Пайғамбар ﷺ мешітін зиярат етудің әдептері мен үкімдері туралы.
Әл-Бұхари (1189) және Муслим (827) риуаят еткен, мәтіні Муслимдікі.
Әл-Бұхари (1190) және Муслим (1394) риуаят еткен.
Әл-Бұхари (1195) және Муслим (1390) риуаят еткен.
Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа. Пайғамбарыз Мұхаммедке (ﷺ), оның отбасы мен сахабаларына Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын.
Ал енді:
Бұл қысқаша жолдауымыз Пайғамбар ﷺ мешітін зиярат ету және оның үкімдері жөнінде. Онда Пайғамбар ﷺ мешітін зиярат етушіге қажеті болған нәрселерді баян етуге тырыстық.
Аллаһ тағаладан , бұл еңбекті тек Өзінің Ұлы Дидары үшін жасалған амалдар қатарына қосуын және оны барлық мұсылмандарға пайдалы болуын сұраймыз.
Ислами тақырыптарды тілдер арқыл жеткізу қызметі қауымдастығының ғылыми комитеті.
Ықшамдалған нұсқа
Пайғамбар ﷺ мешітіне зиярат ету мустахаб (ұнамды) амалдарқатарында. Оның уақыты шектелмеген (кез келген уақытта бара аласыз) және бұл зиярат қажылық рәсімдеріне кірмейді. Сондықтан қажылыққа барған ер-әйелдер Пайғамбар ﷺ қабірін де, Бақиғ қорымын да зиярат етуге міндетті емес.
Пайғмабар ﷺ қабірін зиярат етуге арнайы сапар шегуге болмайды. Өйткені (діни тұрғыдан) құлшылық жасау ниетімен, қабірлерді зиярат етуге рұқсат етілмейді. Құлшылық жасау ниетімен тек үш мешітке баруға болады. Пайғамбар ﷺ айтты:«Үш мешіттен басқа жерге (арнайы сапарға) шықпандар олар: Менің мына мешітім, әл-Харам мешіті және әл-Ақса мешіті» - деген.
Медине қаласынан алыс тұратын кісіге Пайғамбар ﷺ қабіріне бару мақсатында арнайы сапарға шығуға болмайды. Дегенмен, оған Құрметті Пайғамбар мешітін зиярат ниетімен сапар шегу рұқсат етілген. Ал мешітке жеткен соң, Пайғамбар ﷺ қабіріне және оның сахабаларының қабірлеріне бара алады. Осылай, Пайғамбар ﷺ қабірін зиярат ету - оның
ﷺ мешітін зиярат ету амалына кіреді.
Әйелдерге Пайғамбардың ﷺ қабірі немесе басқа қабірлерге бару шариғатта рұқсат етілмейді. Себебі Пайғамбар ﷺ қабірлерге жиі баратын әйелдерге лағнет (болатынын) айтқан. Бұған себеп - олардан жоқтау, әшекейлену сияқты шариғатқа қайшы әрекеттердің орын алуы. Дегенмен, әйелдерге мешітте немесе басқа жерлерде Пайғамбарға ﷺ салауаттар айту мустахаб болады. Бұл салауаттарды оның ﷺ қай жерде болса да еститіні туралы Пайғамбарымыз ﷺ:«Үйлеріңді қабірлерге айналдырмаңдар, ал қабірімді мейрамға айналдырмаңдар. Маған салауат айтыңдар! Өйткені сенде қайда болсаңдар да, салауаттарың маған жетіп тұрады» - деген.Сондай-ақ, Пайғамбар ﷺ былай деді:"Расында Аллаһтың жер жүзін кезетін періштелері бар. Олар үмбетімнің маған жолдаған сәлемдерін жеткізеді."
Сондай-ақ, басқа да мешіттерге кіргендей, Пайғамбар ﷺ мешітіне кірген кезде оң аяқпен кіріп : «Аллаһым! Маған рахметіңнің есіктерін аш» деп дұға оқу сүннет амалынан болады.
Пайғамбардың ﷺ мешітіне кіру үшін арнайы белгіленген зікір (дұға) жоқ.
Содан кейін мешітке кірген соң екі ракғат (мешітке сәлем) намазын оқиды.
