ұстаушының ауыз ашар кезіндегі дұғасы
"Зәһәбәз-замау уәбтәлләтил-‘урууқ, уә сәбәтәл-әжру ин шәәАллаһ". «Шөл басылды, тамырлар сусындады және, Алла қаласа, сауап жазылды» [222]. [222] Бұл хадисті: Әбу Дәуд (2/306, 2359) және басқалар риуаят еткен. Қ.: "Сахих әл-Жамиғ" (4/209).
"Аллаһуммә инни әс-әлукә бирахмәтикәл-ләти уәси‘ат куллә шәй-ин ән тәғфирә ли". «Уа, Алла! Шын мәнінде, мен Сенен барлық нәрсені қамтыған рақымыңмен мені кешіруіңді сұраймын!» [223]. [223] Бұл хадисті Ибн Мәжаһ (1/557) (1753) Абдуллаһ ибн Амрдың (Алла екеуіне разы болсын) дұғасынан риуаят еткен, әл-Хафиз «Тахриж әл-Азкарда» «хасан хадис» деген. Қ.: «Шарх әл-Азкар» (4/342).
69. Тамақ ішер алдындағы дұға
«Сендерден кім тамақтанар болса: "Бисмилләһ" (“Аллаһтың атымен!”), - десін. Ал, егер тамақ алдында ұмытып кетсе, онда: әБисмилләһ фи әууәлиһи уә әәхириһи". (“(Тамақтың) алдында және соңында Алланың атымен!”—десін» [224].
[224] Бұл хадисті: Әбу Дәуд (3/347) (3767) және Тирмизи (4/288) (1858) риуаят еткен. Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (2/167).
«Кімде-кімді Алла тамақтандырса, ол: "Аллаһуммә бәәрик ләнә фиһи уә әт‘имна хайран минһ". “Иә Аллаһ, оған біз үшін берекелі ет және бізді бұдан да қайырлысымен тамақтандыр”, - десін. Ал кімге Алла сүт ішкізсе, сол: «Аллаһуммә бәәрик ләнә фиһи уә зидна минһ" (Иә Алла! Оны біз үшін берекелі ет және оны бізге арттыра гөр!”, - десін»[225].
[225] Тирмизи (5/506), (3455). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/158).
70. Тамақ ішіп болғанда оқылатын дұға
"Әлхамду лилләһил-ләзий ат-ъамәний һәзәә, уә разақаниһи, мин ғойри хаулин миний уә ләә қууәтин" «Менен ешқандай күш-қуат талап етпей, мені тамақтандырып, рызықтандырған Аллаға мадақ болсын» [226]. [226] Бұл хадисті Әбу Дәуд (4025), Тирмизи (3458) және Ибн Мәжаһ (3285) риуаят еткен. Қ.: «Сахих Тирмизи» (3/159).
"Әлхамду лилләһи хамдан касиран таййбан мубаракан фийһи, ғойро [мәкфий уә лә] мууаддәъин, уә ләә мустәғнән ъанһу роббәнә" «Аллаға көп, таза (хош), берекелі, әрдайым айтылатын және үздіксіз мадақтар болсын. Оған лайық толық шүкір ете алмаймыз, Оның мадағын толық қамти алмаймыз және Оның мадағы ешқашан үзілмейді. Біз, уа Раббымыз, Сені қажет етпей бір сәт те қала алмаймыз»[227]. [227] Бухари (6/214) (5458) және Тирмизи өз сөзімен (5/507) (3456).
71. Қонақтың тамақ иесіне жасайтын дұғасы.
"Аллаһумма бәрик ләһум фима розақтаһум, уағ-фир ләһум уар-хамһум". «Я, Алла! Оларға берген ризық-несібеңе береке бер! Оларды кешір және оларға рақым ете гөр» [228]. [228] Муслим (3/1615) (2042).
72. Ас немесе сусын сұрау үшін дұға арқылы тұспалдау
"Аллаһумма, ат'им мән ат'ама-ни, уас-қи мән сәқа-ни". «Аллаһым! Мені тамақтандырғанды тамақтандыра гөр және мені сусындатқанды сусындата гөр» [229]. [229] Муслим (3/1626), (2055).
73. Ауыз аштырған отбасына оқылатын дұға:
"Әфтара ‘индәкумус-соимун, уә әкәлә то‘амакумул-әбраар, уә соллат ‘аләйкумул-мәләәикә". «Үйлеріңде ораза тұтқандар ауыз ашсын, астарыңызды ізгі-жақсылар жесін әрі періштелер сендерге игілік тілесін» [230]. [230] Әбу Дауд «Сунан» (3/367), (3856), Ибн Мәжаһ (1/556), (1747) және Нәсаи «Амалул-йәуми уәл-ләйлә» еңбегінде (296-298) риуаят еткен және онда Пайғамбар ﷺ бір отбасында ауыз ашса, осы сөздерді айтатыны баян етілген. Албани мұны «Сахих Әбу Даудта» (2/730) "сенімді" деп тапқан.
74. Ораза ұстаушының тамақ келіп, өзі ауыз ашпаса айтатын дұғасы:
«Егер қайсы бірің қонаққа шақырылса, онда қабыл алсын. Егер оның аузы ораза болса, онда игілік тілесін. Ал, егер ораза болмаса, онда астан алсын» [231]. “Игілік тілесін”, яғни "Алла Тағаладан (ол адам үшін) дұға жасасын" дегені. [231] Муслим (2/1054) (1150).
75. Ораза ұстаушыны біреу балағаттаса, ол не айту керек?
"Инни сааимун, инни сааимун". «Расында, мен—оразамын. Расында, мен—оразамын»[232]. [232] Бухари «Фатхпен» бірге (4/103), (1894), Муслим (2/806), (1151).
76. Жемістің алғашқы өнімін көргенде жасалатын дұға
"Аллаһуммә, бәрик ләнә фи сәмәринә, уә бәрик ләнә фи мәдинәтинә, уә бәрик ләнә фи со'инә, уә бәрик ләнә фи муддинә". «Уа, Алла! Жемістерімізге береке бере гөр, қаламызға береке бере гөр, сағымызға (төрт уыс өлшемі) береке бере гөр және муддымызға (уысымызға) береке бере гөр!» [233]. [233] Муслим (2/1000), (1373).
77. Түшкіргенде айтылатын дұға
«Сендерден кім түшкірсе: “Әлхамдули-Лаләһи”, - деп Аллаға мақтаулар айтсын. Ал, оның бауыры (серігі) оған: “Ййярхамука-Ллаһ!” (Алла саған рақым етсін), - десін . Егер ол (бауыры) осыны айтса, яғни: “Йярхамука-Ллаһ!” (Саған Алла рақым етсін), - десе, онда түшкіруші жауап ретінде: «Йаһдикуму-Лаһу уа йуслиһу баләкум!» (Алла сендерге дұрыс жолды көрсетіп істеріңді реттеп берсін!), - десін» [234].
[234] Бухари (7/125; № 5870).
78. Егер кәпір түшкіріп, Аллаға мақтаулар айтса, оған айтылатын сөздер
"Йәһдикумул-ЛлаҺ уә юслиху бәәләкум". «Алла сенітура жолға бастап, істеріңді тәртіпке келтірсін»[235]. [235] Тирмизи (5/82) (2741), Имам Ахмад (4/400) (19586) және әбу Дәуд (4/308) (5040). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (2/354).