Егер уақыт намаз оқуға тыйым салынған уақыт болмаса, екі-екі ракғаттан қалағанынша нәпіл (ерікті) намаз оқи алады. Пайғамбар ﷺ:"Менің осы мешітімде (оқылған) бір намаз әл-Харам мешітінен басқа мешіттерде оқылған мың намаздан артық" – деді.
Зиярат етушіге, мүмкін болса, Раудада (Пайғамбардың ﷺ мінбері мен қабірі арасындағы жасыл кілем төселген арнайы жер) намаз оқуға тырысу керек. Себебі Пайғамбар ﷺ:«Менің үйім мен мінберім арасындағы орын - жәннат бақшаларының бір бақшасы» - деген.
Егер Раудада намаз оқуына мүмкіндік болмаса, мешіттің кез келген жерінде намаз оқи алады (бұл жеке намазға қатысты). Ал жамағат намаздарын, жалпы дәлелдерде келгендей, имамға жақын, бірінші қатарда оқуға тырысу керек.
Егер Пайғамбар ﷺ қабіріне және Оның екі досының (Әбу Бәкір мен Омардың) қабірлеріне баруды қаласа:
Пайғамбар ﷺ қабірі алдына әдеппен, құрметпен және дауысын төмендетіп тұрып, Оған сәлем жолдайды: «О, Аллаһтың Елшісі! Саған Аллаһтың сәлемі, рахметі мен құт-берекеті болсын». Егер ол: "Сенің Аллаһтың елшісі екеніңе, елшілік міндетіңді атқарып, аманатты өтегеніңе, Аллаһ жолында шынайы күресіп, үмметіңе адал болғаныңа куәлік етемін. Аллаһ саған үмметің үшін барлық пайғамбарларға оның үмметінен берген сыйлықтың ең жақсысымен сыйласын" - деп айтса, бұл да жақсы.
Содан кейін оңға қарай аздап жылжиды да, Әбу Бәкір әс-Сыддыққа (Аллаһ ол кісіге разы болсын) сәлем жолдайды.
Содан кейін тағы да аздап оңға жылжиды да, Омар ибн әл-Хаттабқа (Аллаһ ол кісіге разы болсын) сәлем жолдайды. Ибн Омар (Аллаһ ол кісіге разы болсын) Пайғамбарға ﷺ және Оның екі досына сәлем айтқанда, көбінесе: «Сәлем саған, уа Аллаһтың Елшісі! Сәлем саған, о, Әбу Бәкір! Сәлем саған, о әкем!» деп қана айтып, орнынан кететін.
Пайғамбардың ﷺ және Оның екі досының қабірі алдында ұзақ тұруға немесе ұзақ дұға оқу дұрыс емес. Имам Малик мұны ұнатпай: "Бұл - алғашқы ғасыр мұсылмандары (сәләфтар) мұны істемген бидғат (дінде жоқ жаңа амал). Сондықтан, бұл үмметтің алғашқылары немесе түзелсе, кейінгілері де тек сонымен (алғашқылардың жолын ұстаумен) түзеледі»,— деген."
Сондай-ақ, кейбір зияратшылар мен басқаларының Пайғамбардың ﷺ қабіріне қарап, қолдарын көтеріп, дұға етуі – бұл Пайғамбардың ﷺ сахабалары мен олардың ізбасарларынан болғанн алғашқы буын өкілдерінің (сәләфтардың) жолына қайшы. Тіпті бұл жаңадан шығарылған бидғаттардың (дінде жоқ жат амалдардың) бірі болып табылады.
Осылайша, кейбір зиярат етушілердің Пайғамбарға ﷺ сәлем айтқан кезде оң қолды сол қолдың үстіне немесе астына қойып, намазда тұрғандай тұруы – (шариғатта) рұқсат етілмейді. Себебі бұл - құлшылық пен құлдық белгісі, ол тек Аллаһ үшін ғана жасалу керек. Хафиз Ибн Хажар (ол кісіге Алланың рақымы болсын) «Фатх әл-Бари» еңбегінде ғалымдардың осыған қатысты пікірін айтқан.
Ешкімге Аллаһқа жақындау үшін Пайғамбар ﷺ қабірінің дуалдарын сүртуге, оны айналып жүруге, немесе одан өз қажетін өтінуге, науқасын сауықтыруын сұрауға және сол секілді мұқтаждықтарын орындалуын талап етуіне рұқсат етілмейді. Себебі мұның бәрі Жалғыз Аллаһтан ғана сұралады.