79. Үйленген адам үшін дұға ету
"Бәәракал-Ллаһу ләка, уә бәәрака ‘аләйкә, уә жәмә‘а бәйнакумә фии хайр". «Алла саған береке берсін, әрі саған береке жаудырсын! Екеуіңді жақсылықта біріктірсін»[236]. [236] Әбу Дәуд (№ 2130), Тирмизи (№ 1091) және ибн Мәжаһ (№ 1905). Сондай-ақ, Нәсәи «Амәл әл-йәум уәл-ләйлә» еңбегінде (№ 259). Қ.: "Сахих Тирмизи" (1/316).
80. Үйленген адамның және көлік сатып алушының дұғасы.
Біреулерің үйленсе немесе қызметші сатып алса, былай десін: "Аллаһуммә инни әс’әлүкә хайраһә, уә хайра мәә жәбәлтәһә ‘аләйһ, уә ә‘узу бикә мин шәрриһә, уә шәрри мәә жәбәлтәһә ‘аләйһ". «Аллаһым! Мен Сенен оның жақсылығын және оны қандай болмыста жаратқаныңның жақсылығын сұраймын. Сондай-ақ Өзіңе сиынып, оның жамандығынан және оны қандай болмыста жаратқаныңның жамандығынан панаңды тілеймін. Егер түйе сатып алса, оның өркешінің ұшынан ұстап, осыны айтсын» [237].
[237] Әбу Дауд (2/248), (2160), Ибн Мәжаһ (1/617), (1918). Қ: «Сахих ибн Мәжаһ» (1/324).
81. Жұбайына қосылар алдындағы дұға.
"Бисмилләһ, Аллаһумма жәннибнаш-шайтана уа джанниби-ш-шайтана ма разақта-на". «Алланың атымен! О, Алла! Бізді шайтаннан алыстат және шайтанды бізге нәсіп еткеніңнен (перзенттен) алыстатқайсың» [238]. [238] Бухари (6/141) (141) және Муслим (2/1028) (1434).
82. Ашуланғанда айтылатын дұға
"Ә’узу билләһи минәш-шайтониррожиим". «Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сиынып, пана сұраймын» [239]. [239] Бухари (7/99) (3282), Муслим (4/2015) (2610).
83. Бәлеге ұшыраған адамды көргенде оқылатын дұға
"Әлхамду лилләһил-ләзи ‘афәни миммәб-тәләкә биһи, уә фаддаләни ‘алә кәсирин миммән халәқа тәфдыйлә". «Сені сынаған нәрседен мені есен-аман еткен және Өзі жаратқандарының көбінен мені артық еткен Аллаға мақтау-мадақ болсын!» [240]. [240] Тирмизи (5/494) және (5/493), (3432). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/153).
84. Жиналыста айтылатын дұға
Ибн Омар (оған Алла разы болсын) ол былай деді: Пайғамбар ﷺ бір мәжілісте отырғанда, одан тұрып кетпей тұрып жүз рет мына зікірді айтқанын санап шыққан: "Роббиғ-фир лии, уа туб 'аләййа, иннакә әнтат-Таууабул-Ғафур". «Раббым, мені кешір, және тәубемді қабыл ал. Расында, Сен – тәубені (тез) Қабыл алушы, Кешірімдісің» [241]. [241] Тирмизи (3434), Ибн Мәжаһ (3814). Қ.: "Сахих Тирмизи" (3/153) және "Сахих Ибн Мәжаһ" (2/321). Мәтіні Тирмизидікі.
85. Жиналыс өтемі (кәфараты)
"Субханәкә-Аллаһуммә уә би-хамдик. Әшһәду ән лә иләһә иллә әнтә, әстағфирукә уә әтубу иләйк". «Аллаһым! Сен Пәксің және Саған мадақ! Сенен басқа ешбір құдайдың жоқ екеніне куәлік беремін. Сенен кешірім сұраймын және Саған тәубе етемін» [242]. [242] «Сунән» иелері: Әбу Дәут, (4858), Тирмизи, (3433) және Нәсәи, (1344). Қ.: «Сахих әт-Тирмизиді» (3/153). Айшаның (Алла оған разы болсын) былай дегені расталды: «Алланың елшісі ﷺ қандай да бір мәжілісте отырса, Құран оқыса немесе намаз оқыса, оны міндетті түрде мына сөздермен аяқтайтын...». Бұл хадисті Нәсәи «Амал әл-йәум уәл-ләйлә» еңбегінде, (308) және Ахмад (6/77), (24486) риуаят еткен. Доктор Фарук Хаммада оны Нәсәидің «Амал әл-йәум уәл-ләйлә» еңбегіне жасаған тахқиқында (273-бет) "сахих" деп бағалады.
86. «Алла сені кешірсін», - деген адамға жасалатын дұға.
«Уә ләкә» (және сені де кешірсін) [243]. [243] Имам Ахмад (5/82), (20778), Нәсәи, "Амәл әл-йәум уәл-ләйлә" (218-б.), (421). Доктор Фаруқ Хамаданың редакциясы.
87. Өзіңе жақсылық жасағанға дұға ету.
"Жәзәкәллаһу хайран". «Алла саған одан да жақсы сый берсін!» [244]. [244] Тирмизи (2035). Қ.: "Сахих әл-Жамиғ" (6244) және "Сахих әт-Тирмизи" (2/200).
88. Алла тағала онымен Дажжалдан қорғануға арнаған нәрселер:
«Кімде-кім Кәһф сүресінің алғашқы он аятын жаттап алса, сол Даджалдан қорғалады»[245]. Сондай-ақ, әр намаздың соңғы ташаһһудінен кейін Аллаға сиынып, Дәжжал бүлігінен пана тілеу [246]. [245] Муслим (1/555), (809). Басқа бір риуаятта: "Кәһф сүресінің соңғы аяттарынан" (1/556), (809),—деп келген. [246] Қ.: осы кітапың №№ 55-56 хадистер (41-бет).
89. «Инни уһиббукә филлаһ" — Расында, мен сені Алла үшін жақсы көремін!» - деп айтқан адамға айтылатын дұға.
"Әхаббакәл-ләзи әхбәбтәни ләһу". «Мені Өзі үшін жақсы көрген Алла, сені де жақсы көрсін!» [247]. [247] Әбу Дәуд (4/333, 5125). Албани «Сахих сунән әбу Дәуд» (3/965) кітабында "хасан" деген.
90. Саған дүние-мүлкін ұсынған кісіге жасалатын дұға.
"Бәәракаллаһу ләка фи әһликә уә мәлик". «Алла Тағала сенің отбасыңа және мал-дүниеңе береке берсін!» [248]. [248] Бухари «Фатхпен» бірге (4/288), (№ 2049).
91. Қарызды өтегенде қарыз бергушіге айтылатын дұға
"Бәракаллаһу ләкә фи әһликә уә мәликә, иннәмә жәзәус-сәләфил-хамду уәл-әдәәу". «Алла отбасың мен дүние-мүлкіңе береке берсін. Расында, қарыздың қайтарымы – мақтау-мадақ және оны өтеу» [249]. [249] Нәсәи «Амәл әл-йәум уәл-ләйлә» (300-б.) және Ибн Мәжаһ (2/809, 2424). Қ.: «Сахих Ибн Мәжаһ» (2/55).
92. Ширктен қорқыққанда айтылатын дұға:
"Аллаһуммә иннии ә‘узу бикә ән ушрикә бикә уә әна а‘ләм, уә әстәғфирукә лимәә ләә а‘ләм". «Я, Аллаһ! Расында, мен Өзіңе сиынып, біле тұра Саған серік қосуымнан пана тілеймін және білмегенім үшін Өзіңнен кешірім сұраймын» [250]. [250] Ахмад (4/403), (19606) және Бухари, «әл-Әдәб әл-Муфрад» (№ 716). Қ: «Сахих әл-Жамиъ» (3/233) және Албанидың «Сахих әт-Тарғиб уәт-Тархиб» (1/19).
93. «Алла Тағала саған береке берсін», - деп айтқан адамға айтылатын дұға.
"Уә фикә бәрокал-лаһ". «Алла Тағала саған да береке берсін» [251]. [251] Ибн әс-Сүнни (138-б.) (№ 278). Қ.: Ибн әл-Қаййим, «Әл-Уәбил әс-Сайиб» (304-б.), Бәшир Мухаммад Ъуюн редакциясы.
94. Ырымды жақтырмау дұғасы.
"Аллаһуммә! Лә тойра иллә тойрук, уә лә хайра иллә хайрук, уә лә иләһа ғайрук". «Аллаһым! Сенің құстарыңнан (тағдырыңнан) басқа құс жоқ. Сенің жақсылығыңнан басқа жақсылық жоқ әрі Сенен басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ» [252]. [252] Имам Ахмад (2/220), (7045) және Ибн ас-Сунни (292) риуаят еткен. Албани оны «Силсиләтул-әхадисис-сахиха» (3/54), (1065) жинағында "сенімді" деген. Бір нәрседе жақсылықтың белгісі болса (фәъл), Пайғамбар ﷺ оны ұнататын еді. Сондықтан ол бір кісіден жақсы сөз естіп, ол өзіне ұнаса: «Сенің шырын сөздеріңді жақсылыққа жорып қабылдадық», - деген екен. Әбу Дәуд (3719) және Имам Ахмад (9040) риуаят еткен. Албани оны «Силсиләтул-әхадисис-сахихада» (2/363) "сенімді" деген. Бұл хадис Әбу әш-Шейхтің «Ахләқун-Нәби ﷺ» кітабында да келтіріледі (270-б).
95. Көлікке отырғанда оқылатын дұға.
"Бисмилләһ, уәлхамду лиллаһ". «Алланың атымен, барлық мадақ Аллаға тән!»
"Субхаанәл-ләзи саххара ләнәә һәҙә уә мәә куннә ләһу муқринин". "Осы (көлікті) бізге бағындырған Алла пәк. Әйтпесе, біз оның маңына да жақындай алмас едік.
Расында, біз Раббымызға қайтушымыз"
"Әлхамду лилләһ, әлхамду лилләһ, әлхамду лилләһ, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Субханәкә-Ллаһуммә инни заламту нәфси фәғфир ли; фәиннәһу лә яғфиру-ззүнүбә иллә әнт". «Барлық мақтау Аллаға болсын, барлық мақтау Аллаға болсын, барлық мақтау Аллаға болсын. Алла Ұлы, Алла Ұлы, Алла Ұлы. Уа, Аллаһым! Сен Пәксің. Мен өзіме зұлымдық жасадым. Сондықтан мені кешіре гөр. Өйткені күнәларды Сенен басқа ешкім кешірмейді» [253]. [253] Әбу Дауд (3/34), (2602) және Тирмизи (5/501), (3446). Қ.: "Сахих Тирмизи", (3/156), Зухруф сүресі [13-14].
96. Сапар дұғасы
"Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар" (Алла Ұлық, Алла Ұлық, Алла Ұлық!)
(Мұны бізге бағындырған Алла Пәк! Әйтпесе, біз оның маңына да жақындай алмас едік.
Расында, біз—Раббымызға қайтушымыз"
"Аллаһуммә иннаа нас’әлүкә фи сафаринә һәҙә әл бирра уәт-тәқуә. Уә минәл-‘амәли мәә тәрдаа. Аллаһуммә һәууин ‘аләйнә сафарәнә һәҙә уәтуи ‘аннаа бу‘дәһ. Аллаһуммә әнтәс-Саахибу фис-сәфәр, уәл-Халифәту фил-әһл. Аллаһуммә иннии ә‘узу бикә мин уә‘сәәис сәфәр, уә кәәбәтил-мәнзар, уә су’ил-муңқаләб фил-маәли уәл-әһл". «Аллаһым! Осы сапарымызда бізге тақуалық, ізгілік пен Өзің разы болатын істерді нәсіп етуіңді сұраймыз. Аллаһым! Бізге осы сапарымызды жеңілдетіп, оның қашықтығын қысқарта гөр. Аллаһым! Сен – сапарда серігімізсің, ал үйде қалғандарға Қамқоршысың. Аллаһым! Сапардың қиыншылығынан, қайғылы көріністерден және мал-мүлік пен отбасына жаман күйде оралудан Өзіңе сиынамын»,
(Сапардан) оралғанда осы айтылғанға мынаны қосып айтатын: "Әә-ибуна, тәәибуна, әәбидуна, ли Роббинәә хаамидун". «Біз Раббымызға тәубе етіп, құлшылық жасап, әрі Оған мадақ айтып қайтып келе жатырмыз» [254]. [254] Муслим (2/978), (1342).
97. Ауылға немесе қалаға кірерде айтылатын дұға
"Аллаһуммә Роббәс-сәмәәуәәтис-сәб‘и уә мәә әзлалнә, уә Роббәл-арадиинәс-сәб‘и уә мәә әқләлнә, уә Роббәш-шәйәәтиин уә мәә әдлалнә, уә Роббар-рийаахи уә мәә зәрәйнә. Әс’әлүкә хайра һәзиһил-қарйә, уә хайра әһлиһәә, уә хайра мәә фииһә, уә ә‘узу бикә мин шәрриһә, уә шәрри әһлиһәә, уә шәрри мәә фииһә". «Аллаһым, жеті көктің және олар көлеңке түсіргендердің Раббысы, жеті жердің және олар көтеріп тұрғандардың Раббысы, шайтандардың және олар адастырғандардың Раббысы, желдердің және олар ұшырып таратқандардың Раббысы! Расында, мен осы елді мекеннің жақсылығын, оның тұрғындарының жақсылығын және ондағы нәрселердің жақсылығын сұраймын. Әрі Өзіңе сиынып, осы елді мекеннің жамандығынан, оның тұрғындарының жамандығынан әрі ондағы нәрселердің жамандығынан панаңды сұраймын» [255]. [255] Хаким хадисті "сенімді" ретінде риуаят етті және Зәһәби (2/100) онымен келісті. Ибн Сунни (нөмірі: 524) риуаят етті. әл-Хафиз "Тахриж әл-Әзкар" кітабында (5/154) хадисті "жақсы" деп, риуаят етті. Ғұлама ибн Баз (Алла оны рақымына алсын): "Бұл хадисті ән-Нәсәи "жақсы" иснадпен келтірген", - деді. Қ.: "Тухфат әл-Ахяр" (37-б).
98. Базарға кірерде оқылатын дұға
"Лә иләһә илләл-лаһу уахдаһу ләә шәрикә ләһ, ләһул-мүлку уә ләһул хамд, йухйи уә йумит, уә һуа хайюн ләә йәмут, бийәдиһил-хайр, уә һуа ‘аләә кулли шай’ин қадир". «Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ, Ол – Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік пен барлық мақтау Оған тән. Ол тірілтеді әрі өлтіреді, Ол – мәңгі Тірі, өлмейді. барлық игілік Оның қолында және Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді»[256]. [256] Тирмизи (3428), Ибн Мәжаһ (5/291), (3860) және Хаким (1/538) риуаят еткен. Албани «Сахих ибн Мәжаһ» (2/21) және «Сахих әт-Тирмизи» (3/152) кітаптарында "хасан" деген.