Мединені зират етушіге Қуба мешітіне барып, онда екі ракғат намаз оқу - мустахаб амалдарынан болады. Себебі Пайғамбар ﷺ оған көлікпен немесе жаяу барып, екі ракғат намаз оқитын еді. Сәһл ибн Хунейфтен (Аллаһ ол кісіге разы болсын) риуаят еткен:«Пайғамбардың ﷺ: «Кімде-кім үйінде тазарса (дәрет алса), одан соң Құба мешітіне барып, онда намаз оқыса, умраның сауабын алады» - дегені риуаят етіледі.
Ерлерге Медине қорымы (Бәқиғ), шаһидтердің қабірлерін және Хамзаның (Аллаһ ол кісіге разы болсын) қабірін зиярат ету сүннет амалдарынан болады. Себебі Пайғамбар ﷺ оларға барып, олар үшін дұға еткен және ол ﷺ:«Мен сендерге қабірлерге баруды тыйған едім, бірақ енді оларға барыңдар. Өйткені олар ахиретті еске салады» - деген.
Егерде (Бәқиғ) қабірін зиярат етсе, басқа қабірлерде оқылатын дұғаны айтады: «Әссәләму алейкум уа, бұл мазарда жатқан мүміндер мен мұсылмандар! Алла қаласа біз де (бір күні) сіздерге қосыламыз (бізден бұрын өткендерді де, бізден кейін өткендерді де Алла рақым етсін). Алладан өзімізге де, сіздерге де азаптан құтқаруын сұраймыз» - деп айту.
Қабірлерге барудың мақсаты: ахиретті еске алу, өліктерге олар үшін дұға ету арқылы жақсылық жасау және Пайғамбардың ﷺ сүннетін ұстану. Міне, осы – шариғатқа сәйкес зиярат болып саналады.
Ал қабірлерге олардың жанында дұға ету, олардың беделін ортаға ұойыыып, Аллаһтан тілек тілеу сияқты мақсатпен бару, бұл - дінде жоқ, қате амал. Оны Аллаһ та, Оның Елшісі ﷺ де, алғашқы ғасырдың ізгі адамдары да істемген. Егер біреу қабірде жатқандардан қажетін өтеуді, науқастарға шипа беруін сұраса, бұл – үлкен ширік (Аллаһқа серік қосудың үлкен түрі) болып табылады.
Құрметті оқырман, осы тақырыпқа қатысты жалған хадистерді; оны біліп алып, оларға алданбауыңыз үшін Сізге біршнешеуін ұсынамын:
Біріншісі : «Кім қажылық жасап, мені зиярат етпесе, маған қатыгездік танытқан болады».
Екіншісі: «Кімде-кім мені қайтыс болғанымнан кейін зиярат етсе, мені тірі кезімде зиярат еткендей болады».
Үшіншісі: «Кім бір жыл ішінде мені және әкем Ибраһимды зиярат етсе, мен оған Аллаһ алдында жаннатты кепілдік етемін».
Төртінші жалған хадис: «Кім менің қабірімді зиярат етсе, соған менің шапағатым міндетті (уәжіп) болады».
Бұл және оларға ұқсас хадистердің ешқайсысы Пайғамбардан ﷺ дәлелді түрде расталмаған. Хафиз әл-Үқайли: «Бұл тақырып бойынша бірде-бір сенімді хадис жоқ» - деген. Ал, Хафиз Ибн Хажар болса «Әт-Тәлхыс» еңбегінде осы риуаяттардың көбін атап өткеннен кейін: «Бұл хадистің барлық жолдары (тізбектері) әлсіз» - деп түсіндірген.Қажылық және умраның сүннеттеріне немесе олардың толықтырылуына Пайғамбар мешітіне зиярат ету кірмейді. Себебі Пайғамбар мешітіне бару жалпы мустахаб амалдарынан. Сондықтан қажылық немесе умра жасаған адам оған бармаса, күнәлі болмайды. Қажылық-умра және Пайғамбар мешітіне бару арасында байланыс жоқ. Бұлар бөлек ғибадаттар болып табылады. Қажылық немесе умра жасаушы Пайғамбар мешітіне баруға міндет емес. Сонымен қатар, Пайғамбар мешітіне барған адамға да қажылық пен умра жасау міндет емес. Ал, егер біреу бір сапарда қажылық, умра және Пайғамбар мешітіне баруды біріктірсе оқасы жоқ.