99) Көлік сүрінгенде оқылатын дұға.
"Бисмилләһ". «Алланың атымен» [257]. [257] Әбу Дәуд (4/296) (4982). Албани «Сахих әбу Дәуд» (3/941) кітабында бұл хадистің "сахих" екенін растады.
100. Жолаушының (үйде) қалушыға айтатын дұғасы
"Әстәуди‘укумул-Ллаһәл-ләзи ләә тәди‘у уә дәәи‘уһ". «Сіздерді тапсырылған нәрселерді жоғалтпайтын Аллаға тапсырдым» [258]. [258] Имам Ахмад (2/403), (9230), Ибн Мәжаһ (2/943), (2825). Қ.: "Сахих Ибн Мәжаһ" (2/133).
101. Тұрғынның (қалушының) жолаушыға айтатын дұғасы
"Әстәуди‘ул-Ллаһә диинәкә, уә әмәәнәтәкә, уә хауәәтиимә ‘амәлик". «Дініңді, аманатыңды және амалдарыңның соңын Аллаға тапсырамын» [259]. [259] Имам Ахмад (2/7), (4524) және Тирмизи (5/499), (3443). Албани «Сахих сунан әт-Тирмизиде» "сахих" деген, (3/419).
"Заууадакал-Лаһут-тәқуаа, уә ғафара занбәк, уә йәссара лакәл-хайра хайсу мәә кунт". «Алла саған тақуалықты рухани азығың етсін, күнәларыңды кешірсін. Қай жерде болсаң да, саған жақсылықты жеңілдетсін» [260]. [260] Тирмизи (3444). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/155).
102. Сапар кезінде тәкбір мен тәсбих айту.
Жәбір (Алла оған разы болсын) ол былай деді: «Біз биікке көтерілгенде Алланы ұлықтап ("Аллаһу әкбар" деп), ал төмендеген кезде ("Субханаллаһ" деп) пәктейтін едік».[261]
[261] Бухари, «Фатхпен» бірге (6/135), (2993).
103. Жолаушының таңсәріде оқитын дұғасы
"Сәммә’а сәәми’ун бихамдилләһи, уә хусни бәлә-иһи ‘аләйнә, Роббәнә Саахибнә, уә афдыл ‘аләйнә, ‘ааизән билләһи минән-нәр". «Біздің Аллаға айтқан мадағымызды естіген, Оның сынағының көркем екенін басқаларға жеткізсін. Аллаға сиынып, Оттан пана тілей отырып, уа, Раббымыз! бізбен болуыңды, бізге кеңшілік етіп және бізді Оттан сақтауыңды тілеймін» [262]. [262] Муслим (4/2086), (2718). «Сәммә'а сәәми'ун» мағынасы: яғни, Алла Тағаланың нығметтері мен көркем сынағы үшін Оған айтқан мадағымызға куәгер куәлік етті. Сондай-ақ, «Сәммә'а сәми'ун» мағынасы: менің осы сөзімді естуші оны басқаға жеткізсін, әрі сәресі уақытындағы зікір мен дұғаға назар аударту мақсатында ол да осылай айтсын. Ән-Нәуәуи, «Сахих Муслим» шархы (17/39).
104. Сапар немесе басқа бір жерде болсын, бір мекенге тоқтаған кезде оқылатын дұға
"Ә‘узу бикәлимәәтил-Ллаһит-таммәәт мин шәрри мәә халәқ". «Алланың кемел сөздерімен, жаратқандарының жамандығынан Өзіне сиынып, пана тілеймін»[263]. [263] Муслим (4/2080), (2709).
105. Сапардан қайтқанда айтылатын зікір
"Ләә иләһә иллә-Ллаһу уахдәһу ләә шәрикә ләһ, ләһул-мүлку уә ләһул-хамд, уә һуа ‘алә күлли шай-ин Қодир. Әәйибуна, тәәибуна, ‘аабидуна, лиРоббинә хаамидун. Садақал-Ллаһу у‘дәһ, уә насара ‘абдәһ, уә һәзәмәл-ахзааба уахдәһ". «Әрбір биік жерге шыққанда үш рет тәкбір келтіріп, содан соң былай деп айтады: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік те, мадақ та бүтіндей Оған тән әрі Ол әр нәрсеге Құдіретті. Біз Раббымызға тәубе етіп, құлшылық жасап, әрі Оған мадақ айтып қайтып келе жатырмыз. Аллаһ уәдесінде тұрды, құлына жеңіс берді және дұшпан топтарды жалғыз Өзі жеңді» [264]. [264] Пайғамбар ﷺ мұны жорықтан немесе қажылықтан қайтқанда айтатын. Бухари (7/163, 1797), Муслим (2/980, 1344).
106. Қуантатын немесе жек көретін (ұнатпайтын) бір іс көрген адам не айтады?
Пайғамбарымыз ﷺ өзін қуантатын хабар жеткенде: "Әлхамду лиЛләһи-лләзи бини‘матихи тәттәиммус-салихат" (Оның нығметімен игі істер жүзеге асатын Аллаға мақтаулар болсын!»—дейтін).
Ал, өзіне ұнамайтын бір іске тап келсе: "Әл-хамду лилләһи ‘алә кулли хал". «Кез-келген жағдайда, Аллаға мақтаулар болсын!» [265]. [265] Ибн әс-Сунни «Амал әл-йәум уәл-ләйлә» (377) кітабында. Оны Хәким (1/499) де келтіріп, "сенімді" деп бағалаған. Албани «Сахих әл-Жамиғ» (4/201) кітабында бұл хадистің "сахих" екенін растады.
107. Пайғамбарға ﷺ салауат айтудың артықшылығы
Пайғамбармыз ﷺ : «Кімде-кім маған бір рет салауат айтса (мадаққа бөлесін деп, дұға етсе), Алла оған он рет салауат айтады» [266]. [266] Муслим (1/288) (384) келтірген.
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: "Ләә тәж‘алу қобри ‘иидан, уә соллу ‘аләйй, фә инна солатәкум таблуғунӣ хайсу кунтум". «Менің қабіріме зиярат жасауды "мереке" (қайтушы нәрсе, әдет) етіп алмаңдар! Маған салауат айтыңдар! Өйткені, сендер қай жерде болсаңдар да, салауаттарың маған жетіп тұрады»[267]. [267] Әбу Дәуд (2/218) (2044) және Ахмад (2/367) (8804). Албани «Сахих Әбу Дәуд» (2/383) кітабында бұл хадистің "сахих" екенін растады.
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Менің атым аталғанда маған салауат айтпаған адам – нағыз сараң» [268]. [268] Тирмизи (5/551), (3546) және басқалар. Қ.: "Сахих әл-Жамиғ" (3/25) және "Сахих әт-Тирмизи" (3/177).
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Расында Алланың жер жүзін кезетін періштелері бар. Олар үмбетімнің маған жолдаған сәлемдерін жеткізеді» [269]. [269] Нәсаи (3/43, 1282), Хәким (2/421). Албани «Сахих ән-Насаи» (1/274) кітабында оны "сенімді" деп бағалаған.
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Кім маған (мен өлгенімнен кейін) сәлем берер болса, оған жауап беруім үшін Алла маған жанымды қайтарады» [270]. [270] Әбу Дауд, (2041). Албани оны «Сахих Әбу Даудта» (1/383) "хасан" деген.
108. Сәлем тарату
Алланың елшісі ﷺ былай деді: «Сендер иман келтірмейінше Жәннатқа кірмейсіңдер. Ал, бір-біріңді жақсы көрмейінше иман келтірмейсіңдер. Сендерге соны істесеңдер, бір-бірлеріңді жақсы көретін бір нәрсені көрсетейін бе? Араларыңда сәлем беруді таратыңдар»[271]. [271] Муслим, 1/74 (54); Ахмад (1430) (осы нұсқа келтірілді). Муслимнің нұсқасы: «Кірмейсіңдер...».
«Кімде-кім бойына мына үш нәрсені жинаса, иманды толық жинаған болады: өз-өзіне қатысты әділ болу, баршаға сәлем беру және таршылықта бола тұрып садақа беру» [272]. [272] Бухари ("Фәтх" 1/82), (28), Аммарға (Алла оған разы болсын) риуаят тоқталып, тізбегі "му‘аллақ" (аспалы) түрде келген.
Абдуллаһ ибн Омардан (Алла ол екеуіне разы болсын) келген хадисте ол былай деді: «Бір адам Пайғамбардан ﷺ. "Исламның қайсы көрінісі жақсы саналады?"— деп сұрады: Сонда ол ﷺ: «Исламның ең жақсы көрінісі – адамдарға тамақ беру және танығанға да, танымайтынға да сәлем беру»,—деген. [273]. [273] Бухари «Фатхпен» бірге (1/55), (12) және Муслим (1/65), (39).
109. Егер имансыз (кәпір кісі) сәлем берсе, оның сәлеміне қалай жауап қайтарылады?
«Егер сендерге Кітап иелері сәлем берсе, оларға: "Уа алейкум" (“Сендерге де”) - деп жауап беріңдер» [274]. [274] Бухари «Фатхпен» бірге (11/42; № 6258), Муслим (4/1705; № 2163).
110. Әтештің (қораздың) шақырғанын және есектің ақырғанын естігенде оқылатын дұға.
«Егер әтештің шақырғанын естісеңдер, онда Алладан Оның игілігін сұраңдар, өйткені ол періштені көрді. Ал, егер есектің ақырған дауысын естісеңдер, онда Аллаға сиынып, шайтаннан пана сұраңдар, өйткені ол шайтанды көрді»[275].
[275] Бухари «Фатхпен» бірге (6/350), (3303), Муслим (4/2092), (2729).
111. Түнде иттердің үргенін естіген кездегі дұға.
«Егер түнде иттердің үргенін және есектердің ақырғанын естісеңдер, Аллаға сиынып, олардан пана сұраңдар. Өйткені олар сендер көрмейтін нәрсені көреді» [276]. [276] Әбу Дәуд (4/327) (5105), Имам Ахмад (3/306) (14283). Албани «Сахих Әбу Дәуд» (3/961) кітабында бұл хадистің "сахих" екенін растады.
112. Тілі тиген (ренжіткен) адам үшін айтылатын дұға
Пайғамбар ﷺ былай деді: "Аллаһуммә фә-әййумәә му’минин сәбәбтуһу, фәж’ал зәликә ләһу қурбәтән иләйкә йәумәл-қийәмәһ". «Уа, Алла! Қандай да бір мүмінді тілдеген болсам, Қиямет күні мұны ол үшін Өзіңе жақындатушы ете гөр» [277]. [277] Бухари «Фатхпен» бірге (11/171) (6361), Муслим (4/2007) (396). Оның мәтіні: «Оны ол үшін тазарту әрі мейірім ет».
113. Мұсылман басқа мұсылманды мақтаған кезде не айтады
Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Сендерден кім өз жолдасын міндетті түрде мақтауы керек болса және оның, шынымен сондай екенін білсе: “Мен пәленшені былай-былай деп ойлаймын. Ал, оны жақсы білуші әрі есепке алушы – тек Алла. Алла алдында мен ешкімді мақтамаймын“,-- десін» [278]. [278] Мүслим риуаят еткен, (4/2296), (3000).
114. Мұсылман мақталғанда не дейді
"Аллаһуммә лә ту’ахизни бимә йәқулун, уәғфир ли мәә ләә йә‘ләмун, [уәж‘ални хайран миммә йәзуннун]". «(Аллаһым! Мені олардың айтқаны үшін жауапқа тарта көрме, олар білмейтін (күнәларымды) кешіре гөр, [сондай-ақ мені олардың ойлағанынан жақсы ете гөр]» [279]. [279] Бухари, «әл-Әдәб әл-Муфрад» (№761). Албани оның иснадын «Сахих әл-Әдәб әл-Муфрад» кітабында (585) "сахих" деп бағалаған. Тік жақша ішіндегісі —Байхақидың «Шуаб әл-Иман» (4/228) кітабында басқа жолмен келген қосымшасы.
115. Ихрамдағы адам қажылық немесе умрада қалай (не деп) тәлбия айтады
"Ләббайк Аллаһумма ләббайк. Ләббайк ләә шәрикә ләкә ләббайк. Иннәл-хамда, уән-ни‘мата, ләкә уәл-мүлк, ләә шәрикә ләк". «Аллаһым! Міне, мен Сенің әміріңді орындауға әзірмін. Міне, мен Сенің әміріңді орындауға әзірмін.Сенің ешбір серігің жоқ. Міне, мен Сенің әміріңді орындауға әзірмін. Ақиқатында, мақтау да, нығмет те, билік те Саған тән. Сенің ешбір серігің жоқ»[280]. [280] Бухари «Фатхпен» бірге (3/408), (1549), Муслим (2/841), (1184).
116. Қара тасқа келгенде такбир айту.
«Пайғамбар ﷺ Қағбаны түйеге мініп тауаф етті. (Қара тас тұрған) бұрышқа келген сайын, қолындағы затымен оған ишарат жасап: “Аллаһу әкбар!” – дейтін» [281]. [281] Бухари ("Фәтх", 3/476), (1613), мұндағы «зат» – иінді таяқ. Қ.: Бухари ("Фәтх", 3/472).
117. Йемен бұрышы мен Қара тас арасындағы дұға
«Раббым! Бізге дүниеде жақсылық бер. Ақыретте де жақсылық бер және бізді Тозақ отының азабынан сақта!» [282]. [282] Әбу Дәуд (2/179), (1894), Ахмад (3/411), (15398) және Бағауи ,«Шәрх әс-Сунна» (7/128). Албани «Сахих әбу Дәуд» (1/354) кітабында бұл хадистің "хасан" екенін растады. «Бақара» сүресі, [201].
118. Сафа мен Мәруада тұрғанда оқылатын дұға.
Пайғамбар ﷺ Сафа төбесіне жақындағанда, мына аятты оқыды: «(Ақиқатында, Сафа мен Мәруа Алланың белгілерінен...") Алланың бастағанымен бастаймын»
Ол Сафа төбесінен бастап, Қағбаны көргенше жоғары көтерілді. Құбылаға қарап, Алланы бірледі және тәкбір айтып былай деді: "Ләә иләһә иллә-Ллаһу уахдәһу ләә шәрикә ләһ. Ләһул-мүлку уә ләһул-хамд уә һуа ‘алә кулли шай-ин қадир. Ләә иләһә иллә-Ллаһу уахдәһ. Әнжаза уә‘дәһ, уә насара ‘абдәһ, уә һәзәмәл-ахзааба уахдәһ". («Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ. Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік те, мадақ та бүтіндей Оған тән. Ол әр нәрсеге Құдіретті. Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ, Ол Жалғыз. Уәдесін орындады, құлына жеңіс берді және дұшпан топтарды жалғыз Өзі жеңді»). Сосын осының арасында дұға етті. Осыны үш рет айтты".