Пайғамбардың ﷺ мешітін зиярат ету кезіндегі қателіктер.
Пайғамбардың ﷺ қабіріне бару кезінде береке дарыту мақсатымен қабырғаларды, темір шыбықтарды қолмен сипау, терезелерге жіптер байлау сияқты әрекеттерді жасау.
Береке алу дінде жоқ (бидғат) жолдармен емес, тек Аллаһ және Оның Елшісі ﷺ көрсеткен шариғи жолмен болады.
Медине қаласындағы Ухуд немесе Меккедегі Хира, Саур тауларындағы үңгірлерге барып ырымдап шүберектер байлау, Аллаһ рұқсат етпеген дұғалар оқу, тағы сол секілді дінде міндеттелмеген амалдар үшін қиындықтарды бастан кешу діни тұрғыдан айыпталады.
Бұл нәрселер - "бидғат", яғни қасиетті шариғатта негізі жоқ (кірме) амалдар.
Пайғамбар ﷺ-ға байланысты деп айтылатын кейбір тарихи орындарды, мысалы: (сақинасы жоғалған немесе Осман құдығын) зияраттау және сол жердің топырағын береке үшін алу да шариғатта негізі жоқ амалдар.
Бақиғ, Ухуд қорымдарын зиярат еткенде қабір иелерінен медет сұрап, олардан береке тілеп Аллаға жақындау мақсатында ақша тастау.
Кітап пен сүннеттің негіздері бойынша, қажылық, умра және зияратқа қатысты көптеген мәселелерді зерттеп, түсіндіру.
54 тіл
Кітап пен сүннеттің негіздері бойынша, қажылық, умра және зияратқа қатысты көптеген мәселелерді зерттеп, түсіндіру.
Кітап Құран мен Сүннетке сәйкес қажылық, умра және зиярат үкімдерін түсіндіреді. Сондай-ақ, кітапта қажылық пен умраның уәжіптері, ихрам кезінде тыйым салынған істер, Пайғамбар ﷺ мешітін зиярат ету әдебі баяндалып, осы ғибадаттардағы бидғаттар ескертіледі.
Қажылық, умра және зиярат жасау кезіндегі қателіктер мен қарама - қайшылықтар
39 тіл
Қажылық, умра және зиярат жасау кезіндегі қателіктер мен қарама - қайшылықтар
Умраға байланысты қателіктер мен қарама – қайшылықтар Біріншіден: Адамдардың ихрам кезінде жіберетін қателіктері мен қарама-қайшылықтары Ихрамға кірерде ниет еткен құлшылық түрін (умра немесе қажылықты) дауыстап айтпау — ихрамға кіруді жария етпеу. Осыны дауыстап айту - сүннет.
Бұл еңбек Сауд Арабиясы Патшалығындағы Пәтуа бойынша Тұрақты комиссияның пәтуалар жинағынан іріктеліп алынған. Сұрақтар жағдайға байланысты барынша сай етіп ықшамдалған. Біріншіден: Жалпы пәтуалар Сұрақ: Әкем банктен қарызға алынған ақшамен умра жасай ала ма? Жауап: Қажылықты немесе умраны өзі үшін болсын, басқалар үшін болсын өтегісі келген адам, бұл ғибадаттарға таза (рұқсат етілген, адал) қаражат таңдауы тиіс. Себебі, Аллаһ Тағала – (Мұнтаздай) Таза, әрі Тек Таза нәрсені ғана қабыл етеді.
"Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаға тән, Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына Алланың сәлемі мен игілігі болсын." Сонан кейін: Бұл қысқаша жолдау - сапар әдептері және оған байланысты үкімдер туралы. Біз онда жолаушының көбінесе білуіне тиіс болған нәрселерді баяндауға тырыстық. Аллаһ тағаладан бұл еңбектің тек Оның Жомарт Дидары үшін болуын және барлық мұсылмандарға пайдалы етуін сұраймыз. Біріншіден: Сапар әдептері.