Хадис. Онда: Мәруада да Сафа төбесінде істеген амалдарын қайталады [283]. [283] Муслим (2/888) (1218), Бақара сүресі, 158.
119. Арафа күнгі дұға
Пайғамбар ﷺ былай деді: «Дұғаның ең жақсысы – Арафа күнінің дұғасы. Ал, менің және менен бұрынғы пайғамбарлардың айтқан ең жақсы сөзі: «Лә иләһә илләллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуа ‘алә кулли шәи’ин қадир», (яғни: «Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ, Ол – Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік пен мадақ Оған тән. Ол – барлық нәрсеге Құдіретті») [284]. [284] Тирмизи (3585). Албани оны «Сахих әт-Тирмизиде» (3/184) және «Силсилә әл-ахадис әс-сахихада» (4/6) "хасан" деген.
120. Әл-Машғар әл-харамда Алланы еске алу
«Пайғамбар ﷺ Қасуаға мініп, әл-Машғар әл-Харамға келді. Онда жүзін құбылаға бұрып, (Аллаға дұға етті, тәкбір, тахлил айтып, Оның жалғыздығын дәріптеді). Сөйтіп айнала әбден жарық болғанша тұрып, күн шықпастан бұрын жүріп кетті»[285]. [285] Муслим (2/891), (№ 1218).
121. Жамаратқа тас лақтыру кезінде әрбір таспен бірге тәкбір айту.
«Үш жамаратқа әр тас лақтырған сайын тәкбір айтады. Содан кейін бірінші және екінші жамараттан кейін алға шығып, Құбылаға қарап, қолын жайып тұрып дұға етеді. Ал, Ақаба жамаратына келгенде, оған тас лақтырып, әр тасты лақтырғанда тәкбір айтады да, оның қасында тоқтамай кетіп қалады»[286]. [286] Бухари «Фатхпен» бірге (3/583), (1751), оның мәтінін сол жерден қараңыз. Және Бухари «Фатхпен» бірге (3/583), (3/584) және (3/581), (1753). Сондай-ақ оны Муслим де (1218) риуаят еткен.
122. Таңғалғанда және қуанышты іс болғанда айтылатын дұға.
"Субханаллаһ!" «Алла пәк!» [287]. [287] Бухари «Фатхпен» бірге (1/210), (390), (414), (115), (3599), (6218), Муслим (4/1857), (1674).
"Аллаһу әкбар" («Алла Ұлық!») [288]. [288] Бухари «Фәтхпен» бірге (8/441), (4741) және (3062), Тирмизи (2180), Нәсаи «әл-Кубрада» (11185). Қ.: «Сахих әт-Тирмизи» (2/103) және (2/235) және «Муснад Ахмад» (5/218), (21900).
123. Өзіне қуантатын хабар жеткен адам не істейді
«Пайғамбар ﷺ өзін қуантатын немесе қуанышқа бөлейтін бір іс (хабар) жеткенде, Алла Тәбәракә уә Тағалаға шүкіршілік етіп, сәждеге жығылатын» [289]. [289] Нәсаиден басқа "Сунан" иелері риуаят еткен. Әбу Дауд (2774), Тирмизи (1578) және Ибн Мәжаһ (1394). Қ.: "Сахих ибн Мәжаһ" (1/233) және "Ируа әл-ғалил" (2/226).
124. Денесінде ауру сезінген адам не істейді және не айтады
«Қолыңды денеңнің ауырып жатқан жеріне қолыңды қойып: “Бисмилләһ" (Алланың атымен), - деп үш рет айт. Сосын жеті рет: "Әъузу би-Ллаһи уа қудратиһи мин шарри ма аджиду уа ухазиру" (Мен сезініп және қауіптеніп жатқанымнан Аллаға және Оның құдіретіне сиынамын!”»,—де. [290].
[290] Муслим (4/1728), (2202).
125. Бір нәрсеге көз тигізуден қорыққан адамның дұғасы
«Егер сендердің бірің бауырынан, өзінен немесе малынан өзін сүйсіндіретін нәрсе көрсе, [оған береке тілесін], өйткені көз тию – хақ» [291]. [291] Имам Ахмад «Муснад» (4/447, 15700), Ибн Мәжаһ (3508), Имам Мәлік (3/118-119) риуаят еткен. Албани «Сахих әл-Жамиғ» кітабында (1/212) оны "сенімді" деп бағалаған, сондай-ақ, қ.: әл-Арнаут, «Зад әл-Мағад» редакциясы (4/170).
126. Қорыққанда айтылатын сөз
"Ләә иләһә иллә-Ллаһ!". «Алладан басқа (құлшылыққа лайық) құдай жоқ!»[292]. [292] Бухари «Фатхпен» бірге (6/381) (3346), Муслим (4/2208) (2880).
127. Мал бауыздағанда немесе түйе сойғанда не айтылады?
"Бисмиллаһ, уә-Ллаһу әкбар [Аллаһуммә минкә уә ләкә], Аллаһуммә тәқаббәл минни". «Алланың атымен, Алла ұлы! [Я, Алла! Бұл Сенен және Саған (арналады)]. Я, Алла! Менен қабыл ете гөр» [293]. [293] Муслим (3/1557), (1967) және Байһақи (9/287). Тік жақшаның ішіндегісі Байһақи (9/287) және басқалардікі. Соңғы сөйлемді Муслим риуаятынан мағынасы бойынша келтірдім.
128. Аса бүлікші шайтандардың айла-қулықтарын қайтару үшін айтылатын дұға
"Ә’узу бикәлимәти-Ллаһит-тәммәтил-ләти ләә йужәуизуһуннә бәррун уә лә фәәжирун: мин шәрри мәә халәқа, уә бәрә’ә уә зәрә’ә, уә мин шәрри мә йәнзилу минәс-сәәмәи, уә мин шәрри мәә йә’ружу фиһә, уә мин шәрри мә зәрә’ә фил-арди, уә мин шәрри мә йәхружу минһә, уә мин шәрри фитәнил-ләйли уән-нәһәри, уә мин шәрри кулли тоориқин иллә тоориқан йәтруқу бихайрин, йә Рохмән". «Ешбір ізгі де, пасық та асып өте алмайтын Алланың кемел сөздерімен: Оның жаратқан, жоқтан бар еткен және көбейтіп таратқан нәрселерінің жамандығынан, аспаннан түсетін нәрселердің жамандығынан және оған көтерілетін нәрселердің жамандығынан, жерде таратқан нәрселерінің жамандығынан және одан шығатын нәрселердің жамандығынан, түн мен күндіз бүліктерінің жамандығынан, сондай-ақ тек жақсылықпен келетіннен басқа, әрбір түнде келушінің жамандығынан Өзіне сиынамын. Я, Рахман!» [294]. [294] Ахмад (3/419), (15461) "сахих" иснадпен және Ибн әс-Сунни (637); Арнаут «ат-Тахауияның» хадистерінің дереккөздерін көрсетуінде (133-б.) оның иснадын "сахих" деп бағалады. Қ.: «Мәжмаъ әз-Зәуәид» (10/127).
129. Алладан кешірім сұрау және тәубе ету
Алла елшісі ﷺ былай деді: «Алланың атымен ант етемін, мен Алладан күніне жетпістен астам рет кешірім сұраймын және Оған тәубе етемін»[295]. [295] Бухари ("Фәтх" 11/101), хадис (№ 6307).
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Уа, адамдар! Аллаға тәубе етіңдер! Шын мәнінде, мен Оған күніне жүз рет тәубе етемін»[296]. [296] Муслим (4/2076), (2702).
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Кімде-кім: “Ұлы Алладан кешірім сұраймын. Одан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ. Ол – Тірі (әл-Хайй), Мәңгі Тұрушы (әл-Қайюм), әрі мен Оған тәубе етемін” – десе, Алла оны, тіпті ол соғыс алаңынан қашқан болса да, кешіреді» [297].
[297] Әбу Дауд (2/85), (1517), Тирмизи (5/569), (3577) және Хаким оны "сахих" деп келтірген. Онымен Зәһәби келіскен (1/511). Албани "сахих" деген. Қ.: «Сахих әт-Тирмизи» (3/182) және «Жәмиғ әл-усул ли ахадис әр-Расул" ﷺ Арнауттың тексеруімен.
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Раббының пендесіне ең жақын болатын кезі – түннің соңғы бөлігі. Егер сол уақытта Алланы зікір етушілерден бола алсаң, солардан бол!» [298] [298] Тирмизи (3579), Нәсәи (1/279) (№ 572) және Хаким (1/309). Қ.: "Сахих әт-Тирмизи" (3/183) және "Жәмиғ әл-Усул" (4/144) Арнаут редакциясымен.
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Пенденің Раббысына ең жақын болатын кезі – оның сәждеде тұрған кезі. Сол үшін дұғаны көбейтіңдер» [299]. [299] Муслим (1/350), (482).
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Расында, менің жүрегімнің бүркеленген кездері болады және ақиқатында, мен Алладан күніне жүз рет кешірім сұраймын» [300]. [300] Муслим (4/2075) (2702) нөмірімен келтірді. Ибн әл-Асир айтты: «"Жүрегім оранады", яғни жабылады әрі тұмшаланады. Бұл жердегі мақсат – қапы қалушылық. Өйткені ол ﷺ үнемі зікірде, Аллаға жақындауда және ұдайы Оның бақылап тұрғанын сезу үстінде болатын. Егер кей уақыттарда осылардың бірінен қапы қалса немесе ұмытып кетсе, оны өзіне күнә санап, дереу истиғфарға жүгінетін». Қ.: «Жамиғ әл-усул» (4/386).
130. Тасбих (Алланы "Субханаллаһ" деп дәріптеудің), хамд ("Әлхамдулилләһ" деп мадақтаудың), тәһлил ("Ләә иләһә иллаллаһ" жеп бірлеудің) және тәкбірдің ("Аллаһу әкбар" деп ұлықтаудың) артықшылығы.
Алланың елшісі ﷺ былай деді: «Кімде-кім күніне: "СубханаЛлаһи уә бихамдиһи" (Алла кемшілік атаулыдан пәк әрі Оған мадақ) деп жүз рет айтса, онда оның күнәләрі, теңіздегі көбіктей (көп) болса да, кешіріледі»[301].
[301] Бухари (7/168, 6405), Муслим (4/2071, 2691). Қ.: осы кітаптағы «Таңертең және кешке оны жүз рет айтқан адамның артықшылығы» (65-б).
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Кімде-кім он рет: "Ләә иләһә иллә-Ллаһу уахдәһу ләә шәрикә ләһ, ләһул-мүлку уә ләһул-хамд, уә һуа ‘алә кулли шай-ин қадир". ”Серігі болмаған бір Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ, Билік Оның қолында, Оған мадақ! Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді”, - деп айтса, Исмаил ұрпағынан төрт құлды азат еткендей болады»[302].
[302] Бухари (7/67) (6404), Муслим осы мәтінмен (4/2071) (2693). Қ.: Оны күніне жүз рет айтқан адамның артықшылығы. Осы кітаптағы (93) дұға (66-б).
Сондай-ақ, Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Аса Мейірімді (Алланың) жақсы көретін екі сөзі бар, олар тілге жеңіл, Таразыда ауыр болады: "Субхана-Ллаһи уә бихамдиһи, субхана-Ллаһиль-Азим!" (“Алла (кемшілік атаулыдан) Пәк әрі Оған мадақ. Ұлы Алла Пәк!”)»[303]. [303] Бухари (7/168) (6404), Муслим (4/2072) (2694).
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Расында, "Субхана-Ллаһи" (Алла пәк), "әл-Хамду ли-Ллаһи" (Аллаға мадақ), "Лә иләһә ил-Ллаллаһу" (Аллалан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ) және "Аллаһу Әкбар" (Аллаһ Ұлы) сөздерін айту, мен үшіг үстінен күн көтерілген нәрсенің бәрінен де сүйкімді»[304].
[304] Муслим (4/2072), (2695).
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Сендерден қайсысың күніне мың жақсылық жасай алады?» Сол жерде отырғандардың бірі: «Бізден біреу күніне мың игі амалды қалайша жасай алады?», - деп сұрады. Ол айтты: «Егерде (күніне) жүз рет тасбих айтса, оған мың сауап жазылады немесе одан мың күнә өшіріледі»[305]. [305] Муслим (4/2073) (2698).
«Кімде-кім: "Субханаллаһил-‘азыйм уә бихамдиһи" (Ұлы Аллаһ Пәк және Оған Мақтау болсын!)», - деп айтса, оған Жәннәтта құрма ағашы отырғызылады» [306].
[306] Бұл хадисті: Тирмизи (5/511) (3464) Хаким (1/501) риуаят еткен. Хаким оны "сахих" деп, онымен Зәһәби де келіскен. Қ.: "Сахих әл-Жамиғ" (5/531), "Сахих әт-Тирмизи" (3/160).
Сондай-ақ, Пайғамбармыз ﷺ: «О, Абдуллаһ ибн Қайс! Саған Жәннат қазыналарының бір нұсқайын ба?»—деді. Мен: “Әрине, уа, Алланың Елшісі!” – дедім. Сонда ол былай деді: «Айт: "Ләә хаула уә ләә қууәтә иллә бил-Ллаһ" («Алланың (көмегінсіз) ешқандай күш те, өзгеріс те жоқ)» [307]. [307] Бухари «Фатхпен» бірге (11/213) (4206), Муслим (4/ 2076) (2704).
Сондай-ақ Пайғамбармыз ﷺ былай деді: «Алланың ең жақсы көретін сөздері төртеу: Субханаллаһ (Аллаһ Пәк), уәл-Хамдулиллаһ (Аллаға мадақ), уә лә иләһа иллаллаһ, (Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ) уә Аллаһу әкбар, (Алла Ұлы). Осы сөздердің қайсысынан бастасаң да, саған зияны жоқ» [308].
[308] Муслим (3/1685), (2137).
Бірде Алланың елшісіне ﷺ бір бәдәуи келіп: “Маған мен (үнемі) айтып жүретін сөздерді үйретші”, - деп сұрады. Сонда (Пайғамбар ﷺ) оған: «Былай де: "Ләә иләһә иллә-Ллаһу уахдәһу ләә шәрикә ләһ, Аллаһу әкбару кәбииран, уәл-хамду лил-Ллаһи кәсаиран, субхаанал-Ллаһи раббил-‘аләмин. Ләә хаула уә ләә қууәтә иллә бил-Ллаһил-‘азиизил-хаким". Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ, Ол – Жалғыз, Оның серігі жоқ. Алла Ұлы, Аллаға көп мақтаулар болсын. Бүкіл Әлемнің Раббысы Алла пәк. Құдіретті, Дана Алланың (қалауынсыз) ешқандай күш те, қуат та жоқ».
Бәдәуи: “Бұл – Раббым үшін. Ал, өзім үшін не?”, - деді. (Сонда Пайғамбар ﷺ): "Аллаһуммәғ-фир лии, уәрхамни, уәһдини, уәрзуқни". «Я, Алла! Мені кешір, маған рақым ет, мені тура жолға баста және мені ризықтандыр» , - деп айт» [309]. [309] Муслим (4/ 2072) (2696). Әбу Дәуд (1/ 220) (832) риуаятында: "Бәдәуи бұрылып кете бергенде, Пайғамбар ﷺ: «Расында, ол қолын жақсылыққа толтырды», – деді" деген сөздер қосылған.
Бір кісі Ислам (дінін) қабылдаса, Пайғамбар ﷺ оған дұрыстап намаз оқуды үйрететін. Одан кейін Аллаға былай деп дұға айтуды бұйыратын: "Аллаһуммағ-фир ли, уар-хам-ни, уаһ-ди-ни, уа-'афи-ни, уар-зуқ-ни". «Уа, Алла! Мені кешіре гөр, мені рақым ете гөр, мені тура жолға бастай гөр, мені сауықтыр және маған ризық-несібе бере гөр!» [310]. [310] Муслим (4/ 2073), (3697). Сондай-ақ, оның тағы бір риуаятында: «Расында, бұлар сенің дүниең мен ақыретіңді қамтиды»,—деп келген.
«Расында, дұғаның ең жақсысы – "Әлхамдулиллаһ" («барлық мақтаулар Аллаға тән»), ал зікірдің ең жақсысы – "Лә иләһә илләллаһ" «Алладан басқа (құлшылыққа лайық) құдай жоқ» [311].
[311] Тирмизи (5/462) (3383), Ибн Мәжаһ (2/1249) (3800), және "сахих" деп, Хаким (1/503). Онымен Зәһәби келіскен. Қ.: "Сахих әл-Жамиғ" (1/362).
"Әл-бәқиятус-салихат: субханә-Ллаһи, уәл-хамду ли-Лләһи, уә лә иләһа иллә-Ллаһу, уә-Ллаһу әкбар, уә лә хаулә уә лә қууатә иллә би-Лләһ". «Мәңгі қалатын ізгі амалдар: Алла пәк, барлық мақтау Аллаға тән, Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ және Алла Ұлы, әрі Алланың көмегінсіз ешқандай күш те, өзгеріс (қуат) те жоқ» [312]. [312] Имам Ахмад (513) Ахмад Шаакирдің реттеуі бойынша. Қ.: «Мажмағ әз-Зәуәид» (1/297). Ибн Хажар «Булуғ әл-Мәрам» кітабында оны Әбу Саидтің риуаятынан Нәсаиге [«Кубра» кітабында] (10617) сілтеп: «Ибн Хиббан (840) және Хаким (1/541) оны "сенімді" деп бағалаған», – деді.
131. Пайғамбар ﷺ қалай тәсбих айтатын?
Абдуллаһ ибн Амр (Алла ол екеуіне разы болсын): «Мен Пайғамбардың ﷺ тәсбі санағанын көрдім»,—деген. Тағы бір риуаятта: «оң қолымен» ,—деген [313]. [313] Бұл хадисті осы мәтінмен: Әбу Дәуд (2/81) (1502) және Тирмизи (5/521) (3486) риуаят еткен. Қ.: «Сахих әл-Жамиғ» (4/271) (4865). Албани «Сахих Сунән әбу Дәуд» (1/411) кітабында бұл хадистің "сахих" екенін растады.
132. Ізгілік түрлері мен жалпы әдептерге қатысты (мәселелер).
Пайғамбар ﷺ былай деді: «Күн бата бастап немесе түн басталғанда балаларыңды сыртқа шығармаңдар. Өйткені ол уақытта жер бетінде шайтандар тарайды. Ал, түннен бір уақыт өткен соң, оларды жіберсеңдер болады. Есіктерді жауып, Алланың атын атаңдар! Өйткені шайтан жабық есікті аша алмайды. Торсықтарыңды байлаңдар да, Алланың атын атаңдар! Ыдыстарыңды жауып, Алланың атын атаңдар! Тіпті үстіне бір нәрсе ғана қойсаңдар да (бетін жабыңдар). Сондай-ақ, шамдарыңды өшіріңдер»[314]. [314] Бухари, «әл-Фатх» түсіндірмесімен (10/ 88) (5623) және Муслим (3/1595) (2012).
Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және сахабаларына Алланың салауаты, сәлемі және берекесі болсын! (Б.Ж.)
Related books
All books
Мұсылманға білмеуіне болмайтын нәрселер.78 тілМұсылманға білмеуіне болмайтын нәрселер.
«Мұсылманға білмеуіне болмайтын нәрселер» — өте құнды еңбек. Оның әрбір әріпі ғылым мен көркем баянның сиясымен жазылған. Бұл еңбекте мұсылман баласы білмей қалуына болмайтын нәрселер: ақида негіздері, Ислам шариғаттары және көркем мінез-құлық қағидалары жинақталған. Ол арқылы көкірек көзі ашылып, жүрек тыныштық табады. Ақыл-парасатты тәрбиелеп, амал-әрекетті түзетеді. Сондықтан, ол, шын мәнінде, құтылудың кілті әрі құлшылық пен таным жолында жүрген жанға бағыт-бағдар беретін сенімді жолбасшы болып табылады.
Мен - мұсылманмын.31 тілМен - мұсылманмын.
Бұл мақалада Ислам дінінің ұғымы, мұсылманның кім екендігі және шынайы мұсылман болудың жолдары түсіндірілген. Сонымен қатар, Исламның көркем тұстары, асқақ әдептері мен ахлақ-мінездері, әйелдің орны, туыстық, көрші және қоғам алдындағы міндеттері қамтылып, Исламның барлық ізгілікке үндейтіні және әрбір жамандықтан қайтаратыны баяндалған.
Кітап пен сүннеттің негіздері бойынша, қажылық, умра және зияратқа қатысты көптеген мәселелерді зерттеп, түсіндіру.54 тілКітап пен сүннеттің негіздері бойынша, қажылық, умра және зияратқа қатысты көптеген мәселелерді зерттеп, түсіндіру.
Кітап Құран мен Сүннетке сәйкес қажылық, умра және зиярат үкімдерін түсіндіреді. Сондай-ақ, кітапта қажылық пен умраның уәжіптері, ихрам кезінде тыйым салынған істер, Пайғамбар ﷺ мешітін зиярат ету әдебі баяндалып, осы ғибадаттардағы бидғаттар ескертіледі.
Үш негіз және оның дәлелдері73 тілҮш негіз және оның дәлелдері
Бұл кітапта мұсылманның үйренуі тиіс болған негізгі қағидалар: Алланы тану, Ислам дінін және Мұхаммед Пайғамбарды ﷺ тану мәселелері баяндалған. Онда Құран мен хадис дәлелдеріне сүйене отырып, осы қағидалардың иман мен ізгі амалды қалыптастырудағы маңыздылығы атап көрсетілген.